2021 жылғы 16 маусымда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихаты әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жетінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына облыс әкімінің орынбасары А.Сәбитов, Түркістан облысы тексеру комиссиясының төрағасы Қ.Сапарбеков, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

 

 

Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының                         2020 жылғы атқарылған жұмыстар жөніндегі есебі;

2.               

Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері;

3.               

«Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/557-VI «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

4.               

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы»;

5.               

«Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне толықтыру енгізу туралы»;

6.               

Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы  өзгерістерді келісу туралы;

7.               

Түркістан облысының Жетісай және Келес аудандарындағы елді мекендерді қайта атау туралы;

8.               

Түркістан облысында орналасқан мемлекет меншігіндегі физикалық-географиялық объектіні қайта атау туралы ұсынысты  Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;

9.               

Түркістан облысында орналасқан мемлекеттік заңды тұлғаларға атау беру және қайта атау туралы ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының қарауына енгізу туралы;

10.           

Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 4 ақпандағы №2/15-VII «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлік комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

11.           

Оңтүстік Қазақстан облысы  әкімдігінің  2016  жылғы  22  қаңтардағы №17 «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу» Түркістан облысы әкімдігі қаулысының жобасын келісу туралы;

12.           

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы  №33/352-VI «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектер ісі жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

13.           

Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы №33/351-VI «Түркістан облысының халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

14.           

Түркістан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы №54/571-VІ «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» шешіміне өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізуді ұсынды.