Давлетяров Нұралы Әбдірахымұлы

(айы,жылы) Маусым, 2021 ж.

Желтоқсан, 2013 ж.

Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)

 

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

«Қаз Нұр жобалау құрылыс институты» ЖШС құрылтайшысы.

Туған кезі (күні, айы, жылы) 24.02.1987 ж.
Туған жері

 

Түркістан облысы Келес ауданы Алпамыс батыр а/о Қауыншы ауылы
Ұлты Қазақ Білімі Жоғары
Бітірген жылы

 

2008

2018

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

М.Әуезов атындағы ОҚМУ

Білімі бойынша мамандығы

 

«Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен бұйымдарының технологиясы» бакалавр;

«Құрылыс» магистрі

Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі

 

 

Қазақ тілі, орыс тілі, өзбек тілі, ағылшын тілі сөздікпен Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

 

Жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

 

 

 «Еңбегі мен жеткен жетістіктері» медалі (2014 ж.); «Құрылысқа қосқан үлесі» Швецария, Женева қ. лауреаты, «2014 жыл маманы» медалі, «Экономика мақтанышы» белгісі (2015 ж.), «Ең үздік басшы» (2015 ж. Мәскеу қ.); «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2016 ж.), ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың «Алғыс хаты» (2019 ж.).
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
Келген / Кеткен

айы және жылы

 

 

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ

 

 

01.12.2011 30.11.2013 «Гео Нұр Проект» ЖШС директоры;
01.12.2013 б.к.д. «Қаз Нұр жобалау құрылыс институты» ЖШС құрылтайшысы

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылдың 24 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Давлетяров Нұралы Әбдірахымұлы «Nur Otan» партиясы Келес аудандық  филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде офлайн режимде аудан азаматтарының жеке мәселелеріне байланысты қабылдау өткізді.

Қабылдауға жазылған азаматтардың атаулы әлеуметтік көмек, мүгедектікке шығару, материалдық көмек, тұрғын үй мәселесі, табиғи газ және жер мәселесі туралы сұрақтарына заң аясында жауап берілді. Аталған мәселелерге депутаттық сауал жолдап, өзінің бақылауына алатынын жеткізді.

30.07.2021 ж.

ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 30 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Давлетяров «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттары мен фракция мүшелерін ауданның өзекті мәселелері бойынша жеке қабылдады.

Қабылдау барысында фракция мүшелері М.Қуанышбаев пен А.Жұмабеков ЖСҚ-ның мерзімі өтіп бара жатқан мектептердің құрылысын салуды қаржыландыруды және ЖСҚ-ның мерзімі биыл бітетін бірқатар мектеп құрылысына және осындай мерзімі биыл өтетін инфрақұрылымы толық аяқталған көшелердің құрылысына қаржы бөлдіруді сұрады.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясының фракция мүшесі Ж.Абдикаримова көршілес Өзбекстан Республикасының қоқыс төгетін полигонының иісі мен түтіні Алпамыс батыр ауыл тұрғындарына зиян тигізіп жатқандығын негізге ала отырып, ауыл тұрғындарының шағымын жеткізді.

Өз кезегінде, депутат Нұралы Давлетяров көтерілген мәселелерге заң аясында түсініктемелер беріп, аудандық мәслихат депутаттары жүгінген сұрақтарды облыс, республика көлемінде көтеріп, тез арада шешімін табуға жұмыс жасайтынын жеткізді.

2021 жылғы 23 тамыз күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары “Nur Otan” партиясы фракциясының мүшелері, Дархан Қамзабекұлы Мыңбай және Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев және облыс депутаты Нұралы  Давлетяров партияның “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!” атты Сайлауалды бағдарламаны іске асыру бойынша бекітілген Жол карта аясында кезекті іс-шараларды жүзеге асырып бірқатар келелі кездесулер өткізді. Ең алдымен Түркістан облысының Келес ауданы тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізді. Сондай-ақ,  “AIBI-AI” ЖШС күйдірілген қыш өндіретін зауыттың автоматтандырылған жаңа технологиясының жұмысымен танысты.  Одан әрі, Қошқарата ауылдық округіндегі 9 елді мекенде жүргізіліп жатқан табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысымен танысып, жұмыс барысын бақылауға алды. Партия бағдарламасында халық өміріне қолайлы жағдай жасау үшін инфроқұрылым мәселесіне ерекше көңіл бөлінген. Сол себепті бұл нысанның жоспарға сай жүзеге асып, уақытылы аяқталуы – партия назарында.

Қазан айының жарқын жетістіктері ретінде Келес ауданындағы экологиялық мәселенің оң шешілуін айтуға болады. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Нұралы Давлетяров халықпен өткізген кездесулердің бірінде, Келес ауданы мен Өзбекстан шекарасындағы қоқыс полигонына байланысты ауқымды экологиялық мәселеге кезіккен болатын. Алпамыс батыр ауылдық округының тұрғындары Өзбекстан Республикасымен трансшекаралық аймақта орналасқан қоқыс полигонының әсерінен шекарада орналасқан ауылдың да экологиясы ластанып жатқанын жеткізген.

Түйткілдің түйінін тарқату мақсатында Н.Давлетяров Түркістан облысы мәслихатының депутаты ретінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне депутаттық сауал жолдады.  Министрлік жауабында Өзбекстан Республикасына аталған Полигон бойынша ақпарат ұсыну туралы хат жолданғанын, бірақ әлі жауап келмегені баяндалады, сондай-ақ, қазіргі уақытта Полигон жабық екені мәлім болды. Ал, Ташкент облысының хокимі Д.Худоятов Полигон өздігінен жанып жатқандығын хабарлаған. Мұндай жағдайларда Ташкент облысының Хокимиаты оларды жою бойынша мәселелерді жедел пысықтауда екен. Қазіргі уақытта Полигонды көшіру мәселесі де  қарастырылуда. Мәселе Министрліктің бақылауында болады.

29.10.2021 ж.

АЗАМАТТАРДЫҢ МҰҢ-МҰҚТАЖЫ ТЫҢДАЛДЫ

“Nur Otan” партиясының “Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір” атты сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылғы 29 қазанда Нұралы Давлетяров  Түркістан облыстық мәслихатының депутаты ретінде облыстың Келес ауданында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға мұң-мұқтажын арқалап келген алты азамат қатысты. Азаматтар негізінен Біртілек және Қошқарата ауылдық округтарындағы газдандыру мәселесі мен атаулы әлеуметтік көмек жайында сауалдарын қойды.

Депутат Қошқарата ауылдық округы бойынша газ құбырларының құрылысы сметалық құжаттар бойынша жер астынан өтетін болып жасалғанын, және бүгінгі күнде жүзеге асып жатқанын айтты. Ал, Біртілек ауылдық округына газ жеткізу бойынша бес мекеме жұмыс жасап жатқанын және қысқа уақытта ауылға газ жететінін халыққа түсіндірді. Атаулы әлеуметтік көмек жайында жүгінген азаматтар да жауапсыз қалмады. Халық қауалысы әр жағдайды жеке-жеке қарастырып, АӘК алу жолын толық түсіндіріп, бағыт бағдар берді.