7 қыркүйек 2021 жылы Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті.

Қоғамдық кеңестің  жұмысын кеңес төрағасы  Ш.Жамалбек жүргізді.

Отырыстың күн тәртібінде  4 мәселе, Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобалары қаралды: «Облыс әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы», «Түркістан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 2 сәуірдегі №78 Түркістан облысында діни әдебиеттерді, діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайларды белгілеу туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы»  «Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 10 наурыздағы №68 «2021 жылға өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы», «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2021-2022 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы».  

Күн тәртібіндегі мәселелерді Қоғамдық кеңес мүшелері талқылап  қарап, қабылдады.