Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы

(айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қаңтар, 2013 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты; «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС директорының орынбасары
Туған кезі (күні, айы, жылы) 21.09.1980 ж.
Туған жері Өзбекстан Республикасы, Ташкент облысы, Сіргелі ауылы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 2011 ж М.Әуезов атындағы ОҚМУ
Білімі бойынша мамандығы Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру бакалавры
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Қазақша, өзбекше, орысша Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы)

 

Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
05.2006 ж.    «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС құрылтайшысы, директорының орынбасары
11.2008 ж.   «Ынтымақ Бес-Арыс»  ЖШС инженері
01.2013 ж. б.к.д.  «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС директорының орынбасары

03.02.2021

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдибаев Жомарт Махаматжанович Сарыағаш ауданы тұрғындарымен онлайн форматта қоғамдық қабылдау  өткізді.

Қоғамдық қабылдау кезінде келушілерден тұрғын үй, жер, жастарды жұмыспен қамту, сапалы жол мен таза ауыз су, көгілдір отынмен қамтамасыз етуге қатысты мәселелер көтеріліп, құрылыс нысандары бойынша сұрақтар мен ұсыныстар айтылды. Депутат онлайн қабылдау кезінде қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жауап беріп, оң шешімін табуға ықпал жасайтынын тілге тиек етті.

24.02.2021

Шеңгелді ауыл тұрғындарымен кездесу.

24.02.2021 жылы Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары А.Салимов, Ж.Абдибаев, Сарыағаш аудандық мәслихат депутаттары Н.Байгазиев, Ә.Баратов, Қ.Турдалин Жылға ауылдық округінің әкімі Ғ.Бижановпен бірге Шеңгелді елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу С.Мұқанов атындағы №57 жалпы орта мектебінің ғимаратында өтті. Кездесу барысында Шеңгелді елді мекенінің тұрғындары Жорабек Сыйлыбек, Мелдебаев Тазабек, Умирбаев Төлеби, Асанов Нұралы сапалы ауыз сумен, электр жарығымен, табиғи газбен қамтамасыз ету, жайылым жер, жол проблемаларына қатысты мәселелерді көтерді. Депутаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен, оның аудандық филиалының алдағы 5 жылға жоспарлаған бағдарламасымен таныстырып, негізгі әлеуметтік мәселелерге тоқталып өтті. Ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелер бойынша депутаттар өз тарапынан олардың шешілуіне ықпал ететіндіктерін жеткізді.

Қайырымдылық – жомарттықтың негізгі өзегі.

Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Жомарттық таныту рухсыз адамның қолынан келмейді.Қасиетті Рамазан айында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Әбдібаев Жомарт Махаматжанұлы  «Nur Otan» партиясының  «30 ізгі іс» бағдарламасы аясында Сарыағаш ауданы аумағындағы әлеуметтік көмекке мұқтаж 100 отбасыға азық- түлік себеттерін үлестірді.

Көмек алған отбасылар өз алғыстарын айтып, ризашылығын білдіруде.  «Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ»,-  деген осы болса керек.
Жақсылық жасап жарысайық!!!

ҚОС ДЕПУТАТ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

28.05.2021 ж. «Nur Otan»  партиясы Сарыағаш аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық маслихат депутаттары А.Салимов пен Ж.Әбдібаев жеке қабылдау өткізді. Қабылдауға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев та қатысты. Қабылдауға алдын ала жазылған тұрғындар   мектеп, дәрігерлік емхана, сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету және  елді мекен ішіндегі жолдарды асфальттау мәселелерін көтерді.

Мәселен, Құркелес ауылдық округі, Келес елді мекенінің ауыл биі мен №47 мектеп директоры мектеп  салу үшін құжаттарын рәсімдеуге көмек сұрады.  А. Салимов облыстық жауапты мекеме басшысымен хабарласып мәселенің мән жайын анықтады. Нәтижесінде жинақталған құжаттар мен арнайы хат Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Р.Жолаевқа жеткізілетін  болды.

Ауыл биі Қ.Сманбеков ауылдағы тозығы жеткен бағаналарды ауыстыру, жолдарды орта жөндеуден өткізуі жайлы елдің өтінішін жеткізді. Қазіргі таңда бағаналарды ауыстыруға аудандық бюджеттен қаржы қаралып жақын күндерде мәселе оң шешімін табатын болды. Ал ауыл ішіндегі көшені асфальттауға құжаттары рәсімделіп, жауапты мекемеге ұсынылғандығы  түсіндірілді.

