Жаңалықтар

Жаңалықтар

Сіздерді Қазақстан Республикасы Әділет органдарының 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!

Бүгінгі таңда еліміздегі мәні мен маңызы жағынан барлық құқықтық жүйенің бастауында тұрған ең негізгі құрылымдардың бірі – ол әділет органдары.
Сіздер мемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға қатысу, заңнаманы талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілерге құқықтық сараптама жасау арқылы мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңдарды қалыптастыруға қатысу, еліміздегі заңдылық қағидаттарын орнықтыру жолында аянбай жұмыс істеп келесіздер.
Заңдылық пен әділдікті, халыққа адал қызмет етуді ту етіп, азаматтардың Конституциялық құқықтарының бұзылмауы және олардың құқықтық қорғанысын қамтамасыз ету үшін еңбек етіп жүрген Сіздердің жауапкершілігі орасан зор қызметтеріңізді біз қашан да ерекше құрметтейміз және бағалаймыз.
Осындай мерекелі күні Сіздерге мықты денсаулық, барлық бастамаларыңызға сәттілік, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке, әділеттік жолындағы қызметтеріңізге мол табыстар тілеймін!

Құрметпен,
Түркістан облыстық
мәслихатының хатшысы Қ. Балабиев

Жаңалықтар

«AMANAT»: ЖАҢА САЯСИ ТҰҒЫРНАМА ҚОҒАМ ТАЛАБЫНА САЙ

«AMANAT» партиясын трансформациялаудан соң, саяси ұйымның жаңа құжатын әзірлеу жұмыстары басталған болатын. Осыған орай, бүгін түркістандық партияластар Саяси тұғырнаманың жобасын талқылау, ұсыныстарды тыңдау және партияның кезектен тыс XXIV Съезіне қатысатын делегаттар сайлау мақсатында жиын өткізді. Басты ерекшелік – облыстағы қарапайым еңбек адамдарының көзқарастарына құлақ түрілді.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезектен тыс XLVI конференциясына Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, «AMANAT» партиясының аймақтық және аумақтық филиалдарының Атқарушы хатшылары, Саяси кеңестердің бюро мүшелері, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, БПҰ төрағалары, партия ардагерлері мен мүшелері, «Jastar Ruhy» ЖҚ белсенділері мен БАҚ өкілдері қатысты. Жиында модераторлық еткен әрі алғаш болып сөз алған партияның Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Бейсен Тәжібаев Саяси тұғырнаманың маңыздылығына тоқталды.

– «AMANAT» партиясы өзінің жаңа саяси тұғырнамасында саяси бағдары мен замануи бағытын айқындады. Партияның басты мақсаты – әрбір азаматының құқығы қорғалған, адал еңбегімен, білім-білігімен көздеген асыл мұратына қол жеткізе алатын демократиялық, әділетті әрі бақуатты мемлекет құру. Өздеріңіз білетіндей ел Президенті Қ.К.Тоқаев соңғы Жолдауында «Еңбек адамы – қоғамдағы ең сыйлы адам болуы керек деген болатын». Осыған сәйкес, партия тұғырнамасында әрбір азаматтың еңбек құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілмек. Оған қоса, қоғамдағы жалақының аздығы мәселесімен күресіп, жұмыссыздықтың нақты статистикасын жүргізіп, онымен толықтай күресудің жолдары үйлестірілген,-деді.

Партияның жаңа саяси тұғырнамасының мәнін айшықтау үшін бірнеше азамат мінберге шығып өз пікірлерін ортаға салды. Түркістан облыстық мәслихат депутаты Алмас Салимов саяси құжаттың жобасында ауылдың экономикасын көтеруге басымдық берілген деп санайды.

