Қоғамдық кеңес

 

 

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы

Жылқышиев Байділдә

 

Өмірбаян

Эл. пошта: tobsh_sovet@mail.ru

 

Тел. 8(725-2)-53-00-00,

8(725-33)-5-96-14

 

facebook: Түркістан Облысы Қоғамдық Кеңесі

 

instagram: _to_os_2022

Түркістан облыстық  Қоғамдық кеңесінің ЕРЕЖЕСІ
Түркістан облыстық  Қоғамдық кеңесінің ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерінің тізімі
Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі комиссияларының құрамы
Түркістан облысының Қоғамдық кеңесі төралақасының құрамы
Түркістан облыстық  Қоғамдық кеңесінің  отырыстары

Хабарландыру

2022 жылғы 15 маусым күні Түркістан облыстық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті.

Аталған жиынға тиісті облыс басқармаларының басшылары және Түркістан облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Төреханов Асылхан Сейдіханұлы  мен  «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясы» акционерлік қоғамының басқарушы директоры Исламбеков Нұржан Батырбекұлы;

Азық-түлікті тұрақтандыру қорының департамент директоры Жанасбаева Лаура Сақтағанқызы;

Кентау қалалық Қоғамдық кеңесінің төрағасы – Басаров Арман Амангелдіұлы, мүшелері Абдразманов  Ұлан, Абдуллаев Айғали қатысты.

Жиында Түркістан облыстық мәслихаты мен әкімдіктің 8 нормативтік-құқықтық актілері қаралды.

Сонымен қатар, Қоғамдық кеңестің жылдық жоспарына сәйкес,          азық-түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралып, бұл бойынша Түркістан облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы Иманқұлов Нұрбақыт Насырұлы және Азық-түлік тұрақтандыру қорының департамент директоры Жанасбаева Лаура Сақтағанқызы мен Облыстық Қоғамдық кеңес жанындағы ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, құрылыс және коммуналдық салаларының дамуы жөніндегі комиссияның мүшесі Нақыпбеков Тимур Арсенұлы баяндама жасады.

Азық-түлікті тұрақтандыру қорының департамент директоры Лаура Сақтағанқызы баяндамасында 2022 жылдың басынан бері 25 азық-түлік тауарларының жәрмеңкесі өткізіліп, жәрмеңкеде 20,9 млн. теңге сомасына 171,2 тн. тауар сатылғандығын, сондай-ақ, әр сенбі, жексенбі күндері Түркістан қаласындағы Экобазарда азық-түлік тауарлары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тауарлар нарықтық бағадан төмен сатылып жатқандығын жеткізді.

Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында Түркістан қаласында әлеуметтік дүкендер мен супермаркеттер ашу мәселесі бойынша Gramad компаниясымен және ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мақсатында сауда нүктелеріндегі (супермаркеттердегі) әлеуметтік бұрыштарды 30-ға дейін ұлғайту бойынша Түркістан қаласы әкімдігімен бірлескен жұмыс жүргізіліп жатқандығын айтты.

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері түрлі сауалдар қойып, азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша тиісті ұсыныстар берді.

 

 

 

 

ХАБАРЛАНДЫРУ

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңес отырысы маусымның 15-не сағат 11-00-де өтетіндігін   хабарлаймыз. Отырыста   нормативтік–құқықтық актінің жобалары мен Қоғамдық кеңестің жылдық жоспарына сәйкес, азық – түліктердің бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралады.

Күн тәртібі:

  1. Түркістан облысында азық-түліктердің бағасын турақтандыру туралы шаралар бойынша ақпарат.

2.«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы  туралы.

3.«Түркістан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 27 қарашадағы № 264 «Түркістан облысы бойынша кен іздеушілікке арналған аумақтарды айқындау туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы  туралы.

  1. «Түркістан облысы әкімдігінің «Түркістан облысындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 354 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  2. 2022 жылға арналған басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі туралы
  3. «Түркістан облысы әкiмдiгiнiң 2020 жылғы 9 сәуірдегі № 89 «Түркістан облысының су объектілері мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшіліктің демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлерін белгілеу туралы» қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  4. «Түркістан облысы әкімдігінің «Түркістан облысының орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» 2021  жылғы 24 қарашаағы № 258 қаулысының күшін жою туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы  туралы.
  5. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру

тапсырысын, ата-ана төлемақысының мөлшерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы  туралы.

