Құрметті ұстаздар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім – тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт – бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ұстаз – бұл өмірде ең құрметті және мақтан тұтатын атақ!

Сіздердің қоғам мен адамзат алдындағы еңбектеріңіз өлшеусіз. Осы орайда, керемет сәтті пайдалана отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстарыңызбен мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыстар тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Әрдайым шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөлене беріңіздер. Кәсіптеріңіз шығармашылық ізденістер мен ғылыми жаңалықтарға арта берсін.

Мерейлеріңіз үстем болсын!

Құрметпен,

Түркістан облыстық

мәслихатының хатшысы

Қ.Балабиев