Өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі

  2021 жылғы 10 желтоқсанда өткен облыстық мәслихаттың кезекті он үшінші сессиясында өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған шаралардың атқарылуы жөніндегі Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының есебі тындалып, назарға алынып, қоғамдық даму басқармасының осы бағыттағы жұмысы атап өтілді. Аталған мәселені қарау нәтижесінде шешім қабалданып, ол жерде Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасына тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, өңірдегі этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтауға бағытталған  шараларды атқаруды жандандыру; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бойынша мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен азаматтық қоғам институттарының тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету; өңірдегі этноаралық қатынастар саласындағы статистикалық дерекқорды одан әрі дамыту және мониторингтеу жүйесін жетілдіру; бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтық бірегейліктің және патриотизмнің маңызы туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту; қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту саласындағы өңірлік саясатты жетілдіру бойынша шаралар қабылдау жөнінен ұсыныстар берілді.