«Nur Otan» партиясы фракциясының мәжілісі

2021 жылғы 16 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облысы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі жол картасын талқылау бойынша «Nur Otan» партиясы депутаттық фракциясының мәжілісі өтті.

Жиында депутаттар Түркістан өңірінде «Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір!»  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасын талқылады. Облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев аталған жол картасында аймақтағы ең өзекті мәселелер мен жоспарлар қамтылғанын атап өтті.  Соған сәйкес, құжатқа 26 көрсеткіш пен 128 іс-шара енгізілген. Мәжіліске облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев,  фракция мүшелері, әкім орынбасарлары және жауапты басқарма басшылары  қатысты.

Сонымен қатар, жиында Түркістан облысының стратегия және экономикалық даму басқармасы басшысының міндетін атқарушы Күмісбек Жаппаровтың баяндамасы тыңдалды. Ол Жол картасындағы негізгі индикаторлар мен жоспарларды баяндап берді.

Партияның Түркістан облысына арналған 5 жылдық жол картасында елдің ұсыныс-тілектері ескерілген. «Nur Otan» партиясының 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасына сәйкес, облыста ауыл шаруашылығы, туризм, инвестиция тарту, аймақтарды өркендету, денсаулық сақтау, білім, инфрақұрылым, құрылыс салаларын дамыту, жаңа жұмыс орындарын ашу бағыттарына басымдық берілген. Сонымен бірге Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығына айналдыру міндеті де көрініс тапқан.

Мәжіліске қатысқан фракция мүшелері партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған жол картасын бір ауыздан қолдады. Түркістан облысы бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр  азаматқа лайықты  өмір!»  2025  жылға  дейінгі  сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі жол картасы партияның облыстық Саяси кеңес бюросына бекітуге ұсынылды.