Құрметті Отандастар!

Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне қоныс аударған түрлі этнос өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай халқына деген терең тағзымның белгісі.
Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске мейіріммен жауап қайтаруға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Кең пейілді қазақ халқы қашанда әрбір игі іске ризашылығын білдіріп, алғыс айтып отырған. Осындай құндылықтардың қадіріне жете білген елдің келешегі кемел болары анық. Ендеше, көңілді жадырататын жақсылық істеріміз бен айтар алғысымыз әрдайым көп болсын дегім келеді.
Осы орайда, бүгінгі күні Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған өнегелі істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтамын.
Мерекелі күні дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы
Қайрат Балабиев