2021 жылғы 8 қазанда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он бірінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары және Kcell, Beeline байланыс операторлары өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

 

 

Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;

2.               

Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;

3.               

Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

4.               

Түркістан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы;

5.               

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

6.               

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

7.               

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;

8.               

Түркістан облысының Құрмет грамотасымен  наградтау туралы.

 

Комиссия отырысында Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі және Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Сонымен қатар, осы отырыста Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер және архивтер басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі осы басқарма басшысы Е.Өтебаевтың есебі де тыңдалды. Тұрақты комиссия мүшелері аталған есептерді назарға алып,  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.