Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Қазан, 2005 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 31 наурыз  1968 ж.
Туған жері Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1991 ж. 1999 ж. 2004 ж. Алматы мемлекеттік медицина институты «Қайнар» университеті Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университеті
Білімі бойынша мамандығы «Емдеу ісі», «Заңгер», «Педагогика және психология»
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс тілі – еркін, ағылшын тілі – сөйлеу деңгейінде Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы Медицина ғылымдарының докторы (2005 ж.); Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2007 ж.); Профессор (2011 ж.).
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Білім беру ісінің үздігі» медалі (2013 ж.); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі (2016 ж.); «Астана 20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.); «Қазақстан мәслихаттарына 25 жыл» мерекелік медалі (2019 ж.); «Қазақстан Республикасының  Құрмет грамотасы» (2019 ж.); «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.); «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.); «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2020 ж.)
Партияға қатыстылы 2005 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
01.1992 ж. 05.1995 ж.  «Фосфор» МСБ, акушер-гинеколог дәрігері, Шымкент қ.
05.1995 ж. 11.1999 ж. «Қайнар» университетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық филиалы, кафедраның аға оқытушысы
11.1999 ж. 01.2000 ж. «Қайнар» университетінің Оңтүстік Қазақстан аумақтық филиалы, кафедра меңгерушісі
01.2000 ж. 02.2002 ж. Қазақ–Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің күндізгі және сырттай оқу бөлімінің деканы
02.2002 ж. 03.2003 ж. Қазақ-Өзбек инженерлік-гуманитарлық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры
03.2003 ж. 10.2005 ж. Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында ғылым докторы дәрежесін ізденуші
10.2005 ж. Қ.у.д. Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің ректоры, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының доценті

29.01.2021

Бүгін, 29.01.2021 ж. «Nur Otan» партиясының Арыс қалалық филиалында қоғамдық қабылдау бөлмесінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Қуатбекова Рабиға Әбдімұсақызы қала тұрғындарымен ашық, әрі жария жеке қоғамдық қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген қала тұрғыны Ш.Нұрымов – Қабылсай елді мекеніндегі мешіттің өзекті мәселесін көтеріп келген. Мұны естіген бойда депутат Р.Қуатбекова мешіттегі ахуалды шешуге өз тарапынан қолдау көрсететінін жеткізді.

Қаланың жас белсендісі Е.Ерқара өзге қалалардағыдай Арыста да  Оқушылар сарайы болса деген тілекпен келіпті. Р.Қуатбекова өз кезегінде Арыс қаласына Оқушылар сарайын салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенін алға тартып, алдағы уақытта жоба құрылысын қаржыландыруға депутаттық бақылау жүргізетінін мәлімдеді.

Жоғары оқу орнында білім алып жатқан Ж.Төреқұлова көпбалалы ана ретінде төлемақы жеңілдігін сұрап қабылдауға келген. Сол арада депутат Р.Қуатбекова шұғыл шешім қабылдап, оқу орнының директорымен телефон арқылы хабарласып, мәселесін оңтайлы шешуге атсалысты.

«Халық қалаулысы ретінде тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мәселелердің оң шешімін табуы үшін қызмет ету – міндетім деп білемін!» -деді Р.Қуатбекова. Ал жергілікті жұртшылықпен жария жеке қоғамдық қабылдау шарасы алдағы уақытта да тиісті кестеге сай, өз жалғасын табатын болатындығын жеткізді.

20.05.2021 жылы «Nur Otan» партиясының Арыс қалалық филиалында қала тұрғындарымен «Қоғамдық қабылдау» айдарымен онлайн режимде кездесу өткізілді.

Халықтың жалпы көтерген сұрақтары негізінен әлеуметтік мәселелер жұмыспен қамту,  ауыз су және газ тарту мәселесі туралы болды. Қаланың жас белсендісі Е.Ерқара «өзге қалалардағыдай бізде де «Оқушылар сарайы» болса»,- деген тілекпен сұрақ қойды. Депутат Р.Қуатбекова өз кезегінде Арыс қаласына «Оқушылар сарайын» салуға жобалық-сметалық құжаттар әзірленгенін алға тартып, алдағы уақытта жоба құрылысының қаржылануына депутаттық бақылау жүргізітінін мәлімдеді.

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген кестеге сәйкес жоғарыда көтерілген мәселелер кезең-кезеңімен 2021-2025 жылдарға дейін шешілетініне тоқталып өтті. «Халық қалаулысы ретінде тұрғындардың талап-тілегін тыңдап, мәселелердің оң шешімін табуы үшін қызмет ету – өз міндетім деп білемін!» ,- деді Р.Қуатбекова. Ал жергілікті жұртшылықпен  жария жеке қоғамдық қабылдау

КАНВАССИНГ КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 25 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова кезекті канвассинг кездесу аясында Арыс қаласының құрметті азаматы, тыл және еңбек ардагері, 85 жастағы Ысқабай Төлебай атамен кездесу өткізді. Жүздесу барысында еңбек ардагері талай жыл білім және мемлекеттік қызметте еңбек етіп, қаласының гүлденуіне өз үлесін қосқандығын айтып өтті. Депутат өз кезегінде «Nur Otan» партиясының 2025 жылға дейінгі  «Өзгерістер жолы:Әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасының жүзеге асырылып жатқандығын және оның орындалуы туралы қысқаша атап өтті. Ардагер партияның алға қойған мақсаттарының орындалуына оң баға беріп, алдағы уақытта толағай табыстарға жетуіне ақ тілегін білдірді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

2021 жылғы 25 маусым күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Рабиға Әбдімұсақызы Қуатбекова «Nur Otan» партиясы Арыс қалалық филиалында кестеге сай кезекті қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар негізінен әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, жұмысқа орналасу, «Бастау Бизнес» жобасы аясында жеке кәсібін ары қарай дамыту және Монтайтас ауылдық округіндегі Б.Онтаев пен Көкжиде елді-мекеніндегі М.Маметова мектептерін күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады.

Нәтижесінде, депутат Рабиға Қуатбекова тиісті құзырлы мемлекеттік органдарға ұсыныстар жолдап, өз бақылауына алатынын жеткізді.