Құрметті Түркістан облысының тұрғындары мен қонақтары!

Баршаңызды 1 Мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл күн – әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.

Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық – біздің ең маңызды байлығымыз! Дана халқымыз «Бірлік бар жерде – тірлік бар» демекші, бүгінде ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында мемлекетіміз өркендеп, ілгері басып келеді.

Осы орайда, баршаңызды айтулы мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға аманшылық пен шаттық, бақыт-береке, ашық аспан және елімізді өркендету жолындағы еңбектеріңізге мол табыс тілеймін!

Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!