Author: admin

Жаңалықтар

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірменді қонақтар!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Тап осы күннің «Тұңғыш Президент күні» ретінде таңдалып алуының өзіндік себебі бар. Еліміз үшін ең тағдырлы кезең болған 1991 жылдың 1 желтоқсанында Қазақстанда тұңғыш рет жалпыхалықтық сайлау өтіп, егемен еліміздің негізін қалаушы ақмаңдай асыл ұлы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қазақ мемлекетінің Тұңғыш Президенті атанды.

Содан бері Елбасымыз Ұлы Дала төсінде қайта жаңғырған қазақ мемлекеттілігін нығайтып, көк туымыздың биікте желбіреуі жолында аянбай еңбек етіп келеді.

Тұңғыш  Президентіміздің кемеңгерлігінің, сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өтпелі кезеңнің тоқырауы мен қиындықтарын еңсеріп, дамудың даңғыл жолынан өтті. Экономикамыз дамып, халықтың әл-ауқаты жақсарды.

Шекарамыз шегенделіп, әлемнің маңдайалды мемлекеттерімен тереземіз теңелді.

Тәуелсіздіктің үш онжылдығында Қазақстан ғасырға бергісіз даму жолынан өтті десек, осы жылдардағы жеңістер мен жетістіктердің барлығында Тұңғыш Президенттің қолтаңбасы бар.

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді тағы да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесімен шын жүректен құттықтай отырып, мемлекеттің мерейін асыратын мейрам күні Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға шаттық тілеймін!

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының 2021 жылғы 24 қарашадағы №7-Ш шешімі

 

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті он үшінші сессиясын шақыру туралы

 

 

   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11:00-де Түркістан қаласында жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы шақырылсын. 

 

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

 

 

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясының 2021 жылғы 10 желтоқсанда сағат 11:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін,  мекен-жайы:  Түркістан   қаласы,   Жаңа  қала  шағын  ауданы, 32 көшесі  (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен   шақырылғандарды  тіркеу  10  желтоқсанда  сағат 10:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.       

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы     №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  2. 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  3. Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  4. Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі;
  5. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/330-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір депутаттарының депутаттық өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  9. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты   комиссияларының   2021 жылғы қызметі жөніндегі есептері туралы;
  10. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2022 жылға арналған шығыстар сметасы туралы.

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті  он үшінші сессиясының онлайн-трансляциясы maslihat-turkistan.gov.kz  мекенжайы бойынша мәслихаттың ресми сайтында жүргізілетін болады.

         

 

Облыстық мәслихат

хатшысы                                                                             Қ. Балабиев

 

Жаңалықтар

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ САЯСИ КЕҢЕСІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

Саяси кеңес отырысына Түркістан облысының әкімі, партияның облыстық филиалының төрағасы Өмірзақ Шөкеев, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев,  «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының бюро мүшелері, партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңес төрағалары онлайн режимде қатысты.

Жиында партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жетекшілігімен елімізде маңызды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформалар жүріп жатқанын, бұл жұмыста жетекші партияның елеулі үлесі барын атап өтті. Сонымен бірге Елбасы «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін тапсыру туралы шешім қабылдай отырып, партияны ел Президенті басқаруы керектігіне де тоқталды.

Саяси кеңес отырысында Елбасы партия үнемі уақыт талабына сай жаңарып, елдің мүддесін қорғап, өмір сапасын арттыруға күш салуы керектігін айтты. Тәуелсіздікті сақтау басты мұрат екенін жеткізді. Жаңа дәуірдегі қазақстандықтарға бағдар болатын «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын ұсынды.

Жаңалықтар

Сенаттағы кездесу

Нұр-Сұлтан қаласында Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен облыстар мен республикалық маңызы бар қалалар мәслихаттарының хатшыларының кездесуіне облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев қатысты. Кездесу барысында еліміздің Тәуелсіздіктің 30 жылында жеткен жетістіктері және жергілікті өкілді органдардың өңірлердің дамуындағы рөлі сөз болды.

Сенат Спикері ел Президенті биылғы Жолдауда өңірлердің дамуына қатысты бірқатар міндеттерді белгілеп бергенін айтып, оларға кеңінен тоқталып өтті.

Сондай-ақ Сенат Төрағасы мәслихаттармен өзара байланыстың маңыздылығын айта отырып,  осылайша жиі кездесіп, өңірлердегі мәселелерді шешуде, заңнамалық жұмыста, қабылданған заңдардың маңызын түсіндіруде мәслихат хатшыларын Сенатпен бірлесіп жұмыс істеуде белсенділік танытуға шақырды.

Жаңалықтар

Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!

Сіздерді Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын!

1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге   айна­лымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің бірі болып саналып, теңге – біздің ел мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде осы 28 жыл ішінде мем­лекетіміздің символына айналған теңге Тәуелсіздігімізді ны­ғай­та түсті.

Теңгенің айналымға енуі біздің елдің ұлттық нарық инфра­құрылымының қалыптасуына, қаржылай-несиелік және бюд­жеттік-салықтық саясатты жүзеге асыруға, реформалар бастауындағы макроэкономикалық тұрақтылықтың тиімді тұстарын ұстануға қажетті қадамдарымызды айқындауға септігін тигізді.

Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге шын жүректен отбасыларыңызға амандық, бақ-береке ті­леймін!

