
(айы,жылы) | 19.08.2021 ж.
27.02.2021 ж.
|
|||
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)
|
Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.
Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының инспекторы
|
|||
Туған кезі (күні, айы, жылы) | 27.02.1957 ж. | |||
Туған жері
|
Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданы | |||
Ұлты | қазақ | Білімі | жоғары | |
Бітірген жылы
|
1979 ж.
2004 ж.
|
Қазақ химия-технологиялық институты;
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
|
||
Білімі бойынша мамандығы
|
Инженер-механик;
Менеджер |
|||
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі
|
Орыс;
неміс тілі- оқиды және сөздікпен аударады/
|
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
Жоқ | |
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма
(қандай, алған жылы)
|
«Құрмет» ордені, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл»; «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл»; «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан Республикасы мәслихаттарына 25 жыл», «Қазақстан Республикасының Конституциясына 25 жыл» мерекелік медальдары, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі/
|
|||
Партияға қатыстылы | «Ауыл» ХДПП мүшесі |
Келген / Кеткен
айы және жылы
|
БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
|
|
03.01.1980 | 12.07.1981 | Шымкент асбестоцемент конструкциялар комбинатының құбырлар цехының слесарі, Шымкент қаласы/ |
12.07.1981 | 05.09.1983 | Шымкент асбестоцемент конструкциялар комбинатының құбырлар цехының аға шебері, Шымкент қаласы/ |
05.09.1983 | 25.12.1985 | Қазақстан ЛКЖО Шымкент қалалық комитетінің комсомол ұйымдары бөлімінің меңгерушісі, Шымкент қаласы/ |
25.12.1985 | 19.10.1987 | Қазақстан ЛКЖО Шымкент қалалық комитетінің ІІ-ші хатшысы, Шымкент қаласы/ |
20.10.1987 | 27.07.1988 | Шымкент облыстық атқару комитетінің референті, Шымкент қаласы/ |
27.07.1988 | 13.02.1989 | Шымкент облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқаулық бөлімінің нұсқаушысы, Шымкент қаласы/ |
13.02.1989 | 09.01.1990 | Шымкент облыстық атқару комитетінің ұйымдастыру-нұсқаулық бөлімі меңгерушісінің орынбасары-кеңес жұмысы кабинетінің меңгерушісі, Шымкент қаласы/ |
09.01.1990 | 16.11.1992 | Халық депутаттары облыстық кеңесінің ұйымдастыру-кеңес жұмысы және тұрақты комиссиялар бөлімі меңгерушісінің орынбасары, осы бөлімнің меңгерушісі Шымкент қаласы/ |
16.11.1992 | 03.03.1998 | Төлеби ауданы әкімінің орынбасары, ОҚО Төлеби ауданы / |
10.03.1998 | 29.04.1999 | Шымкент қаласы әкімі аппараты көші-қон және демография басқармасының бастығы, Шымкент қаласы/ |
24.09.1999 | 03.07.2000 | «№1 Шымкент троллейбус паркі» ААҚ атқарушы директоры, Шымкент қаласы/ |
03.07.2000 | 03.04.2002 | Оңтүстіқ Қазақстан облысы әкімшілігінің «Энергосервисцентр» МКК директорының орынбасары, Шымкент қаласы/ |
03.04.2002 | 25.04.2002 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-ұйымдастыру инспекторлық бөлімі меңгерушісінің міндетін атқарушы, Шымкент қаласы/ |
25.04.2002 | 21.04.2004 | Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары-ұйымдастыру инспекторлық бөлімінің менгерушісі, Шымкент қаласы/ |
21.04.2004 | 10.01.2005 | Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шымкент қаласы/ |
10.01.2005 | 16.02.2006 | Шымкент қаласы Әль-Фараби ауданының әкімі, Шымкент қаласы/ |
16.02.2006 | 12.10.2006 | Шымкент қаласы әкімінің орынбасары, Шымкент қаласы/ |
12.10.2006 | 29.04.2008 | Шымкент қаласы әкімі аппаратының басшысы, Шымкент қаласы/ |
11.09.2008 | 17.09.2008 | Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, Шымкент қаласы/ |
17.09.2008 | 22.09.2008 | Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының мемлекеттік қызмет көрсету бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы/ |
22.09.2008 | 04.03.2009 | Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы/ |
04.03.2009 | 22.11.2010 | Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының орынбасары, Шымкент қаласы/ |
30.12.2010 | 15.04.2013 | «Оңтүстік» АЭА дирекциясы» ММ директорының орынбасары, Шымкент қаласы/ |
16.04.2014 | 01.08.2014 | Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысының міндетін атқарушы, Шымкент қаласы/ |
01.08.2014 | 25.02.2015 | Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әкімшілік бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы/ |
25.02.2015 | 29.08.2016 | Оңтүстік Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының әкімшілік-құқықтық және құжаттандыру жөніндегі жұмыс бөлімінің басшысы, Шымкент қаласы/ |
29.08.2016 | 27.07.2018 | Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, Шымкент қаласы/ |
27.07.2018 | 27.02.2021 | Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының басшысы, Түркістан қаласы/ |
27.02.2021 | қ.у.д.
|
Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының инспекторы (өткізу режимі), Түркістан қаласы/ |
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ
Ағымдағы жылғы 17 қыркүйек күні «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен онлайн режимде Түркістан облысы және Түркістан қаласының мемлекеттік органдары мен жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында дәріс өтті.