– «AMANAT» партиясы әрқашан әлеуметтік әділдік жағында. Жүзеге асырылып жатқан реформалар аясында «әлеуметтік ұстанымдағы мемлекет» құру бағыты таңдалды. Тұғырнамада «Ауыл – Алаштың алтын бесігі болса, ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының күретамырының бірі» деп бұл саланың маңыздылығына тоқталып отыр. Сол себепті ауылдың экономикасын көтеру, ауылшаруашылығын дамыту біз бен сіз секілді қарапайым партия мүшелерінің міндеті, – деді ол.

Жиын барысында жарыссөзге шыққан Жетісай ауданының іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Набаткүл Байтанаева әйелдердің «Жаңа Қазақстанды» құру жолындағы рөлі жайында пікірін білдірді. «Медина» ҚБ төрайымы Сәуле Дәулеталина өз қаржысы есебінен Түркістан қаласында білім нысандарын салып, ұстаздарды жұмыспен қамтыған белсенді партия мүшесі. Ол тұғырнаманың бірінші тармағы білім, халық саулығы мен еңбек етуге арналуы қоғам үшін ыңғайлы әлеуметтік орта қалыптастыруға септігін тигізеді деген сенімде.

Конференцияда «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIV Съезіне Түркістан облысынан қатысатын 65 делегат сайланып, бірауыздан қолдау тапты. Мәжілісте қаралған мәселелер мен айтылған ұсыныстар бойынша қаулы қабылданды.

Жиын соңында облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев бір топ партия белсенділерін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың және партия Төрағасы Е.Қошановтың Алғыс хатымен марапаттады. Фракция жетекшісі Б.Тәжібаев облыстық мәслихат депутаттарына жаңа үлгідегі партиялық билеттерді табыстады.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев Түркістанда

Бүгін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Жұмыс сапарын Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етумен бастаған мемлекет басшысы одан кейін облыс жұртшылығымен кездесті. «Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһардың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас діңгегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы, осы облысқа ерекше мән беруіміз керек. Бұл, ең алдымен, Үкіметіміздің басты міндеті», – деді Президент.

Мемлекет басшысы қазақ жылнамасына алтын әріппен жазылған көптеген тұлғаларымыздың осында жерленгеніне тоқталып, былтыр қалаға Түркі әлемінің рухани астанасы деген мәртебе берілгенін айтты. Президенттің пікірінше, бұл оқиға Түркістанды тұтас түркі жұрты ерекше қадірлейді дегенді білдіреді.

«Біз киелі шаһарды рухани және тарихи елордамыз десек, дұрыс пайым болатынына күмәнім жоқ. Сондықтан Үкімет таяу арада Түркістан қаласына осындай мәртебе беру мәселесіне қатысты лайықты шешім қабылдайды деп ойлаймын», – деді Қ.Тоқаев. Сонымен қатар ел Президенті Ұлттық құрылтайдың келесі отырысын Түркістанда өткізуді ұсынды.

Мемлекет басшысы облыс жұртшылығы алдында сөйлеген сөзінде кейінгі жылдары болған оң өзгерістерді атап өтті. Түркістанға тартылған инвестиция көлемі 8 есе артқан. 77 мың адамға арналған көп қабатты үйлер салынған. Сонымен қатар шаһар жасыл-желекке оранып, экологиялық ахуалы жақсарған. Тұрғындарды ауызсумен және табиғи газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілді деп айтуға болады. 2019 жылдан бері облысқа 2 миллионға жуық турист келген. Кейінгі үш жылда аймақтағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы саласы 1,5 есе өскен

