
Құрметті Түркістан облысының тұрғындары!
Сіздерді Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймын!
1993 жылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енді. Бұл күн Қазақстан тарихындағы атаулы күндердің бірі болып саналып, теңге – біздің ел мемлекеттілігінің басты белгісіне айналды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатының нәтижесінде осы 28 жыл ішінде мемлекетіміздің символына айналған теңге Тәуелсіздігімізді нығайта түсті.
Теңгенің айналымға енуі біздің елдің ұлттық нарық инфрақұрылымының қалыптасуына, қаржылай-несиелік және бюджеттік-салықтық саясатты жүзеге асыруға, реформалар бастауындағы макроэкономикалық тұрақтылықтың тиімді тұстарын ұстануға қажетті қадамдарымызды айқындауға септігін тигізді.
Баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге шын жүректен отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілеймін!
Құрметпен,
Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы
Қ.Балабиев
0 пікір
Пікір жазыңыз