Құрметті, жерлестер!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғыс айту күнін мерекелеудің басты мақсаты – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын, қазақстандық бірегейлік пен ел бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамыту, қазақстандық құндылықтарды бағалау болып табылады.

Сонымен қатар, бұл күн – қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін, еліміздегі ең жарқын мерекелердің бірі.

Осы орайда, бүгінгі күні Егемен еліміздің бірлігі мен берекесін нығайтып отырған игілікті істеріңіз үшін баршаңызға алғыс айтуға рұқсат етіңіздер.
Мерекелі күні дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін!