Қырықбаев Темір Базарбайұлы

(айы,жылы)

Қаңтар, 2021ж.

Қыркүйек, 2008 ж.

Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

«Таймас company» ЖШС директоры, бас құрылтайшысы.

Туған кезі (күні, айы, жылы) 03.05.1983 ж.
Туған жері Өзбекстан Республикасы Жызақ облысы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы

2004 ж.

2013 ж.

Қазақ гуманитарлық заң университеті, Астана қаласы.

«Сырдария» университеті, Түркістан облысы, Жетісай қаласы

Білімі бойынша мамандығы

Құқықтану – заңгер.

Қаржы – экономист.

Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі орыс тілі, өзбек тілі, қырғыз тілі, түрікше (сөздікпен) Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

жоқ
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 

Келген / Кеткен

айы және жылы

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
11.2006 05.2008 «Абучина» ЖШС, директордың орынбасары
09.2008 б.к.д «Таймас company» ЖШС директоры, бас құрылтайшысы.

20.01.2021 ж.

Тұрғындармен кездесу

Бүгінде 1545 тұрғыны бар Қазыбек би ауылдық округінің Таубай ата елді мекенінде тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін «Жетісай су» МКК қарасты 1 ауыз су мұнарасы, 1 омега қондырғысы  жұмыс істейді. 2017 жылы 196 тұрғын үйге ауыз су есептегіш құралдары орнатылып, 1текше метрі 47 теңгеден беріледі. Тұрғындарды таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында 2008 жылы жаңадан ауыз су жүйесі тартылып, 272 метр тереңдікке бұрғылау жұмыстары жүргізілген. Әйтсе де, тұщы судың орнына ащы су шығып, тозығы жеткен ауыз су құбырлары қайта құруды қажет етеді.
Тұрғындардың бастамасымен жергілікті әкімдік Жетісай ауданының жер комиссиясының хаттама қорытындысын дайындап ауыз су жүйелерін жүргізу және ауыз су құрылымдарына тұрақты жер пайдалану құқығымен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі атына бөлініп, шешім шығару үшін жерге орналастыру жобасы дайындалуда.
Бұл жөнінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Темір Қырықбаев пен Талғат Қаржауовтың, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Айбек Сұлтанмұраттың 2021 жылы 20 қаңтар күні Қазыбек би ауылдық округіне қарасты Таубай ата ауылының тұрғындарымен жүздесу барысында айтылды.

2025 жылға дейін аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен 100 пайыз қамтамасыз ету міндеті қойылғандығын, бүгінде аудандағы 113 елді мекеннің 103-і орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгендігін айтқан депутаттар ауыз су желілерінің жалпы ұзындығы 953,7 шақырымды құрайтынын жеткізді. Халық қалаулылары айтылған мәселелер бойынша құзырлы мекемелермен тиісті жұмыстар жүргізе отырып алдағы уақытта Таубай ата тұрғындарының сапалы таза ауыз сумен қамтылуын қадағалауларына алатындықтарын айтты.

18.01.2021 ж.

2021 жылы 18 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Жетісай  аудандық филиалының мәжіліс залында, Жетісай ауданының  облыстық мәслихат  депутаттары Қырықбаев Тимур мен Қаржауов Талғат аудан тұрғындарымен кездесіп, алғашқы жұмысын бастады.  Кездесуге ауыл шаруашылық бөлімінің басшылары мен  шаруа қожалық басшылары және  құқық қорғау ұйымының басшыларымен кездесіп сайлауалды бағдарламаға енбей қалған мәселелерді көтеріп, алдағы уақытта енгізу  жолдарын ұсынды.  Ауыл шаруашылық саласындағы өзекті мәселелер шаруаларға қажетті ағынсу мен тік дренаждардың  жұмысын жақсарту жолдары ұсынылды. Аудандағы  ауыл шаруашылыққа қарасты  өзекті мәселелер қозғалып облыс көлемінде шешімін табатын ұсыныстар айтылды.

04.02.2021ж.

