Құрметті жерлестер!

Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – әлемнің түкпір-түкпіріндегі балаларға қуаныш сыйлаумен қатар кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға үндейтін айрықша күн.
Осы орайда, жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен барша балақайларды құттықтай отырып, балаларымызға амандық, мықты денсаулық, бақытты балалық шақ тілеймін.
Әрқашан жолдары ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!