Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Наурыз – жаңалық пен жақсылықтың, мейірім мен имандылықтың, жаңару мен жаңғырудың, жасару мен жасанудың, ерен еңбектің, буырмалдық пен достықтың, ықылас пен ынтымақтың, береке басы бірліктің мерекесі.

Наурызды шығыс жұрттары, оның ішінде тілегі мен жүрегі бір түркі халықтары ұлы күнге балаған, Жылдың басы санаған.

Бүгінде тәуелсіздігіміздің арқасында Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурыз еліміздің барша халықтары үшін ең қымбат, мән-мәністі, мазмұнды мейрамға айналып отыр.

Наурыз аманаты, Наурыз тілегі, Наурыз ниеті – ең абзал аманат, ең таза тілек, ең адал ниет. Олай болса, Наурыз мерекесі баршаңызға жаңа жетістіктер, молшылық пен татулық әкелсін. Сиыр жылы ел тыныш, туған жер аман болып, әр отбасында шат көңіл, бақыт және береке салтанат құрсын!

Баршаңызға дендеріңізге саулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақыт және амандық тілеймін!