Қоғамдық қабылдау

2021 жылы 4 ақпан күні «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, мемлекеттік-құқық мәселелері және жергілікті өзін-өзі басқару жөніндегі тұрақты комиссия мүшесі Темір Қырықбаев пен Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Жұмағали Төреқұл, «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихат депутаты Әділхан Асауов жергілікті тұрғындарға қоғамдық қабылдау өткізді. Аталмыш қабылдауға Жетісай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев, аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Мырзабек Әбішев пен Жетісай қаласы әкімінің орынбасары Мейіржан Алтынбаев қатысты.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың бірі, Жаңа ауыл ауылдық округіне қарасты Жаңа ауыл елді мекенінің тұрғыны Шариф Давранов ауыл балаларының салауатты өмір салтын ұстанып, жат қылықтардан бойларын алшақ ұстаулары үшін, спорттық үйірмелер ұйымдастыруға, қажетті құрал-жабдықтармен жабдықтауға көмек беруді сұрады.

Ынтымақ ауылдық округі, Нұр ауылының тұрғыны Құрбанай Муссулумова несиесін жабу үшін зейнетақы қорындағы қаражатын алуға көмек беруді сұрады.

Ал, Жетісай қаласының тұрғындары Бахтыгүл Джолдаева, Дүйсенкүл Ибрагимова және Айманкүл Қозыбаева баспана мәселесін алға тартты.

Қызылқұм ауылдық округі, Қызылқұм ауылының тұрғыны Сәрсенбай Аджиханов ескі үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына халық қалаулыларынан қаржылай көмек көрсетуді сұрады. Бүгінде 4 перзентімен 1950 жылы салынған ескі үйде тұрып келе жатқан жалғызбасты әке еденнің ескіріп, терезелерінің қирап жатқанын айтады. Сонымен қоса, оның жалдамалы жұмыстан тапқан табысы азық-түліктен артылмайтындығын жеткізді. Айтылған бұл өтінішке байланысты облыстық мәслихат депутаты Темір Қырықбаев алдағы екі айда өз қаржысы есебінен тиісті жөндеу жұмыстарын жүргізіп беруге уәде етті.

Қоғамдық қабылдау барысында мәселесін айтқан әрбір азаматқа тиісті сала мамандары тарапынан құқықтық кеңестер беріліп, заң аясында жұмыстар жүргізілді.

05.02.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылы 5 ақпанда «Nur Otan» партиясы Жетісай  аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жоспарына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, Темір Қырықбаев  қоғамдық қабылдау өткізді.   Қабылдауға Ләззат Тулемисова Амангелді ЖОМ-ін күрделі жөндеуден өткізу, мектеп мұғалімдеріне сыйақы тағайындау, Ә.Оспанов ауылының ауыз су мәселелері бойынша сұрақтарын қойды. Келесі қала тұрғыны Жусипова Ғанипа  тұрғын үйі  апатты жағдайда екенін айтып көмек сұрады. Халық қалаулысы қойылған сұрақтардың заң аясында оңтайлы шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

04.03.2021 ж.

АЙТЫЛҒАН ӨТІНІШТЕР ҚАРАУСЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темір Базарбайұлы Қырықбаев ағымдағы жылдың 4 наурызында «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында, аудан тұрғындарына қоғамдық қабылдау өткізді.

Партия филиалының бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес өткізілген қоғамдық қабылдауға «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әділхан Асауов, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары қатысты.
Елді мекендерден қабылдауға келген тұрғындар бірінші кезекте ауылдардағы сапалы таза ауыз су, қолжетімді баспана мемлекеттік бағдарламалары арқылы тұрғын үй алудың мүмкіндіктері мен заңдылықтары, ауданаралық және ішкі жолдар мен көшелердің сапасы, орта және ағымдағы жөндеуден өткізу, сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген және көпбалалы аналардың мемлекеттік жәрдемақыларды алуы мәселелерін көтерді.
Тұрғындар тарапынан айтылған әрбір мәселе бойынша жауапты мамандар тарапынан жан-жақты талқыланып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ал, зерттеп-зерделеуді қажет ететін кейбір жағдаяттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп, нәтижесі жазбаша түрде берілетін болады. Айтылған мәселелердің аяқсыз қалмауын жеке бақылауыма алатын боламын.