Қ.Тоқаев кездесуде халықаралық ахуалға қатысты еліміздің ұстанымы туралы да айтты. «… Өздеріңіз білесіздер, әлемдегі жағдай әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы – біз үшін бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек. Халқымыздың ең басты күші – бірлік, парасаттылық және төзімділік…»,– деді Мемлекет басшысы. Сонымен қатар Президент көрші елден келіп жатқандар туралы көпшіліктің көкейінде жүрген мәселеге де арнайы тоқталды. « …Соңғы күндері көрші елден, яғни Ресейден көптеген адам келе бастады. Көпшілігі қазіргі ахуалға байланысты амалдың жоқтығынан келіп жатыр. Оларға қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігіне мән беруіміз қажет. Бұл – саяси және гуманитарлық мәселе… Сырттан келген адамдарға көмек көрсетіледі, бірақ жеңілдіктер берілмейді. Жұмыстың бәрі заң бойынша, келісімдер бойынша жүргізіледі. Біз Ресей тарапымен келіссөздер жүргізіп, бұл түйткілді еліміздің мүддесіне сай шешеміз… Барлық мәселені байыппен талқылап, ақылмен шешуіміз керек. Мұны мен киелі Түркістан төрінен арнайы айтып тұрмын. Өйткені бұрын-соңды дәл осы жерде айтылған аталы сөздің бәрі алты Алашқа түгел тараған. Ғасырлар бойы жалғасып, қанымызға сіңген бұл дәстүр қазір де сақталып отыр, – деді Президент. Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған мәселелерге тоқталды. Мемлекет басшысының айтуынша, біз саяси жаңғырумен қатар бірқатар әлеуметтік-экономикалық шараларды қолға аламыз. Оның игілігін бүкіл жұртымыз көреді. «Тағы бір аса маңызды реформа – Президенттің бір ғана мерзімге сайлануы. Біздің аймақтағы қай мемлекетті алып қарасаңыз да, мұндай өзгеріс мүлдем болмаған. Сондықтан бұл реформа демократия жолындағы батыл қадам деп сенемін. Тәуекелге бел бусақ та, осындай шешім халқымыздың жарқын болашағы үшін керек деп кәміл сенемін. Бұл реформа не үшін жасалмақшы деген сұрақ пайда болуы мүмкін. Мәселе мынада: Президенттік лауазымға көп жыл бойы бір ғана адам ие болмауы керек. Әлемде болсын, біздің елімізде болсын көп жыл бойы бір ғана адам ең жоғары лауазымға ие болса, мұндай жағдай елге де, Мемлекет басшысына да абырой әкелмейді. Біз болашаққа нық сеніммен қарап, адал, дарынды саясаткерлерге жол ашуымыз керек. Жалпы, жұрт біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Жұмысты одан әрі жалғастыру үшін жаңа Конституцияға сай сенім мандаты қажет. Сондықтан кезектен тыс Президент сайлауы биылғы 20 қарашаға белгіленді. Біз бұл науқанды заңға сәйкес, әділ және ашық өткіземіз. Түркістандықтар да сайлауға белсене қатысып, өз таңдауын жасайды деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент жиын соңында Түркістан облысының бірқатар азаматтарын мемлекеттік наградалармен марапаттады. Атап айтқанда, «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС директоры Анарбек Орман І дәрежелі «Барыс» орденімен, еңбек ардагері Жарылқасын Әзіретбергенұлы ІІІ дәрежелі «Барыс» орденімен және еңбек ардагері Қойшыбай Әріпбай мен Мәдениет және спорт министрлігі «Қазқайтажаңарту» РМК Түркістан филиалының сәулетшісі Нұрғали Имажанов «Парасат» орденімен наградталды. Сондай-ақ «Южный Казахстан» облыстық газетінің бас редакторы Марина Лимаренкоға «Ерен еңбегі үшін» медалі, орта мектеп мұғалімі Пернебай Арыновқа «Шапағат» медалі табыс етілді.

Жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына үндеуі

Қымбатты отандастар!

 

Биылғы жыл жан-жақты реформалар мен нақты өзгерістер жылына айналды.

Маусым айында өткен референдумның нәтижесінде билік тармақтары арасында тиімді тепе-теңдік орнады.

Мемлекет «күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасын берік ұстанады. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа аралас жүйе бойынша жасақталады. Депутаттардың бір бөлігі партиялық тізіммен, қалғаны бір мандатты округтен сайланады. Конституциялық сот құрылып, алдағы қаңтар айынан жұмыс істей бастайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институты конституциялық мәртебеге ие болды. Биліктің бірқатар өкілеттігі қайта бөлініп, кейбір құзыреттер Президенттен Парламентке берілді. Енді өңірлердің әкімдері баламалы жолмен таңдалады.

