Құрметті жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Конституция – бұл мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықты ел ретінде айқындайтын басты құжат және адамның құқықтары мен бостандығының сақталуының, мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.

Бүгінде қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген конституциялық нормалар қоғамдық өмірімізбен біте қайнасып, өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Соның арқасында ынтымағы жарасқан Қазақстан халқының қарымды істері әлем жұртшылығы үшін үлгі-өнегеге айналды. Мұның өзі біздің Ата Заңымызда бүкіладамзаттық құндылықтар мен өркениеттік игіліктердің барлығы қамтылғанын айғақтайды.

Әрине, Конституциямыздың мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, сондай-ақ жеке өзіміз, отбасымыз бен балаларымыз үшін маңыздылығын әрқайсымыз жете түсініп бағалауымыз қажет. Сондықтан, әрбір азамат конституциялық құқықтарын біліп, сол заңдардың талаптарына бағынуы керек.

Осы орайда, Ата Заңның қағидаттары мен нормаларын ұстану – барлығымыздың құрметті парызымыз және қасиетті міндетіміз.

Осынау мерекелі күні барлықтарыңызға зор денсаулық, игілікті істеріңізге мол табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін!

Еліміздің іргесі аман, келешегі кемел болғай!

 Құрметпен, Қайрат Балабиев!