26.03.2021 ж.

Облыстық мәслихат депутаты Т.Қырықбаев Жетісай ауданының құрметті азаматы Кенжехан Төлебаевпен канвассинг кездесу өткізді. Кездесу барысында  депутат Т.Қырықбаев ҚР Тұңғыш Президенті, «Nur Otan» партиясының төрағасы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы аясында облыс тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған жоспарларын, оның ішінде Жетісай ауданында атқарылатын жұмыстардың барысымен таныстырды.

Сондай-ақ, сайлауалды бағдарламаның 7 бағыты бойынша жоспарларды жүзеге асыру ісінде 131 іс-шараны қамтитын жол картасы қабылданып, әлеуметтік, білім, денсаулық, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, шағын және орта бизнесті дамыту салаларында кешенді жұмыстар жүргізілетін жеткізді.

Кездесу соңында ардагер К.Төлебаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында атқарылатын істерге сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

08.04.2021 ж.

Жетісайдағы қоғамдық қабылдау

Ағымдағы жылдың 8 сәуір күні облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қырықбаев «Nur Otan» партиясы Жетісай аумақтық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген Серікбаев Есмаханбет Тәңірбергенұлы Жетісай педагогикалық колледждің қызметкері Б.Өнеровтың заңсыз әрекетіне шағымданды. Нәтижесінде Т.Серікбаевтың шағымымен Жетісай ауданының прокуратурасы тікелей айналысатын болды.

Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға Жылы-су ауыл округіне қарасты Баққоныс елді мекенінің тұрғыны Досмуратова Құрбанкүл Бахматуллақызы келіп, ауылындағы автомобиль жолының тозығы жеткенін, тік дренаждың істен шығуынан жер асты суының көтерілгенін айтып, шағымданды. Б.Досмуратоваға «Nur Otan» партиясы Жетісай ауданының бес жылдық сайлауалды бағдарламасында 285 дренажды іске қосу жоспарланғаны түсіндірілді. Жол мәселесі бойынша ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап Баққоныс елді мекеніндегі Ы.Алтынсарин көшесінде жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

Қабылдауға келген Ералиев ауыл округіне қарасыты Үтір төбе елді мекенінің тұрғыны Мұсаев Мұрат Әбдіханұлы ауылында интернет жүйесі істемей тұрғанын айтып, көмек сұрады. Өтініш иесі М.Мұсаевқа бұл мәселемен ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық мәслихаттың депутаты ретінде «Қазтелеком» АҚ Түркістан облыстық филиалының басшысына арнайы депутаттық сауал жолдағанын айта келе, тұрақты бақылауда болатынын ескертті.

Қоғамдық қабылдауға келген Токмирзаева Оразкуль Ташимовна баласын мүгедектікке шығару үшін көмек сұраған болатын, бұл мәселені аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары өз бақылауына алып, заң аясында көмек көрсететінін жеткізді. Осындай мәселемен келген көп балалы ана Медетова Бағила Дүйсенқызы мен Исыраелова Айым Сапарқызы тұрмыстық жағдайына орай материалдық көмек көрсетуді өтінді. Өтініш иелерінің уәждерін тыңдағын аудан әкімдігінің жауапты бөлім басшылары заң аясында көмек көрсететін болып шешілді. Қорыта айтқанда қабылдауға келген әрбір аудан тұрғындарының өтініштері толық шешімін тапқанға дейін жеке бақылауында болатындығын айтты.

04.06.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 04 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темір Қырықбаев «Бірыңғай әлеуметтік терезе» жобасы аясында «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, ауыз су, әлеуметтік көмек, тұрақты жұмысқа орналасу және емханаға кондиционер орнату және т.б.

Қабылдау барысында депутат Темір Қырықбаев аталған мәселелердің оң шешімін табуға атсалысатынын жеткізді.

