
Әли Әбдікәрімұлы
1962 жылы 20 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Жаңа Базар ауылында дүниеге келген.
1984 жылы Қазақ ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша, 1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын (КИМЭП) саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.
Экономика ғылымдарының кандидаты (2000 ж).
Еңбек жолы:
1984-1985 жылдары — Ленгер ауданы, Сейфуллин атындағы колхоздың бас инженері;
1985-1987 жылдары — Қазақстан ЛКЖО, Сайрам аудандық комитетінің бөлім меңгерушісінің орынбасары;
1987-1989 жылдары — Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы;
1989-1990 жылдары — Сайрам ауданы, Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы;
1990-1991 жылдары — Ташкент, Алматы жоғарғы партия мектебінің және Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтының тыңдаушысы;
1991 жылы — Шымкент облыстық партия комитетінің кеңесшісі;
1991-1992 жылдары — «Қазығұрт ЛТД» ӨКФ бас директорының орынбасары;
1992-1994 жылдары — Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары;
1994-1999 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі, туризм және спорт басқармасының басшысы;
1999 жылы – Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет департаментінің басшысы;
1999-2000 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы сыртқы экономикалық байланыс және инвестициялар басқармасының басшысы;
2000-2002 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданының әкімі;
2002-2006 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2006-2008 жылдары — Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі;
2008-2014 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары;
2014 жылдың қарашасында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланды.
2014-2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің мүшесі;
2017 жылдың қыркүйек айынан қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі;
2015 жылдың қыркүйегінен бастап – «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы.