2021 жылғы 8 желтоқсанда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов, күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы                  №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

2.               

2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;

3.               

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 31 желтоқсандағы №55/576-VІ «Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

4.               

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы                    30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы;

5.               

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы                           24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер енгізу туралы

6.               

Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

7.               

Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі;

8.               

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 23 қазандағы №15/194-VI «Оңтүстік Қазақстан облысындағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы» шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

 

9.               

Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2021 жылғы қызметі туралы есебі;

 

10.           

Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

11.           

Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;

12.           

Түркістан облысының Құрмет грамотасымен  наградтау туралы.

 

Комиссия отырысында 2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы мәселе бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады. Сонымен қатар, осы отырыста Түркістан облысының қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөнінде осы басқарма басшысы М.Пашимовтың және Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Өсербаевтың есептері тыңдалды. Тұрақты комиссия мүшелері аталған есептерді назарға алып,  атқарылған жұмыстарды атап өтті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.