Әшімов Нұрғали Сәдуақасұлы

ҚазССР Мемжоспары жанындағы ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі, ҚазССР Министрлер Кеңесінің кадрларды қайта даярлау жөніндегі республикалық институтының аға оқытушысы, ҚазХТИ аға оқытушысы қызметтерін атқарған. Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі, ОҚО әкімінің орынбасары — Оңтүстік Қазақстан территориалдық мемлекеттік меншік жөніндегі комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. ОҚО әкімінің орынбасары, Ұлттық Банктің ОҚО басқармасының бастығы, ҚР Экономика және сауда вице-министрі, «ТұранӘлем банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, Қостанай облысы әкімінің орынбасары, Қостанай қаласының әкімі лауазымдарында болды. «Қазтрансгаз» ЖАҚ коммерция және маркетинг жөніндегі вице-президенті, «Intergas CentraI Asia» ЖАҚ бас директоры, «Қазтрансгаз» ЖАҚ президенті, Тағайындауға дейін ҚР Энергетика және минералдық ресурстар бірінші вице-министрі қызметінде болды.

Батыс Қазақстан облысының әкімі, Түркістан облысының әкімі, ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» ХДП мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.