  1. «Түркістан облысының Қазығұрт, Отырар және Сауран аудандарындағы әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің қаулысы және Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы

 

 

Мекен жайымыз: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы онлайн форматта өтті. Облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері мен жауапты басқарма басшылары қатысты. Күн тәртібінде Түркістан облысының  әкімдігінің 8 нормативтік-құқықтық актілері қаралды. Олар:

  1. «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің «Оңтүстік Қазақстан облысының облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін бекіту туралы» 2015 жылғы 12 мамырдағы №138 қаулысының күшін жою туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  2. «Түркістан облысы әкімдгінің «Басым дақылдар тiзбесі және субсидия нормалары, сондай-ақ, өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы» 2020 жылғы 5 мамырдағы №112 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  3. «Түркістан облысы әкімдігінің «2022 жылға арналған өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялауды бекіту туралы» 2022 жылғы 11 сәуірдегі № 62 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  4. «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 сәуірдегі № 55 «Түркістан облысы бойынша 2022 жылға арналған асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар көлемдерін, ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидиялар нормативтерін, субсидиялар алушыларға қойылатын өлшемшарттарын және субсидиялар алуға арналған өтінім беру мерзімдерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  5. «Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 49 қбпу «Түркістан облысының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  6. «Түркістан облыстық мәслихатының2019 жылғы 13 маусымдағы № 38/410-VI «Түркістан облысында ортақ су пайдалану Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы» Түркістан облыстық мәслихаты шешімінің жобасы туралы.
  7. «Орманда өрт қауіпі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы.
  8. «Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына рұқсат етілген шекті бөлшек сауда бағаларының мөлшерін бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 141 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы туралы

Жиын барысында Қоғамдық кеңес мүшелері түрлі сауалдар қойып, тиісті ұсыныстар берді.

Қазіргі таңда қоғам алдындағы өзекті мәселелердің бірі – сыбайлас жемқорлық. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел болашағына, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиянын тигізеді. Яғни, осы сыбайлас жемқорлықпен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ мәселе екені айқын.

Осы ретте бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінде «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер» Картасы аясында бас қостық.

Дәл бүгін Антикордың бүгінгі ашықтығына, қоғаммен кері байланыс орнатуға деген ықыласына ерекше куә болдық.

Әрине, маңызды мәселер қаузалды, оңтүстік өңіріндегі көкейкесті мәселелер ортаға салынды. Бірнеше жылдан бері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында Антикормен бірлесе жұмыс атқарсақ деген ниетте жүрген едік. Енді міне, бұл күн бүгін бұйырған соң, облыстық, қалалық/аудандық Қоғамдық кеңес Төрағалары мен кеңес жанындағы комиссия мүшелері болып Антикор алаңында бас қостық.

Барлығымыз ойымызды ашық айттық, пікірімізді еркін жеткіздік. Жиынға Департамент басшысы Қанат Қожахметовтің өзі арнайы қатысып біздің ұсыныс-пікірімізге терең құлақ түргенін көріп, іштей қуанып қалғанымызды жасырмаймын.

Превенция басқармасының басшысы Ержан Жүнісов те біздің тарапымыздан айтылған әрбір талап-тілегімізге терең үңіліп, сан тараптан қойған сауалдарымызға сауатты жауап қайырып отырды.

Біз секілді қоғам өкілдерімен тең отырып тілдескен жиын осылайша 2 сағаттан аса уақытты қамтыған екен. Жиында тікелей халықтың әл-ауқатын тұрақтандыруға, тұрмыс деңгейін жақсартуға кедергі болып келген қоғамдық кеселдің облыс аумағында орын алуына жол бермеу жұмыстары айтылды.               Жиынды қорытындылай келе, осы ортақ мақсат жолында алдағы уақытта Қоғамдық кеңес пен Департамент бірлесе жұмыс атқаруға уағдаластық. Осы ретте Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінде «Сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қымыл мәселелері жөнінде комиссия құрылғанын айтып өткім келеді.

Халықпен етене араласып, бармақ басты, көз қысты әрекеттерден хабар алып жүрген біздерге ерекше сенім білдірген Антикордың бұл бастамасына алғыс білдіремін! Екі сағат ішінде облысқа қарасты барлық қала/ауданның сыбайлас жемқорлық деңгейі жіпке тізілген жиын алдағы уақытта да нақты нәтижемен жалғасатынын Сіздерге сеніммен жеткізгім келеді.                                       Сыбайлас жемқорлыққа бүкіл қоғам болып төтеп берейік!