Конституцияға жер және оның қойнауы халыққа тиесілі деген бап енгізілді. Мен осы ережені жүзеге асыру үшін «Ұлттық қор – балаларға» деген мүлде жаңа бағдарлама ұсындым.

Конституциялық реформа – мен Мемлекет басшысы болып сайланғаннан бері жүзеге асырып жатқан ауқымды саяси жаңғыру бағдарламасының ажырамас бөлігі. Осы бағдарлама аясында бейбіт жиналыстарды өткізу үшін алдын-ала ескерту тәртібі енгізілді. Саяси партияларды тіркеу рәсімі жеңілдетіліп, тіркеудің қажетті шегі төмендетілді. Сайлау алдындағы партиялық тізімді жасақтау және депутат мандаттарын бөлу кезінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыздық квота енгізілді. Саяси партиялардың Мәжіліске өту шегі 7-ден 5 пайызға төмендеді. Сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген баған қосылды. Парламенттік оппозиция институты құрылды. Қылмыстық кодекстің 130-бабы қылмыстық деп танылмайтын болды, 174-бабы ізгілендірілді. Өлім жазасы жойылды. Ауыл әкімдерін тікелей сайлау тәсілдері енгізілді. Сондай-ақ басқа да көптеген тың бастамалар жүзеге асырылды.

Жалпы, соңғы үш жылда жасалған өзгерістер мен конституциялық реформа мемлекеттік-саяси құрылымның жаңа үлгісін қалыптастырды. Сондықтан мен Жолдауымда сайлау мерзімін жария түрде және ашық айттым. Осылайша, біз басты мемлекеттік институттар – Президент, Парламент, Үкімет және мәслихаттардың бәрін біртіндеп қайта құрамыз.

Осы бастама жарияланғаннан бері бір айға жуық уақыт өтті. Бұл – барлық мәселені байыппен талқылап, жағдайды бағамдауға жеткілікті мерзім.

Халық біздің саяси жүйені өзгерту туралы жоспарымыздың мән-маңызын жақсы түсініп отыр. Сондықтан мен бүгін бұған дейін айтылған сайлаудың мерзіміне және Конституцияның талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2022 жылғы 20 қарашада өткізу туралы Жарлыққа қол қойдым.

Бұл науқан елдің бүкіл саяси жүйесін түбегейлі өзгертетін сайлау кезеңін бастап береді. Сол арқылы экономиканы тұрақты дамытуды, халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуды көздейтін ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туады.

Мен Жолдауымда бірқатар ауқымды әлеуметтік-экономикалық шаралар  қолға алынатынын жарияладым. Біз оның бәрін жақын арада жүзеге асыруымыз керек. Көп ұзамай қоғамға сайлау алдындағы тұғырнамамды ұсынамын. Онда әлеуметтік-экономикалық дамуды көздейтін жаңа бастамалар айтылады.

Мен Мемлекет басшысы ретінде сайлау науқаны қатаң түрде заңға сәйкес өтетініне кепілдік беремін. Оны отандық және шетелдік байқаушылардың қатысуымен әділ әрі ашық өткізетін боламыз.

Барша азаматтарымызды жауапкершілігін сезініп, демократия, заң және тәртіп қағидаттарын берік ұстануға шақырамын. Еліміздің бірлігі мен тұтастығын көрсете білейік.

Халқымыздың тағдыры, Қазақстанның болашағы әрқайсымыздың қолымызда.

Біз Әділетті Қазақстанды бірге құрамыз!

