Құрметті қаржыгерлер!

Сіздерді кәсіби мере­келеріңіз – Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен бюджеттік саясаттың тиімділігі Республиканың әлеуметтік-экономикалық жаңғыруының, тың жобаларды іске қосу жолында сәттілікке бастайды.

Бүгінде толағай табысқа бастайтын ауқымды істерді жүзеге асы­руға қар­жы мекемелерінің тәжірибелі, өз ісіне берік, білікті қыз­меткерлері үлкен үлес қосып келеді.

Осы орайда, мерекелеріңізбен құттықтай отырып, Сіздерге шын жүректен отбасыларыңызға амандық, қаржы ісіндегі жұмыстарыңызға тұрақтылық пен жаңа табыстар ті­леймін!

 

 

Құрметпен,

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы

Қ.Балабиев