 

 

Құрметпен,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

Қ.Балабиев

 

Жаңалықтар

Құрметті қаржыгерлер!

Сіздерді кәсіби мере­келеріңіз – Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен бюджеттік саясаттың тиімділігі Республиканың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының, тың жобаларды іске қосу жолында сәттілікке бастайды.

Бүгінде толағай табысқа бастайтын ауқымды істерді жүзеге асы­руға қар­жы мекемелерінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қыз­меткерлері үлкен үлес қосып келеді.

Осы орайда, мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге шын жүректен отбасыларыңызға амандық, қаржы ісіндегі жұмыстарыңызға тұрақтылық пен жаңа табыстар ті­леймін!

 

 

Құрметпен,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

Қ.Балабиев

 

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген өңірлік комиссияның дербес құрамына:

Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, өңірлік комиссия төрағасының орынбасары;        

Расұл Самат Әбдімүтәліұлы

Түркістан облысы әкімі аппараты қоғамдық-саяси сала мониторингі бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;

Тілеулин Хамит Қабдырұлы

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Түркістан облысы бойынша басқарма бастығының орынбасары, комиссия мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізіліп;

өңірлік комиссияның дербес құрамынан Дамир Дәулетұлы Жүнісов -жұмыс орнының ауысуына байланысты, Бақытжан Айдарханұлы Әшірбеков- қайтыс болуына байланысты шығарылды.

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының  2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/453-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдарымен (ақпараттық саясат) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:

 

Өсербаев Аңсар

Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;

Берік Ернар

Көмекұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы ақпараттық ресурстар және бұқаралық ақпарат құралдары мониторингі бөлімі басшысының міндеттерін атқарушы, кеңес хатшысы;

Мәтенова Гүлжазира Ғалиқызы

«Тurkistan» телеарнасының ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар департаментінің директоры, кеңес мүшесі (келісім бойынша)

болып енгізіліп;

кеңестің дербес құрамынан Жүнісов Дамир Дәулетұлы, Ортаева Эльвира Арыстанбекқызы, Бердімұратов Бауыржан Қамбарұлы шығарылды.

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің дербес құрамына:

Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;

Төлебаев Көпжан Кенжеханұлы

Түркістан облысы дін істері басқармасы басшысының міндеттерін атқарушы, кеңес мүшесі

 болып енгізілді;

 кеңестің дербес құрамынан Жүнісов Дамир Дәулетұлы, Абуов Қайрат  Базарбекұлы шығарылды.

Жаңалықтар

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он екінші сессиясы өтті

2021 жылғы 9 қарашада өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он екінші сессиясында Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/16-VII «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралып, көрсетілген шешіммен бекітілген кеңестің құрамына:

Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы, кеңес төрағасының орынбасары;

Мыңбаев Нұрлан Нұрмаханұлы

Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы жастармен жұмыс бөлімінің басшысы, кеңес хатшысы;

Кеңес мүшелері:

 

 

Азат Сұлтан

Бақытұлы

 

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің талдау мониторингі және әлеуметтік зерттеу бөлімінің басшысы;

Бердашев Айтмахаметәлі Ілиясұлы

Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары;

Досанов Нұрбай Ермаханұлы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Түркістан облысы бойынша филиалының аға оқытушысы, ғылым магистры (келісім бойынша);

Жолаев Рақымбек Қуатбекұлы

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы;

Жүсіпбек Сүндет Жәнібекұлы

Түркістан облысы дін істері басқармасы мониторинг бөлімінің басшысы;

Жүсіпов Оспан Құдайбергенұлы

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің  жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшесі (келісім бойынша);

Күлдербаев Жандос Тынымбекұлы

Түркістан облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары (келісім бойынша);

Қонысбеков Әділ Нұржанұлы

Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының орынбасары;

Мырзатаев Дәурен Серікқалиұлы

«Отбасы банк» акционерлік қоғамы       Түркістан облыстық филиалы директорының орынбасары (келісім бойынша);

Нарымбетова Нұрхан Мәдәліқызы

Түркістан облысы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары;

Нұрашов Нұржан Кеңесбекұлы

Түркістан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары;

Нұрлыбаев Жандос Мақсатұлы

«Ырыс» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша);

Төлебаев Ерасыл Әшірбайұлы

Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы; 

Төреханов Асылхан Сейдіханұлы

Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары (келісім бойынша);

Тұрғанбаев Асқар

Әбдуәліұлы

Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің әлеуметтік-мәдени даму вице-ректоры (келісім бойынша);

Тілеубекова Жанна

Асылбекқызы

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары (келісім бойынша);

Шенгелбаев Абай Бауыржанұлы

Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасы сауда бөлімінің басшысы;

Ізтілеуов Нұржан Жақсылықұлы

Түркістан облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары.

болып енгізіліп;

кеңестің құрамынан Жүнісов Дамир Даулетұлы, Исмаилов Сейдулла Кеңесбайұлы, Дәрібаев Қайрат Бақытұлы, Абдалимова Гүлнара Фазуловна, Абдрахманова Айнагүл Жайнағанқызы, Абуов Әміреқұл Ергешұлы, Әбдіразақова Нұргүл Пердебайқызы, Жаманқұлов Ерболсын Серікұлы, Жүсіпбаев Нұрсұлтан Үмбетұлы, Өміртай Амалбек Даркенұлы, Салықбаев Абзал Мырзаханұлы шығарылды.