2022 жылғы 11 наурызда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он төртінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі туралы;
2. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
3. Түркістан облыстық мәслихаты хатшысының облыстық  мәслихат  қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
4. Түркістан   облысы бойынша барлық денгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін өткізудің 2022 жылға арналған кестесі туралы;
5. Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 10 желтоқсандағы                 №13/122-VІI «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
6. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/441-VI «Облыстық  ономастикалық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
7. Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;
8. Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 9 желтоқсандағы              №44/481-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жөніндегі сараптамалық кеңестің құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
9. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы                         №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту  мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын  бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
10. Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы             №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
11. Түркістан   облыстық   Қоғамдық  кеңесінің   құрамын  бекіту туралы;
12. Түркістан облысының Құрмет грамотасымен  наградтау туралы.

Комиссия отырысында Түркістан облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының 2021 жылы атқарған жұмыстары жөніндегі есебі тыңдалды. Тұрақты комиссия мүшелері аталған есепті назарға алып,  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.