08.07.2021 ж.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 2021 жылғы 08 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Темір Қырықбаев «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауда тұрғындар құрылыс және әлеуметтік көмек көрсету мәселелерін көтерді.

Қабылдауға келген аудан тұрғыны Ләззат Тулемисова Аманкелді ауылына мәдениет үйін салуға және бала-бақша ашуға ықпал жасауға өтініш білдірді.

Сондай-ақ, аудан тұрғындары Мария Божымбетова жол мәселесін шешуді, Қанағат Шайхова мен Айгүл Әжібекова өздерінің әлеуметтік жағдайларының төмен екендігін айтып, азық-түлік жағынан көмек беруін сұрады. Тұрғындардың тұрмыстық жағдайларын ескере отырып, депутат Темір Қырықбаев Қанағат Шайховаға қаржылай көмек көрсетсе, Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Төреқұл Жұмағали Айгүл Әжібековаға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті.

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2021 жылғы 12 қыркүйек күні «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары Қырықбаев Темір Базарбайұлы және Қаржауов Талғат Рахматуллаұлы қабылдау өткізді.

Қабылдауда аудан тұрғыны Сазанова Гульжан Мыңбайқызы АҚЖ – мен жұмыс сұрап келген болатын. Азаматша қаңтар- қыркүйек айларында жұмыс істеген, жаңа жылдан бастап өтінім берілсе АҚЖ мен қайта жұмыс жасайтыны түсіндірілді. Оспанова Жомгул Айтбайқызы АҚЖ – мен жұмыс және жолдасының денсаулығына байланысты көмек сұрап келген болатын. Азаматшаға жаңа жылдан бастап өтінім берілсе АҚЖ мен қайта жұмыс жасайтыны түсіндірілді. Жолдасы Қарабеков Нұрланға денсаулығына байланысты мүгедектікке шығаруға ықпал жасалынатын болды. Дәрі-дәрмек алу үшін облыстық мәслихат депутаты Т.Қырықбаев тарапынан қаржылай көмек көрсетілді. Кумаров Баймахан, Тоқболат ауылына тас жол салу керектігін айтып арызданған болатын, азаматқа аудандық маңызы бар тас жол болған соң 2020 жылы қазанда конкурс өткізіліп, мердігер анықталып, алайда қаржы болмаған соң тоқтап қалған. Енді ағымдағы жыл бір слой асфальт төселінеді. Қыркүйек айының соңында жұмыс басталатындығын мәлімдеді. Укибаева Құндыз мүгедек бала асырап отырған жалғыз басты ана пәтер мәселесі бойынша көмек сұрады, азаматша үйдің кезегінде 848 кезекте. Депутат Т.Қырықбаев ай сайынғы пәтер ақысын төлеуге қаржылай көмек көрсетті. Нәтижесінде бір қатар мәселелер оң шешімін тауып түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2021 жылғы 4 маусым күні «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің жоспарына сәйкес, облыстық мәслихат депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға Қазыбек би а/о, Құрбан ата ауылының тұрғыны Налибаев Ақылбай ауыз су мәселесімен партияға шағымданған. Халық қалаулысы араласуымен бүгінгі таңда ауыз су мәселесі толық шешілгенін жеткізді. Келесі Жетісай қаласының тұрғыны Гарчева Людмила атаулы әлеуметтік көмек алу бойыншша өз өтінішін жеткізді. Жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, алайда құжаттары толық болмауына байланысты құжаттары кері қайтарылғандығын жеткізді. Себебі 2011 жылғы туылған Чукаева Диананың әкесінен алимент өндіруге арыз білдірмеген. Азаматшаға осы айға АӘК тағайындалғанын жеткізді. Келесі Сапарбай Гульназ Сейтханқызы әлеуметтік көмек сұрап арызданған. АӘК –ке табысы асып кеткен Т.Қырықбаевтің араласуымен ақылы қоғамдық жұмыс жасауға нұсқаулық берілді. Ауыл әкімі жұмысқа орналастырып беруге көмектесетінін жеткізді. Келесі Жетісай қаласының тұрғыны Г. Жусипова көмек сұрап өтініш білдірді. Жұмыспен қамту және әлуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы, азаматша атаулы әлеуметтік көмекті алу үшін 2020 және 2021 жылдары өтініш білдіріп, құжат тапсырмағанын жеткізді. Құжаттарын жинақап тапсыруын жеткізді. А.Қабаева Жетісай қалалық емханаға мемлекет тарапынан ауа мұздатқыш орнатып беруін сұрады. Қырықбаев Темір Базарбайұлы азаматшаға жазбаша жазып беруіне нұсқаулық берді. Жазбаша арызды берсе, облыстық денсаулық басқармасына депутаттық сауал жолдап, мәселенің оң шешілуіне ықпал жасайтынын айтты.