Аталған жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғабит Жүндібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов, облыстық мәслихат депутаты Керімхан Қадырбеков, Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан Халықаралық университетінің ректоры Жанар Темірбекова, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Гүлзия Қасыбай, «Жігер Ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақбаян Жақыпова, «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан, «Жаңару» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысы бойынша филиал төрағасы және облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов қатысты.
Іс-шара барысында алғашқы болып сөз алған «Жаңару» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов жиынға қатысушыларға алғысын білдіре отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында бірлесе отырып, нәтижелі жұмыс жасау туралы ұсынысын білдірді.
Жиынға қатысушылардың барлығы пікірлерін білдіріп, халықты құқықтық оқыту, Заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара іс-қимылы, цифрлық форматқа көшу, қоғамда заң бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру сынды мәселелерді талқылады.
Осы тұста, жиында мен де баяндама жасап, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының атынан сайланған депутат ретінде біздің партияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрестің идеялық негізіне бағытталған жұмыстарына тоқталып өттім.
Жиынды қорытындылай келе, қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға азаматтық қоғамды, жергілікті жұртшылықты, әртүрлі құрылымдар мен қоғамдастықтарды тарту маңыздылығын ерекше атап өтті.
«Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін көтеру» атты семинар
2021 жылғы 21 қараша күні Қазақстанда Парламентшілікті дамыту қорының ұйымдастыруымен өткен «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін көтеру» атты семинарға облыстық мәслихат депутаты К.Қадырбеков қатысты.
Семинарға сарапшылар, қоғамдық ұйымдар өкілдері мен депутаттар қатысты. Жиын барысында мәслихаттар жұмысының тиімділігін арттыру бойынша жұмыстарды жандандыру мәселелері талқыланып, пікірлер айтылды.
Өз кезегінде, облыстық мәслихат депутаты К.Қадырбеков баяндама жасап, ағымдағы жылғы 30 маусым күні қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аудандық, қалалық және ауылдық билік деңгейлерінің дербестігі мен жауапкершілігін кеңейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына тоқталды.
Аталған Заңда жергілікті өкілді органдардың яғни, мәслихаттардың дербестігі кеңейтіліп, жауапкершілігі күшейтілді. Осы тұста, Заңға енгізілген өзгерістер мәслихаттардың халықпен байланысын нығайтып, мәслихат сессияларының жүргізілу деңгейін, кәсібилігін арттыруға үлесі зор деп айтуға болады.
Жалпы, семинарда сарапшылар тарапынан терең ойлар мен пайымдаулар айтылып, ұсыныстар тыңдалды.
ҚР Парламенті Сенаты Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің ұйымдастыруымен өткен «Балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыдан реттеу, кәмелетке толмағандарға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» атты дөңгелек үстелге облыстық мәслихат депутаты К.Қадырбеков онлайн режимде қатысты.
Аталған жиынды ҚР Парламенті Сенатының депутаты Л.Сүлеймен жүргізіп отырды.
Дөңгелек үстелде Мемлекет Басшысы Қ.К.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде кәмелетке толмаған балалардың заңды құқықтары, оларға берілген кепілдіктер, зардап шеккен балаларды қолдау және оларға көмек беру сынды мәселелер талқыланды.
Жиында сөз алған Сенат депутаты, комитет төрағасы В.В.Волков, БҰҰ Балалар қорының Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары М.Баймұқашев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Б.Асылова, ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Э.Әзімова, ҚР Бала құқықтары жөніндегі Уәкіл А.Саин және т.б срапшылар өз ойларын білдіріп, мағыналы ұсыныстар айтылды.
Тәуелсіздік – келешектің кепілі
Күні кеше «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облыстық филиалы мен облыстық қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – келешектің кепілі» атты іс-шара өтті.
Іс-шараға «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасы Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы, облыстық мәслихаттағы «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының фракция жетекшісі Қадырбеков Керімхан Жанысұлы, желтоқсан көтерілісіне қатысушылар, зиялы қауымдар мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шара аясында Желтоқсан оқиғасына қатысушыларды Түркістан қаласының әлеуметтік-мәдени, тарихи нысандарды аралатумен бастау алып, «Ұлы Дала елі» орталығында ұйымдастырылған көрме мен салтанатты жиынмен жалғасын тапты. Салтанатты жиында арнайы дайындалған фильм көрсетіліп, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасы Әжіметов Нұржан Нұрмаханбетұлы іс-шараға қатысушыларды Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Жиын соңында Желтоқсан оқиғасына қатысушылар облыстық мәслихаттың Грамотасы мен партияның Алғыс хатымен марапатталды.