Үмбетаев Ибадулла

  • Үмбетаев Ибадулла

    Еңбек жолын Бүкілодақтық мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Мақтаарал мақта шаруашылығы тәжірибе станциясында аға лаборанттық жұмысынан бастап, ғылыми қызметкер, жалпы талдаулар лабораториясының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Шымкент облысы Жетісай аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас агрономы, Жетісай аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, Ленин атындағы кеңшардың директоры, Келес аудандық агроөнеркәсіптік бірлестігінің төрағасы, ҚР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті Шымкент облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының орынбасары болған. Бөген аудандық атқару комитетінің төрағасы, ҚР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті Шымкент облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған. ҚР Шымкент облыстық Кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары, Жетісай аудандық әкімшілік басқармасының бастығы, Жетісай ауданының әкімі, Мақтаарал аудандық су шаруашылығы басқармасының бастығы қызметін атқарған. 1997-1999 жылдары Мақтаарал ауданының әкімі, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Мақтаарал ауылшаруашылығы тәжірибе станциясының директоры қызметтерін атқарған. 2006-2008 жылдары ҚР ауыл шаруашылығы министрлігі «КазАгроИнновация» АҚ Қазақ Мақта шаруашылығы Қазақ Мақта шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының Бас директоры болып қызмет атқарып келе жатыр.