2021 жылғы 11 қазанда жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті ХІ сессиясы алдында облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өткізілді.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихаттың бюджет және экономикалық даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы  Р.Шерімов төрағалық етті.

Тұрақты комиссия отырысына облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, комиссия мүшелері, облыстық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қойылып, қаралды.

  1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі;
  2. Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі;
  3. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
  4. Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;

Комиссия отырысы барысында күн тәртібіндегі «Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі» және «Түркістан облысының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасының орындалуы туралы есебі» бойынша облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасады.

Сонымен қатар, күн тәртібіндегі келесі мәселелер «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 30 наурыздағы №11/111-VI «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы №14/172-VI «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекетттік міндеттемелерді қабылдау туралы»  шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселелері бойынша да облыстық стратегия және экономикалық даму басқармасының басшысы Қ.Қайыпбек баяндама жасап, түсіндіріп өтті.

Тұрақты комиссия мүшелері атқарылған жұмыстар бойынша пікірлерін айтып, аталған мәселелерді сессияның қарауына енгізу туралы ұсыныстарын білдірді.

Күн тәртібіндегі мәселелерге комиссия мүшелері келісім беріп, кезекті ХІ-ші сессия қарауына ұсынылды.