 

 

 

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің

«Сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы

  іс-қымыл мәселелері жөнінде комиссиясының

  төрағасы                                                                                           В.Қайназаров

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында 2022 жылғы 1-3 тамыз аралығында облысы аумағында кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде, ойын клубтары мен түнгі клубтарда, саябақтарда кешкі және түнгі уақытта жүруін анықтауға бағытталған іс-шаралар өткізілді. Аталған іс-шараларға облыстық қоғамдық кеңес мүшелерінен бастап облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының,  полиция департаментінің, жастар ресурстық орталығының қызметкерлері, ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты.

Рейдтік іс-шаралардың мақсаты шаруа қожалықтары мен тұрғын үй жертөлелерінде, автобус вокзалдарында, жанар жағар май бекеттерінде, халық көп шоғырланатын орындарда қадағалаусыз, панасыз жүрген балаларды анықтауға, олардың жеке басын анықтауға, тәртіптік теріс қылықтардың алдын-алуға бағытталды. Іс-шара барысында жеке басын растайтын құжаттарын көрсете алмаған балалар анықталып, олар қалалық және аудандық полиция басқармалары мен бөлімдеріне жеткізіліп, ата-анасы немесе заңды өкілдерін шақырту арқылы қосымша оларға профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түнгі сағат 23:00-ден кейін заңды өкілінсіз көшеде және ойын-сауық мекемелерінде жүрген кәмелетке толмағандар мен түнгі уақытта темекі бұйымдары мен алкоголь өнімдерін өткізген сауда орындарының иелері мен сатушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.

Ойын клубтары, кафе, саябақтарға жүргізілген профилактикалық іс-шара кезінде 2 жасөспірім, 2 жайсыз отбасы тіркеліп, 13 әкімшілік хаттама толтырылды.

Жұмыс барысында заңдылық пен кәмелетке толмағандардың конституциялық құқығын сақтау қамтамасыз етілді.

Түркістан облысы Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында 2022 жылғы 1-5 тамыз аралығында облысы аумағындағы су айдындарында судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар өткізілді.

Қоғамдық кеңес мүшелері және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері балаларға арналған шомылу орындары мен су айдындары жағалауларында болып, ондағы  балалар мен олардың ата-аналарымен кездесіп, қауіпсіздік шаралары туралы профилактикалық әңгімелесулер жүргізді. Сонымен қатар, 427 адамға қауіпсіздік шаралары жөніндегі нақты нұсқауларды қамтитын жаднамалар мен үгіт-насихат материалдары таратылды.

Жұмыс барысында заңдылық пен кәмелетке толмағандардың конституциялық құқықтарын сақтау қамтамасыз етілді.

 

 

Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің сегізінші отырысы өтті. Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар:

  1. Түркістан облысының білім саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары туралы есеп.
  2. Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық тәртіпті сақтауға, қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету, халықтың көші–қон  саласындағы мемлекеттік қолдау бойынша атқарылған жұмыстары жөніндегі ақпарат туралы.
  3. Департаментпен ағымды жылғы 1 наурыз – 15 сәуір аралағында «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Дінислам Болатханұлы мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ержан Әліұлы Жүнісов және Қоғамдық кеңестің сыбайлас жемқорлық көрінісіне қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы Үәлихан Анарбайұлы  Қайназаров баяндама жасады. Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша тиісті сұрақтар қойып, өзекті ұсыныстарын жеткізді. Және алдағы жұмыс барысында назарға алу қажеттігін айтты.

Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, Түркістан облыстық полиция департанменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Есербекұлы Айтбаев баяндама жасады.

Үшінші мәселе бойынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар ҚР Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басқарма бастығының орынбасары Сәбит Әсілұлы Асылбек, «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациясында» жүргізілген сыртқы талдау қорытындысын жариялады.

Аталған 3 мәселені Кеңес мүшелері талқылап, шешімдер қабылдады.