Сонымен қатар Көктерек ауылының  тұрғыны  А.Сапаров кенттегі электр бағаналарын ауыстыруға облыстық бюджеттен қаржы қаралуына ықпал жасауын сұрады. Кент әкіміне хабарласып қосымша толық мәлімет беруі сұралып тиісті мәліметтер алынды. Бүгінгі күні ауданның ТҮКШ бөлімі тарапынан құжаттар облыстық энергетика басқармасына ұсынылған. Жалпы жобалық-сметалық құны 446056 мың теңге. Құжаттарды қос ел қалаулылары өз бақылауларына алып, оң шешілуіне ат салысатын болды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 

2022 жылғы 23 ақпан күні ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Д.Мыңбай «Nur Otan» партиясы Сарыағаш аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихатының депутаты, әрі ауданның азаматы ретінде Ж.Әбдібаев, сонымен қатар облыстық мәслихат депутаты А.Салимов, аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Отаршиев, аумақтық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Қыстаубаев, аудан әкімнің орынбасары Б.Полатов және дербес бөлім басшылары қатысты. Қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған аудан тұрғындары келіп, аудандағы қордаланған мәселерді көтерді. Атап айтқанда, қабылдауға келген аудан тұрғыны А.Батырбеков Сарыағаш ауданында республика бойынша табиғи газбен  электр қуатының бағасы жоғары екендігін алға тартып, айлық жалақылары Қазақстанда ең төмен екендігін жеткізді. Сондықтан да, Мәжіліс депутатынан  осы мәселені жауапты министрліктермен бірлесе отырып талдап, мәселені оңды шешілуіне ықпал жасауын сұрады. А.Батырбеков  ауданда жылы жайлардың барлығы көмірмен жылытылатынын  айта келе, жылыжайдан шыққан түтін  аудан тұрғындарының  денсаулығына кері әсерін тигізіп жатқанын, ауаның ластануынан экологиялық жағдайда нашарлағанын   атап өтті. Осыған орай, табиғи газдың құнын түсіруіне ықпал жасауын  сұрай отырып, өнімдердің қымбаттауына жол бермеуді сұрады. Келесі болып, қоғамдық қабылдауға келген Жылысу елді мекенінің тұрғыны С.Мамбетов жаңа мектеп салу үшін сметалық құжаттары әзірленіп, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына жолданғанын айтып, қаржы бөлуге ықпал жасауды сұрады. Қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттарын дайындауға бюджеттен 14,0 млн. теңге қаржы бөлініп, мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүріп жатқанын атап өтті. Ал, Қоғамдық қабылдауға келген Жібек жолы ауылдық округі, Қызылсарқырама елді мекенінің  тұрғыны Д.Мусабекова 10 жылдан бері тұрғын үйінің картада көрсетілмегендігін, ел шекарасы үй маңынан өткендігін айтып, әскерилер үйін бұзуды талап етіп отырғанын жеткізді. Бұл мәселе бойынша  аудан әкімдігі тарапынан  арнайы жұмысшы топ құрылып зерделеу жұмыстарын жүргізетін болып келісілді. Дегенмен де, Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай бұл мәселені тиісті министрлікке хат жолдайтынын айтып, өтінішін қабылдап алды. Қоғамдық қабылдауға келген Сарыағаш қаласының  тұрғыны І топ мүгедегі М.Найманкулов бірнеше мәселемен келді.  Бұрынғы әйелімен үй кезегіне тұрғандығын, қазіргі таңда мінездері жараспай ажырасып үйсіз қалғанын айтты. Кездесу барысында М.Найманкулов мүгедектігі бойынша төленетін жәрдем ақының төмендігін және қараушысына төленетін жәрдемақы жайлы ұсыныстар жасады.  Тұрғын үй мәселесі бойынша аудан әкімі М.Отаршиев қайта кезекке тұруын және мемлекеттік бағдарламалармен берілетін тұрғын үйлер жайлы түсінік берді. Мүгедектік тобы бойынша алатын жәрдем ақысын және қараушысына берілетін жәрдем ақы жайлы жауапты министрлікке хат жолдап, осы мәселе төңерегінде жұмыс жасалатындығы айтылды.