Мәселесі оң шешілген азаматтар партия мен халық қалаулысына өз алғыстарын жеткізді.

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

2021 жылғы 8 шілде күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, Жетісай ауданында жеке азаматтарды қабылдау бойынша облыстық мәслихат депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Бірінші болып қоғамдық қабыдауға келген Ләззат Тулемисова менің мектепке демеушілік жасап, түрлі түсті екі принтер алып бергеніме алғысын айта келе Аманкелді ауылында мәдениет үйін салуға және бала бақша ашуға ықпал жасауға өтінішін білдірді. Азаматша Ләззат Тулемисованың өтініштері бойынша Аманкелді ауылында мәдениет үйін салуға аудан әкімдігінде 2023 жылы қаржы бөліну жоспарланғанын жеткіздім. Ал, елді мекенде бала бақша ашу мәселесі бойынша аудан әкімдігі тарапынан жасалынатын бағдарламаға енгізуге аудан әкімдігінің жауапты мамандарына ұсыныс бердім. Сондай-ақ, қоғамдық қабылдауға келген аудан тұрғыны Божымбетова Мария Рыскұлбекқызы Қазыбек би ауылдық округіне қарасты, Құрбан ата ауылы, Ақжол көшесінің бойында жаңадан дүкен салынуына байланысты, әкімдік қызметкерлері жолды жауып қойғандығын айтып шағымданды. Арызданушы аталған дүкенді қолданыстағы құрылыс нормаларына сәйкес, заң түрінде салынғанын жеткізді. Сондықтан да, әкімдік қызметкерлері күні бүгінге дейін ешқандайда шара көре алмай отырғанын айтып, осы мәселені шешіп беруге көмек сұрады. Азаматша М.Божымбетованың шағымын талдай келе, бұл мәселені оңды шешілуін Жетісай аудандық мәслихат депутаты Төреқұл Жұмағали мен Қазыбек би ауылдық округі әкімдігінің және құрылыс бөлімінің жауапты мамандарына тапсырдым. Қоғамдық қабылдауға келген азаматша Шайхова Қанағат Қалтайқызы өзінің әлеуметтік жағдайын айтып, азық– түлік жағынан көмек беруді сұрады. Азаматша Қ.Шайхованың тұрмыстық жағдайын ескере отырып, депутат тарапынан қаржылай көмек көрсетілді. Қабылдауыма келген жалғыз басты ана Әжібекова Айгүл тұрмыстық жағдайын айтып, азық- түлік жағынан көмек беруді сұрады. Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Төреқұл Жұмағали азаматша А.Әжібековаға азық-түлік себеттерімен көмек көрсетті. Нәтижесінде қоғамдық қабылдауға келген бір қатар азаматтардың мәселелері оңды шешіліп, өз алғыстарын білдірді

