Қоғамдық штаб отырысы өтті

Өздеріңіз білетіндей,  5 мамыр күні ҚР Президенті 2022 жылғы                   5 маусым күні республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойды.

Осыған орай, референдум өткізуге қолдау көрсету мақсатында құрамына 58 адам енгізілген облыстық Қоғамдық штаб құрылған болатын.

Бүгін, Қоғамдық штабтың алғашқы отырысы өткізіліп, ұйымдастыру жұмыстары пысықталды.

Облыс көлемінде тұрғындармен кездесу, түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  желілік кесте бекітілді. Алдағы уақытта желілік кестеге сәйкес, ақпараттық насихат тобы 4-ке бөлініп аудан, қалаларда түсіндіру жұмыстарын жүргізетін болады.