Келесі кезекте І – топ мүгедегі Г.Үйсінбаева тұрғын үй кезегінің жылжымай тұрғандығын айтып  шағымданды. Г.Үйсінбаеваға  тұрғын үй  ҚР заңдарына сәйкес, тұрғын үй кезегіне орай берілетіндігі түсіндірілді. Осы қоғамдық қабылдауға алдын ала жазылған Кабланбек ауылдық округінен келген А.Шарипбаев Ақниет, Қанағат, Жонарық елді мекендеріне ауыз су жүргізілуіне қаржы бөлінуіне ықпал жасауды, елді мекендерде ФАП салуды және «Мәңгілік ел» жалпы орта мектебінің күрделі жөндеуіне қаржы қарау, ағын су мәселелерін көтерді.  Аудан әкімі М.Отаршиев үш елді мекеннің ауыз суы бойынша барлық құжаттары әзірленгенін, республикалық бюджеттен қаржы нақтыланып жатқанын, ағымдағы жылы ауыз сумен үш елді мекен қамтамасыз етілетінін жеткізді. Сондай-ақ, ФАП салу жайлы партиямыздың сайлауалды бағдарламасында көзделгендей кезең-кезеңімен шешілетіндігін айтты. Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай қабылдауға келген А.Шарипбаевқа ағын суға байланысты жақын арада Су кодексі қабылданатынын, осыған орай, тездетіп ұсыныс беруін сұрады. Қоғамдық қабылдауға келген Р.Ермуратова өзінің жеке мәселесі бойынша тергеу қызметкерлерінің дұрыс жұмыс жүргізбей отырғандығын  және  тұрғын үй кезегі жайлы мәселелерін  айтты. Аудандық полиция бөлімінің басшысы тергеу қызметі бойынша аудандық полиция бөлімінде  арнайы қабылдауы ұйымдастырылатын жеткізді, ал тұрғын үй кезегі ҚР заңына сәйкес кезекпен берілетіндігі түсіндірілді. Дербісек елді мекенінен келген С.Нарбаев, Б.Абулкасимовтар елді мекендегі ауыз су тапшылығын айтып, кеңес дәуірінен келе жатқан жер астынан шығатын  ыстық суды «Рауан» ЖШС-і иемденіп алғанын жеткізді. Ондағы судың дебиті өте жоғары, алайды осы меншік иесі елді мекен тұрғындарына су беруге ауызша ғана келесімге келіп отыр. Елді мекен тұрғындарының өтініші осы мәселені заңдастырып келісім шартқа отыруға ықпал жасауға көмек сұрады. Сондай-ақ елді мекенде бала санының көбеюіне орай, қосымша мектеп ғимаратын салу қажеттігі туындап жатқанын атап өтті. Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай қоғамдық қабылауға келген С.Нарбаев пен Б.Абулкасимовтарға барлық мәселе заң шеңберінде қаралатынын, заң мамандарымен келісе отырып ауыз су мәселесін шешуді ұсынды. Ал, Елшібек батыр жалпы орта мектебінің қосымша ғимараты құжаттарының мерзімі аяқталуына байланысты қайта түзету жұмыстары жасалғаннан соң жүзеге асырылатындығы түсіндірілді. Келесі мәселе шет елдерден кіргізіліп жатқан өнімдер арзан бағада келіп біздің өнімдердің сатылуына кері әсері тиіп жатқаны айтылды. Себебі бізде тыңайтқыштар қымбат, жылы жайлардағы жалдамалы жұмысшылардың күндік  еңбекақысы 7 000 тенге көлеміндетөлеп  жатқанын айтуда. Ал, бір күндік еңбекақылары  одан төмен төлесе  дүкендердегі азық-түліктің қымбаттығын айтып еңбек етуден бас тартып жатқандарын жеткізді. Осы мәселені жауапты  министрлікте өз дәрежеңізде  көтеріп,  шаруаларға  қолдау көрсетуді  сұрады. Мәжіліс депутаты  Д.Мыңбай мәселенің  өте маңыздылығын айтып, өтініш иесінің жазбаша өтінішін қабылдап, жауапты министірлікке жолдайтындығын жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келген Нұрлы жол елді мекенінің тұрғыны Е.Бекназаров Б.Омаров атындағы жалпы орта мектебі апаттық жағдайда екенін,  мектептің сметалық құжаттары жасалғанын, бірақ  бюджеттен қаржы бөлінбей жатқанын атап өтті. Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай жазбаша өтінішін алып, жауапты министрліктерге жолдап, қолдау көрсететін жеткізді. Қабылдауға Жемісті елді мекенінен келген Р.Қамбаров ”Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы Ғылыми-зерттеу институты” ЖШС “Сарыағаш филиалы”, Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылының 289 га жерін, мемлекеттен ұзақ уақытқа жалға ала отырып, осы ауылдың халқына соңғы 15 жылдықта жерлерді жыл сайынғы төлем арқылы заңсыз жалға беріп отырғандығын атап өтті.  Осы уақытқа дейін ауыл тұрғындары 1 гектарына 90000 теңгеден жалға алып, жерді пайдаланып жатқанын айтып мәселені оң шешуге ықпал жасауды сұрады. Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай өтініш иесінің өз атына жазылған өтінішін қабылдап, жауапты министрлікке жеткізетінін айтты.