 

Жаңалықтар

Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы

2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы мәселе қаралып, Түркістан облысының Құрмет грамотасымен мына азаматтар наградталды:

Атаханов Абдирахим Абдикадирович Сайрам ауданы №63 Қ. Сәтбаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры;
Бекеева Ләззат Ибадуллақызы Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқықтық бөлімінің бас маманы;
Бектас Төлбасы

Батырханұлы

«Шардара КООП» тұтыну кооперативінің төрағасы;
Маханбетов Жеңіс

Қанайұлы

 

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп тексеру департаменті 2-жедел басқармасы басшысының орынбасары;
Мырзалиев Қуанышбек

Қаныбекұлы

«Шымкент қаласы мен Түркістан облысы тұтынушылар кооперациясының тұтыну кооперативтері мен кәсіпкерлік субъектілерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары;
Сергалиев Жаббаркул  Ерсалиевич «Х.Хайтенов атындағы жеке мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  директоры.

_______________________________________________________________________________________

 

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

         2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он  жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының «Түркістан облысы  әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген комиссияның дербес құрамына:

 

Тұрмаханова Наргиза Нұрмаханқызы   – Түркістан облыстық мемлекеттік архивінің   ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің аға сарапшысы, комиссия мүшесі  болып енгізілді.

Сараптау-тексеру комиссиясы (СТК)  Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кеңесу-ақылдасу органы болып табылады. СТК құжаттарды, архивтерді, архив қорларын және коллекцияларды мемлекеттік сараптау жүргізу мақсатында құрылды. СТК өз қызметінде ҚР Конституциялық Заңдарын, басқа нормативтік-құқықтық актілерді  басшылыққа алады.

СТК-ның негізгі қызметі: жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік архивтердің құжаттарын, архив қорларын және коллекцияларды Ұлттық архив қоры құрамына, сондай-ақ заңды тұлғаларды Ұлттық архив қорын қалыптастыру және толықтыру көзіне енгізу жөніндегі ұсыныстарды қарау; мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынышты ұйымдардың типтік үлгісі істер номенклатурасын қарау; мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың құжаттау және құжаттаманы басқару бойынша ведомстволық ережелерін қарау; ҚР ұлттық игілігі объектілеріне жатуы тиіс құжаттардың тізбесін қарау; құжаттардың сақталу мерзімін белгілеу болып табылады.

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы

2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы мәселе қаралды.

Бұл мәселе бойынша шешім жобасы Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 12-бабы             1-тармағының  5) тармақшасына сәйкес дайындалды.

Түркістан облысында тұратын азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде рецепт бойынша облыстық бюджет қаржысы есебінен тегін қосымша берілетін дәрілік заттар, арнайы емдік өнімдер және медициналық бұйымдардың тізілімі, осы шешім Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтіп, ол ресми жарияланғаннан кейін, Түркістан облыстық мәслихатының интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Жаңалықтар

Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

2022 жылғы 14  қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы  мәселе қаралды.

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының  3), 4) тармақшаларына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2022 жылғы 21 сәуірдегі қорытындысы негізінде, халықтың пікірі ескеріле отырып, мыналар туралы бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданды:

Түркістан облысы Қазығұрт ауданы бойынша:

1) Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Қызылқия ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылсын;

2)  құрылған елді мекенге «Атажұрт» атауы берілсін.

  1. Түркістан облысы Сауран ауданы бойынша:

1) Түркістан облысы Сауран ауданы Ескі Иқан ауылдық округі аумағынан елді мекен құрылсын;

2) құрылған елді мекенге «Мәшһүр Жүсіп» атауы берілсін;

3) Түркістан облысы Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округіндегі                «30-разъезд» елді мекені Түркістан облысы Сауран ауданы Жібек жолы ауылдық округі «Ескі Сауран» елді мекені болып қайта аталсын.

  1. Түркістан облысы Отырар ауданы бойынша: Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округіндегі «Үштам» елді мекені Түркістан облысы Отырар ауданы Балтакөл ауылдық округі «Самырат» елді мекені болып қайта аталсын.

