2021 жылғы 17 наурызда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті үшінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, Түркістан облысы полиция департаментінің басшысы Қ.Дәлбеков, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

1.

Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша  атқарған жұмыстары туралы;

2.

Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;

3.

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4.

Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

5.

Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы;

6.

Түркістан облысында орналасқан мемлекет меншігіндегі физикалық-географиялық объектіні қайта атау туралы ұсынысты Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;

7.

Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 қыркүйектегі №42/454-VІ «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8.

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіндегі Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы мәселені қарай келе, әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия келесі қорытынды жасады.

«Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы» бірлескен облыс әкімдігі қаулысы және облыстық мәслихат шешімінің жобасындағы орыс тіліндегі атауы мемлекеттік тілдегі атауына сәйкес келмейді.

«Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының 9-бабына сәйкес мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде жүргiзiледі.

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 23-бабының 7-тармағына сәйкес орыс тіліндегі нормативтік құқытық актідегі терминдер мен анықтамалар қазақ тілінде жазылған ретке сәйкес болуға тиіс.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы №568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқытық актілерді ресiмдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 6-тармағына сәйкес Нормативтiк құқықтық актілердің қазақ және орыс тiлдерiндегi мәтiндерiнiң сәйкестігін нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеуге ұсынған органдар қамтамасыз етедi.

Баяндалғандардың негізінде облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы» бірлескен облыс әкімдігі қаулысы мен облыстық мәслихат шешімінің орыс тіліндегі атауын мемлекеттік тілдегі атауына сәйкестендіруді ұсынды.

Аталған мәселе бойынша бірлескен облыс әкімдігі қаулысы мен облыстық мәслихат шешімінің жобасы жоғарыда айтылған ұсынысты ескере отырып облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізу ұсынылды.

Қалған мәселелер бойынша тұрақты комиссия оларды сессияның қарауына енгізуді ұсынды.