Өміртай Амалбек Даркенұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қаңтар, 2020 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 10.04.1994ж
Туған жері Шымкент қаласы
Ұлты Қазақ Білімі Жоғары
Бітірген жылы 2015 жыл Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Білімі бойынша мамандығы «Әлемдік экономика»
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс, ағылшын Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Халықаралық экономикалық қатынастар магистрі, «Әлемдік экономика» бойынша РhD докторант
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Халық алғысы» медалі (2020 ж.)
Партияға қатыстылы «NUR OTAN» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
07.2017 09.2018 Халықаралық ынтымақтастық департаменті, сарапшы
09.2018 05.2019 Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
01.2019 05.2019 Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика» кафедрасының оқытушысы
09.2019 02.2020 «Turkistan Invest», бас менеджер
01.2020 б.к.д Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы

23.02.2021

ТҮРКІСТАНДА «САТТАР ЕРУБАЕВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒАРМАШЫЛ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АШЫЛДЫ

Түркістан қаласында «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қоры» ашылды. Қорды ұйымдастыруға ұйытқы болған – облыстық мәслихат депутаты, облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы Амалбек Өміртай.

Аталмыш идеяның бастамасы ретінде былтыр облыс деңгейінде «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастар байқауы» өткен болатын. Байқау әдебиет пен мәдениеттің 8 бағытын қамтыған. Атап айтқанда, «Үздік жас мүсінші», «Үздік жас дизайнер», «Үздік жас қолөнерші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас әнші», «Үздік жас ғалым», «Үздік жас айтыскер» номинациялары бойынша Түркістан облысының түкпір-түкпіріндегі өнерлі жастардың арасында бәсекеге толы байқау көпшіліктің көңілінен шықты.

Игі бастама Республика көлемінде ұлт руханиятына еңбек сіңіріп жүрген жас шығармашыл жастарымызға қолдау көрсету мақсатында «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорын» құрумен жалғасып отыр. Аталған қор жылына бір рет республикамыздағы ең үздік шығармашыл жастардың Түркістан өлкесінде басын қосып, поэзия, дәстүрлі ән, роман, проза, әңгіме, айтыс, ғылым, қолөнер, зергерлік өнер және ұлттық үлгідегі киім дизайны бойынша номинацияларының иелерін арнайы комиссия арқылы анықтап, қаржылай жүлделермен марапаттайтын болады.

Кеш басын «Саттар Ерубаев атындағы шығармашыл жастарды қолдау қорының» төрағасы Айбек Маратұлы бастап, қордың осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстары мен алдағы уақыттағы жұмыс жоспарымен таныстырды.

Қайырымдылық балдың өзге шаралардан ерекшелігі – Түркістан өңіріне белгілі қолөнерші Мамыт Жаңабек қолынан шыққан мүсіндері және суретші Әділхан Мәліктің суреттері аукционға қойылды. Жас таланттардың алғашқы қолдаушысы ретінде кешке арнайы облыстық, қалалық мәслихат депуттары, жеке кәсіпкерлер, зиялы қауым өкілдері мен мемлекеттік қызметкерлер және өнерпаз азаматтар қатысты.

«Былтыр 2020 жыл «Еріктілер жылы» деп жарияланса, биыл 2021 жыл «Қайырымды істер жылы». Қайырымды іс тек қана материалдық көмекпен немесе азық-түлік таратумен шектелмейді. Оның ауқымы кең. Біз ел ішіндегі ұлттық дәстүрді өлтірмей және өнер мен әдебиетті дәріптеп келе жатқан шығармашыл жастарға қолдау көрсеткіміз келеді. Түркістан сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде де рухани орталыққа айналуы тиіс. Қордың есімі Саттардың есімімен аталып, жаңарған Түркістанда жаңа амбицияға ие болған бұл жоба еліміздің түкпір-түкпірін шарлайды», – деді Түркістан облыстық Жастар ресурстық орталығының басшысы, облыстық мәслихат депутаты Амалбек Өміртай.

Кеш соңы классикалық би кешімен жалғасып, ел азаматтары қордың алдағы іс-шараларына сәттілік тіледі.

 

25.02.2021

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Амалбек Өміртай «Nur Otan» партиясының Келес аудандық филиалында ағымдағы жылғы 25 ақпан күні қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдау кезінде аудан тұрғындарының түрлі тақырыптағы мәселелері, арыз-шағымдары тыңдалды. Жиынға қатысқандардың көпшілігінің мәселелері мен қоғамдық қабылдауға келу себептері ортақ. Қабылдауға келген тұрғындардың басым бөлігін материалдық көмекке зәрулігі мен тұрғын үйлерінің жоқтығы мазалайды.

Қабылдауға тұрғын үй мәселесі бойынша келген Абай ауылының тұрғыны Райса Абдешоваға, Біртілек ауылының тұрғыны Алмагүл Бұғыбаеваға, атаулы әлеуметтік көмек алу туралы өтінішпен келген Динара Сламбековаға проблемалары бойынша заң тұрғысынан тиісті кеңестер берілді.

Амалбек Дәркенұлы тұрғындардың бұдан өзге де өтініштері бойынша тиісті мекемелерге хабарласып, мамандардан жауап алды. Бұл мәселелердің алдағы уақытта шешім табуы мәслихат депутатының бақылауында болатындығы жеткізілді.

Сонымен бірге, Амалбек Өміртай Біртілек елді мекеніндегі №17  «Еркіндік»  бастауыш мектебінің  қазіргі жай-күйімен танысып, ауыл әкімі, ауыл биімен бірге тұрғындардың өзге де мәселелерін тыңдады.

Ауыл ақсақалымен кездесу барысында депутат А.Өміртай жаңа мектеп ғимаратының құрылысын жүргізуге қатысты тиісті салалық басқармаға депутаттық сауал жолдап, шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.

28.01.2020

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Амалбек Өміртай Келес ауданының тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді.

Ауданның тұрғындары Амалбек Дәркенұлына түрлі мәселелер бойынша өз шағымдары мен ұсыныстарын айтып, оның шешілуіне ықпал етуін сұрады. Тұрғындарды атаулы әлеуметтік көмек, тұрмыстық жағдайлар мен тұрғын үй туралы мәселелер мазалайтыны байқалды.⠀

Келушілерді жеке қабылдап, мұқият тыңдаған депутат олардың сұрақтарына жауап беріп, мәселелердің шешілуін алдағы уақытта назарға алатынын айтты.