Құрметті журналистер, бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын! 

Бүгінде Сіздер Президентіміз бастаған мемлекеттік саясаттың нағыз жаршысы ретінде халықты игі бастамаларға бастау, ел арасындағы ынтымақ пен бірлікті насихаттау, қалың көпшілікті жақсы да жарқын істерге жетелеу жолында ересен еңбек атқарудасыздар.

Сіздердің күнделікті жұмыстарыңыз, кәсіби істеріңіз бен ерен еңбектеріңіз елімізді одан әрі дамытуға ықпалы зор деп білемін.

Осы орайда, Сіздерге кәсіптеріңізге деген адалдықтарыңыз, болып жатқан жаңалықтарды тұрғындарға жеткізіп, маңызды әлеуметтік міндеттерді шешуге үлес қосып келе жатқандарыңыз үшін үлкен алғысымды білдіремін.

Журналистика саласын дамытуға   сіңіріп  жатқан белсенді еңбектеріңіз әрдайым лайықты бағаланып, қаламдарыңыз ұштала берсін дегім келеді.

Алдағы уақытта да өркениетті еліміздің өсіп, өркендеуі мен дамуы жолында тартулы табыстарға жете берулеріңізге тілектеспін.

Жұмыстарыңызға шығармашылық табыс, бақыт және денсаулық тілеймін! Мәртебелеріңіз биіктей берсін!

 

Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы,

Қайрат Балабиев