Сарыағаш қаласының тұрғыны Ж.Есенбеков журналистерге қатысты заңды қолдау жасауды сұрады. Бұл мәселеге Мәжіліс депутаты Д.Мыңбай алдағы уақытта журналистерге байланысты жақсы өзгерістер болатындығын айтып,  сабырлық жасауға  шақырды.

Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары  жауапты мемлекеттік қызметкерлер тарапынан жүзеге асырылатын болады. Ал, кездесуге қатысқан облыстық мәслихат депутаттары барлық мәселенің оңды шешілуін өз бақылауына алатынын жеткізді.

ЖЫЛҒА АУЫЛДЫҚ  ОКРУГІНДЕ МОБИЛЬДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

24.03.2022 ж. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ж.Абдибаев Мемлекет басшысы, Партия Төрағасы Қ.Тоқаевтың партияны модернизациялау тапсырмасына сәйкес,  Сарыағаш ауданына қарасты Жылға ауылдық округіндегі 3 елді мекеннің  тұрғындарына жаңа форматта  мобильдік  қоғамдық   қабылдау  өткізді. Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты шалғай ауыл тұрғындарының мәселелеріне құлақ түріп, елді мекендерде қордаланған мәселерді анықтап, тиісті деңгейде шешілуіне атсалысу. Облыстық мобильдік топты «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаев басқарып келді.  Мобильдік топтың құрамына облыстық және аудандық мәслихат депутаттары, жауапты облыстық басқарма басшылары мен қызмкеткерлері, құрылымдық бөлім мамандары енгізілді. Қоғамдық  қабылдауға  Жылға, Шымырбай, Қарақалпақ елді мекендерінің 136 азаматы келіп, өз өтініштерін айтты.  Атап айтқанда, Жылға елді мекені тұрғындарын ұялы байланыс пен интернеттің сапасының нашарлығы, көшелерге асфальт жол салу, жайылым жер, субсидия алу, ауыз су, табиғи газбен қамтамасыз ету мәселелері мазалап жүргендерін айтты.  Жылға елді мекенінің тұрғыны М.Пазылова елді мекенге жаңа амбулатория салып беруді сұрады. Бұл мәселеге облыстық қоғамдық денсаулық басқармасынан келген өкіл жобалық сметалық құжаттар әзірленіп жатқанын, 2024 жылы нысанның құрылыс жұмыстарын бастау жоспарланғанын хабарлады. Аталған елді мекеннің тұрғыны Ж.Қасымов  елді мекенде мәдениет үйін қайта құруды, балаларға үйірмелер ашуды және спорт алаңшасын ашуға өтінішін білдірді. Ж.Қасымовтың өтініші бойынша аудан әкіміне депутаттық сұраныс хат жолданатыны  түсіндірілді.

Облыстық мобильдік топ құрамы Шымырбай елді мекенінде тұрғындармен кездесіп, қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаттарын түсіндірді. Жалпы  Шымырбай елді мекені тұрғындарын  жайылым жер және жер учаскесін заңдастыру, жол жиегін реттеу, ауыз су тапшылығы мен ауылшаруашылық саласында еңбек ететін азаматтарға мемлекеттен берілетін субсидияларды уақытылы алу мәселелері  толғандырып жүргендері анықталды.  Оның ішінде, елді мекен тұрғыны Н.Мақұлов электр бағаналарының ескіргендігін   айтып шағымданды. Бұл мәселеге облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан келген  өкіл аудандық «Оңтүстік жарық Транзит» ЖШС-нің Сарыағаш аудандық бөлімшесінің  инвестжобасына енбей қалған жағдайда, қайта  ұсыныс берілетінін хабарлады.