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ 2021 жылғы 18 тамызда «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, Жетісай ауданында жеке азаматтарды қабылдау бойынша облыстық мәслихат депутаты Қырықбаев Темір Базарбайұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабыдауға бірінші болып келген Мақталы ауыл округіне қарасты, Дархан ауылының тұрғыны Сарбаева Салима 2014 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрғанын, бірақ күні бүгінге дейін мемлекет тарапынан тұрғын үймен қамтамасыз етілмегенін айтып, көмек сұрады. Азаматша С.Сарбаеваға Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңының 69 бабындағы халықтың әлеуметтiк жағынан осал топтарына жататын азаматтардың тұрғын үйді кезегімен алатын тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар, С.Сарбаева тұрғын үй кезегінде 166 кезекте тұрғаны және тұрғын үй заң аясында кезекпен берілетіні атап өтілді. Дегенмен де, азаматша С.Сарбаеваның тұрмыстық жағдайын ескере отырып, депутат өз қаражатының есебінен уақытша пәтер жалдап тұруға көмек беретін болып шешім қабылдады. Келесі болып қоғамдық қабылдауға келген Ибраев Қалдарбек ағамыз өзінің тұрмыстық жағдайын айта келе, өзін зейнеткер және бірінші топ мүгедегі екенін, мемлекеттен берілетін қаржылардың жетіспейтінін айтып, қаржылай көмек беруді сұрады. Қалдарбек ағамыздың тұрмыстық жағдайын ескеріп, ата-бабаларымыздан қалған салтымызды сақтай отырып, депутат өзінің мүмкіндігіне қарай қаржылай көмек берді. Кезекті қабылдауға келген Абдуллаева Гүлдар өзінің жалғыз басты ана, қарамағында мүгедек қызы бар екенін айтып, 2020 жылы өздері тұрып жатқан үйді су басып, едендері бұзылып кеткенін айта келе, тұрғын үйдің еденін жөндеп беруге көмек сұрады. Бұған дейін аудандағы барлық мемлекеттік органдарға барып, көмек сұрағанын, бірақ бірде-бір мемлекеттік орган көмек бермегенін айтты. Абдуллаева Гүлдардың тұрмыстық жағдайындағы қиындықтарды есіте отырып, депутат тұрғын үйдің еденін қайта қалпына келтіріп беруге уәде етті. Қоғамдық қабылдауға көптің көкейінде жүрген Жетісай қаласындағы «Тұран» мектеп-гимназиясының құрылысына шағымын айтып, Сарсеков Тұрар ағамыз келді. Аталған мектеп-гимназиясында 2019 жылдан бері қайта құрылыс жұмыстары жүргізіліп келе жатқанын, бірақ мердігер мекеме тарапынан мекептің құрылысын тездетіп, сапалы аяқтау жөніндегі жұмыстары мүлдем байқалмайтынын айтты. Депутат Сарсеков Тұрар ағамызға «Тұран» мектеп-гимназиясының құрылысын облыстық құрылыс басқармасы басшысы мен бірлесіп қатаң бақылауға алатынын, құрылыс жұмыстарын тездетіп аяқтауға атсалысатынын жеткізді. Бүгінгі қоғамдық қабылдауға келген бірқатар азаматтардың мәселелері оңды шешіліп, депутатқа алғыстарын айтып, қоштасты.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫ  ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

 

Ағымдағы жылдың 25 қаңтар күні «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының жұмыс жоспарына сәйкес, облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қырықбаев Жетісай ауданында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға  алдын ала  ауданның  6 азаматшалары жазылып, өздерін толғандырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін айтуға жеке қабылдауға келді. Бірінші болып келген Жетісай қаласының тұрғыны М.Исаева өзінің тұрмыстық жағдайын айта келе, әлеуметтік көмек беруді сұрады. Азаматша М.Исаеваның  отбасылық жағдайын анықтап,  депутат өзінің тарапынан   көмек  берді. Келесі болып көпбалалы ана М.Букатова келіп,  тұрғын үймен қамтамасыз етуге және тұрақты жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Мемлекеттік бағдарлама арқылы азаматша М.Букатованы жұмысқа орналастыруды аудан әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының басшысына тапсырылды. Ал, тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй туралы» заңындағы талаптарға сәйкес берілетіндігі түсіндірілді.

