2022 жылғы 13 қыркүйекте жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1. Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
2. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы                               24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
4. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы  №33/353-VI «Түркістан облысы  әкімдігі  жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының  дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
5. Түркістан облысы Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы;
6. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
7. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;
8. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы.

Комиссия отырысында Түркістан облысы мәдениет басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды. Тұрақты комиссия мүшелері аталған есепті назарға алып,  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.