Ал Қарақалпақ елді мекенінің халқының басым бөлігін ауыз су, табиғи газ, жайылым жер, электр бағаналарының ескіруі, жол белгілерін қалпына келтіру, бастауыш сынып мектебін кеңейту, мемлекеттік бағдарламалар мен субсидия мәселелері алаңдататыны анықталды. «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Б.Тәжібаевтың тарапынан облыстық мобильдік қоғамдық қабылдауына келген әр азаматтардың арыз-өтініштері қараусыз қалмайтыны, партия филиалы тарапынан әр азаматтың өтініштерімен қолданыстағы заңдар аясында тиісті жұмыстар жүргізілетіні түсіндірілді.

ӘЛІМТАУ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ МОБИЛЬДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Абдибаев Жомарт Махаматжанұлы 25.03.2022ж. Сарыағаш ауданы Әлімтау  ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде мобильдік қоғамдық   қабылдау өткізді.

      ҚР Президенті, партия Төрағасы Қ.Тоқаев ағымдағы жылы 1 наурызда өткен   партия съезінде партия жұмысын қайта жаңғыртуды, сонымен қатар, халықпен кері байланыс орнату мақсатында еліміздің шалғай елді мекендерінде көшпелі қоғамдық қабылдаулар өткізуді тапсырған болатын.           

    Қабылдаудың басты мақсаты:  Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты халық үніне құлақ асу, елді мекендегі қордаланған өзекті мәселелерді жинақтап, жергілікті атқарушы органдармен бірлесе отырып, оң шешімін табуына барынша ықпал ету болып табылады. Сондай-ақ, ҚР Заңнамаларына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу мақсатында азаматтардың ұсыныс, талап-тілектерін жинақтау.

   Осыған орай, Сарыағаш ауданы Әлімтау елді мекенінде облыстық мобильдік топпен бірге депутат Ж.Әбдібаев қоғамдық қабылдауға  келген  әр азаматпен кездесіп, елді мекендегі қордаланған өзекті мәселелерді жинақтады. Бірінші кезекте елді мекен тұрғындарын  жайылым жер мен мал қораларына құдық қазуға мемлекеттен субсидия алу мәселесі алаңдатып отырғаны анықталды. Аудан халқының негізгі күнкөрісі егін және мал шаруашылығы болғандықтан мемлекеттен берілетін субсидия мен жеңілдетілген несиелерді алуға шағымданушылар көп болды.  Әлімтау елді мекенінің тұрғыны Д.Құранов қуаңшылық кезінде шаруаларға  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы жем-шөп алуға жеңілдетілген 6 пайыздық несиені Әлімтау елді мекеніне беретін болып, оған 150 млн. теңге қаржы қаралды деп, құжаттар дайындатқан болатын. Алайда Әлімтау елді мекенінде 22 адам ғана несие алып, қалған 42 азаматқа  қаражат жетпей, күні бүгінге дейін несие ала алмай жатқандығын  айтып, көмек сұрайды. Ал, Т.Садыбеков  жайылым жеріне  құдық қазуға және 8 отар қойына мемлекеттен субсидия алуға ықпал жасауды өтінді. Сонымен қатар қоғамдық қабылдауға келушілер   Әлімтау ауыл округіне қарасты Көктал мен Ыстытоғай елді мекендеріндегі   700 га жерді суару үшін электр желісін тартып беруді өтініш білдірді. Аталған елді мекендерге электр желісі тартылған жағдайда  елді мекенде жабылып қалған негізгі мектептері ашылып, бірқатар  отбасылар егістік жерден табыс тауып тұрмыстық жағдайлары жақсаратыны айтылды. Осындай тектес мәселелер Жайдаққұдық елді мекенінің тұрғындары тарапынан да айтылды.

 Жалпы Әлімтау ауыл округінде өткен мобильдік қоғамдық  қабылдауға 132 азамат келіп, өз өтініштерін білдірді. Әр азаматтардың өтініштері жеке-жеке қаралып, атқарушы органдағы жауапты  мамандардың тарапынан түсініктемелер берілді. Ал, шешімі уақытты қажет ететін күрделі проблемаларды мәслихат депутаттары мен облыстық басқарма басшылары бірлесе отырып,  қадағалауға алатын болды.