Қоғамдық қабылдауға келген бір топ аудан тұрғындары А.Бикарынова, Ж.Эшмурадова, Н.Дилдабекова, Г.Қанаевалар  өздерінің  тұрмыстық  жағдайлдарын айтып, балаларына атаулы әлеуметтік көмек алуға көмек беруді сұрады. Қоғамдық қабылдауға келген аналарға аудандық жұмыспен қамту орталығының басшысы атаулы әлеуметтік көмек алудың заңдылығын түсіндіріп берді. Қоғамдық қабылдауға келген азаматшалардың барлығы өздерінің ризашылықтарын айтып, заң аясында мемлекеттік органдарға құжаттарын тапсыратындарын жеткізді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 

2022 жылғы 21 ақпан күні Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар Бегалыұлы «Nur Otan» партиясы Жетісай аудандық филиалында  қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихатының депутаттары  Темір Базарбайұлы Қырықбаев пен Талғат  Рахматуллаұлы  Қаржауов, аудан әкімі  Мұрат Болатұлы Қадырбек және құқық қорғау органдарының басшылары мен аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары қатысты. Қоғамдық қабылдауға ауданымыздың әр елді мекенінен 12 адам келіп, елді мекендеріндегі қордаланған мәселелерді айтып, шешіп беруге  көмек сұрады. Қоғамдық қабылдауға келген елді мекен тұрғындарының негізгі мәселелері ауданымыздағы ауыз су, ағын су, ауылшаруашылық, жол, газ, байланыс, елді мекендердегі мектеп және балабақша  мәселелерін қозғады. Парламент Мәжілісінің депутаты Абасов Қайнар Бегалыұлы келген азаматтардың барлығының мәселесін жіті тыңдап, қоғамдық қабылдауда айтылған барлық  өтініштер мен ұсыныстар назардан тыс қалмай, қолданыстағы заңдар аясында депутаттық сауал арқылы  тиісті мемлекеттік органдарға жолданып, шешімін табатынын   жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келген барлық азаматтар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  бастамаларын қолдайтынын айта отырып, бүгінгі қабылдауға келген азаматтарға  алғыстарын айтып, мемлекетіміздің тыныштығын, еліміздің амандығын тілеп баталарын  берді.

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНДА ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТТІ

 

      2022 жылғы 22 ақпан күні облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қырықбаев «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесі бекіткен жұмыс жоспарына сәйкес, Жетісай аудандық партия филиалында «Халыққа көмек» бірыңғай әлеуметтік терезе» партиялық жобасы аясында қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға бірінші болып келген Ынтымақ ауылдық округінің тұрғыны Т.Ашеков өзі тұрып жатқан елді мекеніндегі автомобиль жолын жөндеуден өткізуге көмек көрсетуге өтініш жасады. Сонымен қатар, Т.Ашеков елді мекендегі К-28 каналынан ауылдағы шаруа қожалықтар су алып, егін егіп, отбасылық табысын тауып жүргенін, бірақ каналды  жөндеуден өткізуге ықпал жасауды сұрады. Т.Ашековтың өтініштерін тыңдай келе, Жетісай аудандық әкімдіктің жауапты бөліміне  тапсырды. Ал, К-28 каналды жөндеуден өткізу мәселесі бойынша Түркістан облыстық «Қазсушар» РМҚК мекемесінің басшысына депутаттық сауал жолдайтын болды. Келесі болып, қоғамдық қабылдауға келген Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Қозанова Әлия Қалжанқызы  жұмысқа орналасуға ықпал жасауды сұрады. Азаматша А.Қозановаға «Серпін» мемлекеттік бағдарламасы аясында Солтүстік өңірге көшуге кеңес берілді немесе аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді. Осындай тектес мәселемен Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғыны Уркитова Зухра Жамалбекқызы келіп, тұрмыстық жағдайына байланысты атаулы әлеуметтік көмек алуға және ақылы қоғамдық жұмысқа орналасуға көмек сұрады. Азаматша З.Уркитоваға  заң аясында аудандық жұмыспен қамту орталығына  өтініш беруін түсіндірді және бұл мәселені жеке бақылауына алатынын айтты. Қоғамдық қабылдауға келесі болып келген Қазыбек би ауыл округіне қарасты Жамбыл елді мекенінің тұрғыны Ботабеков Жолдас Сапарбекұлы тұрмыстық жағдайын айта келе, әлеуметтік көмек алуға  ықпал жасауды сұрады. Ж.Ботабековке тұрмыстық жағдайын ескеріп, атаулы әлеуметтік көмек алуға аудандық жұмыспен қамту орталығына  өтініш беруін түсіндірді.