Осы бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Жаңалықтар

Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

2022 жылғы 14 қыркүйекте өткен облыстық мәслихаттың кезекті он жетінші сессиясында Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі тындалып, назарға алынып, мәдениет басқармасының жұмысы атап өтілді. Аталған мәселені қарау нәтижесінде шешім қабалданып, ол жерде Түркістан облысының мәдениет басқармасына, қала және аудан әкімдеріне:

– шалғай жатқан ауылдық елді мекендердегі мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша тиісті шаралар қабылдау;

– «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде аудандық, қалалық, ауылдық кітапханалар мен клубтарды компьютермен және сапалы интернет желісімен қамтамасыз ету;

– оқырмандар санын арттыру мақсатында кітапханаларды ғылыми сирек кітаптар қорымен және заманауи әдебиеттермен қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдау;

– музей, клуб, кітапхана саласы қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды басқа өңірлердің тиісті мекемелерінде тағылымдамадан өткізу бойынша шаралар қабылдау;

– өңір театрларының кәсибі тәжірибесін арттыру, олардың ел ішінде және шет елдерде танылуын көтеру мақсатында республикалық, халықаралық байқау фестивальдерге қатысуын және гастрольдік іссапарларға шығуын ұйымдастыру;

– идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту бойынша жұмыстарды жетілдіру жөнінен ұсыныстар берілді.

Жаңалықтар

Об утверждении состава областной земельной комиссии

На очередной семнадцатой сессии Туркестанского областного маслихата, которая прошла 14 сентября 2022 года, был рассмотрен вопрос «Об утверждении состава областной земельной комиссии». По итогам рассмотрения в состав комиссии внесены:

Тажибаев

Улан Калмуханович

  заместитель акима Туркестанской области, председателем комиссии;
Жусипов Ерсултан Нурланович   главный специалист отдела земельного кадастра и землеустройства управления земельных отношений Туркестанской области, секретарем комиссии.
Члены комиссии:
Ахатаев

Дауир Борашович

  заместитель председателя Туркестанского филиала «Ассоциация фермеров Казахстана»                                   (по согласованию);
Абдирахман

Баглан Сейдибаттаевич

  заместитель директора товарищества             с ограниченной ответственности «Тамыз Құрылыс ББК»                                (по согласованию);
Амирова Зухра Тулебаевна   заместитель директора палаты предпринимателей Туркестанской области (по согласованию);
Бейсембаев

Бакытжан Жармаханович

  член общественного совета Туркестанской области (по согласованию);
Егизбаев Оразгелди

Утегенович

  член совета по защите прав предпринимателей и противодействию коррупции по Туркестанской области (по согласованию);
Курбаналиев

Абдирасул Жантилесович

  депутат Туркестанского областного маслихата (по согласованию);
Калдыбеков

Бакберген Эрпулатович

  руководитель отдела мониторинга, государственного учета и кадастра водных ресурсов республиканского государственного учреждения «Арало-Сырдарьинская бассейновая инспекция по регулированию использования и охране водных ресурсов» (по согласованию);
Кожатайулы Мади   руководитель отдела государственного экологического контроля департамента экологии по Туркестанской области;
Оспанов Турганбек Усенбекович   заместитель руководителя управления сельского хозяйства Туркестанской области;
Омаров

Жомарт Шайкыбекович

  директор товарищества с ограниченной ответственности «КазГеоПроектКонсалтинг»                        (по согласованию);
Тлеген

Ергали Аманкелдиевич

  руководитель управления земельных отношений Туркестанской области;
Уразымбетов                                  Нурдаулет Нарзуллаевич   руководитель отдела леса и особо охраняемых территорий республиканского государственного учреждения «Туркестанская областная территориальная инспекция лесного хозяйства и животного мира»                           (по согласованию);
Шораева

Сания Аскаровна

  руководитель отдела координации деятельности по реализации генерального плана и градостроительного планирования управления архитектуры и градостроительства Туркестанской области;
Юлдашев

Камалжан Алимджанович

  индивидуальный предприниматель (по согласованию);