Ж.ЕРАЛИЕВ АУЫЛ ОКУРУГІНДЕ ЕЛДІ МЕКЕН ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУ

 

        Ағымдағы жылдың 22 ақпаны күні  облыстық мәслихаттың депутаты Т.Қырықбаев Ж.Ералиев ауыл округіне қарасты Р.Қошқарбаев атындағы жалпы орта мектебінде  мектеп ұжымымен кездесіп, мектептің  қазіргі  жағдайымен  танысты. Мектеп ұжымының  ұсынысымен мектептің алдына кеңес одағының батыры Р.Қошқарбаев атамызға арнап ескерткіш орнататын болып келісті. Батыр атамызға арналған ескерткішті орнатуға депутат өз үлесін қосатын болды. Келесі кездесу С.Сейфуллин елді мекенінің  тұрғындарымен өтті. Кездесуге аудандық мәслихаттың депутаты Г.Шукурбаева мен ауыл әкімі С.Касымовтар қатысты. Кездесу  барысында елді мекен тұрғындары  тарапынан елді мекендегі инфрақұрылымдардың  ескіріп, тозғандығы туралы әңгіме қозғалды. Ауыл тұрғындары тарапынан С.Сейфуллин елді мекенінде  сапалы ауыз судың жоқтығынан тұрғындардың денсаулығына кері әсерін беріп жатқаны, автомобиль жолының кеңес дәуірінен бері жөнделмегені, табиғи газдың жоқтығынан қиналып жүргендері айтылды. Сонымен қатар, елді мекенде  электр қуатының төмендігінен  түнгі мезгілде балдарының дұрыс сабақ дайындай алмағандықтан білімдері төмендеп бара жатқанын ескертіп, осы мәселені шешуге көмек беруін сұрады. Кездесуге келген тұрғындарға  С.Сейфуллин елді мекеніндегі ауыз су мен табиғи газдың жоқтығы және елді мекендегі автомобиль жолының кеңес дәуірінен бері жөнделмегенін   жақсы білетінін, әрбір мәселемен айналысып жатқандығын жеткізді. Президенттің халықтың тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі тапсырмасы жергілікті жерде толыққанды орындалмай келе жатқанын айтып, 2021 жылы 25 тамыз күні   Түркістан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысына депутаттық сауал жолдағанын, нәтижесінде  ауыз суға  және табиғи газға  сметалық құжаттар дайындалып жатқанын жеткізді. Кездесуде тұрғындар елді мекенде спорттық үйірмелер ашумен   қатар, стадионға жер бөлінсе деген өтініштерін айтты. Осы кездесуде Мемлекет басшысы             Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында  «Денсаулық кепілі – дене шынықтыру». Жұрттың және балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет екенін, ол жөнінде облыс әкімдеріне спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуға аса назар аударып, жергілікті жерлерде  спортты дамытуды қамтамасыз етуге тапсырма бергенін атап өтті. Сондықтан да, бұл мәселеге аудан әкімі және ауыл әкімі бірлесе отырып, елді мекен тұрғындарының өтінішін қанағаттандыру керек деп санайтындығын айтты. Кездесуге қатысқан ауыл әкімі С.Касымов  елді мекен тұрғындарының алдында 15 күн ішінде   стадионға  жер беруге және елді мекендегі  ішкі көшелердің жолдары, газ құбырлары толығымен жүргізілген соң, кезек-кезегімен жүргізілетінін, мектептің көшесіне жарықшамдар орнатуға тиісті жұмыстар жүргізетінін айтып уәдесін берді.