Отырысқа баяндамашылардан өзге төмендегі азаматтар қатысты:

Қалқаманов Сәкен Амангелдіұлы – Түркістан облысы  әкімінің орынбасары;

Әмбетов Серік  Тәжібекұлы-Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін уақытша атқарушы;

Нахбаев Арун Бауыржанұлы – Түркістан қаласы Ustudy аймақтық тестілеу орталығының операторы;

Тапиев Нұрмахан Әліпұлы – Стратегия және экономикалық даму басқарма басшысының орынбасары;

Тасыбаев Абдрахман Батырбекұлы – Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы;

Қолдасова Оразкуль Шайхиевна – Түркістан қаласы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы;

Жумабаев Баянғали Абдрахманұлы – Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы;

Шегенбаев Талғат Абылқасымұлы – Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы.

Түркістан облысында  мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміндегі 1323 қызметтен Түркістан облысының жергілікті атқарушы органдарына қазіргі уақытта 170 мемлекеттік көрсетілетін қызмет және олардың ішінде 155 кіші түрлері көрсетiледі. Жергілікті атқарушы органдарына тарапынан жалпы 9 758 479 қызмет көрсетілді,                                                                                                          Оның ішінде: – баламалы негізде қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 73345;                 – қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 76686;                                                                        – электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 9 594 786,

– көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 13662 көрсетілді.

170 көрсетілетін мемлекеттік қызмет ішінде 159 (91%) автоматтандырылған қызметтер.

Апталықта Келес аудандық Қоғамдық кеңес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырып, өткізді. Ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2022 жылдың 8 айында «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша жеке тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізді.

Келес ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі осы салада «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»  жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша 2022 жылы  атаулы әлеуметтік көмек бойынша  тағайындалғандар саны 2147 отбасы, 12924 адамға қызметтерді көрсеткен.

  1. Келес ауданының жер қатынастары бөлімінің 2022 жылдың 8 айында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша аудандық әкімдіктің қаулыларын дайындап, жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын қанағаттандыру бағытындағы атқарған жұмыстарына монитортинг жүргізілді.

Келес ауданының жер қатынастары бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы»  №301 бұйрығының 16-қосымшасына сәйкес, «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» жөніндегі мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша 2022 жылы 58 қызметтерді көрсеткен.

 

 

  1. Аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімі мен ауыл және ауылдық округтер әкімдерінің «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» сипатындағы мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне сараптама жүргізілген.

2021-2022 оқу жылында аудан көлемінде 10 ауыл округіне қарасты 22 мектепте 3154 оқушы 37 елді мекеннен тасымалданып оқиды. Тасымалданатын мектеп оқушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндірмеу, қауіпсіздігін сақтау мақсатында ата-аналардан және  педагог ұстаздардан тұратын арнайы кезекшіліктер ұйымдастырылған. «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты іс-шаралар кестесі түзіліп, балаларға білім бөлімі тарапынан түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Балалардың жол-көлік жарақаттары профилактикасына бағытталған насихаттық-ақпараттық іс-шараларды жүргізу барысында 2021-2022 оқу жылында ауданның ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне аудандық адами әлеуетті дамыту бөлімінің 24.09.2021 жылы №1111 хаты жолданған. Республикалық, облыстық маңызы бар трассалар бойларында орналасқан жалпы білім беру ұйымдарына, жалпы білім алушылардың жол қауіпсіздігін сақтау және жолдан қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында балалар өтетін жерлерге жасанды жылдамдық кедергілерін, белгілерін (знак) орнату және білім алушыларды жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі үшін кезекшілер ұйымдастырып беруді сұранған ұсыныстар жолданып, жалпы орта мектептер мен білім беру ұйымдарының алдына макеттер қойылған.

Аудан көлемінде орналасқан барлық жалпы білім беру мекемелерінде 2021-2022 оқу жылында тамыз айынан бастап ата-аналарға «Бала бақылаусыз жүрмесін» – атты профилактикалық іс-шара ұйымдастырылып,  жасөспірімдерге жауапты инспекторлармен біргелікте балаларға көшеде жүру ережелерін түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

 

  1. Жүзімдік ауылдық округі әкімінің «Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру бойынша шешімдер қабылдау» түріндегі мемлекеттік қызмет көрсету қызметіне сараптама жүргізіп, ауылдық округ әкімінің 2022 жылғы 4 ақпандағы №5 шешімімен Жүзімдік елді мекенінде полицияның тірек пункті құрылысы үшін 0,08 га. жер учаскесі берілгендігі анықталды.
  2. Аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің «Бөлім тарапынан сәулет-жоспарлау тапсырмасының (СЖТ) берілу» сипатындағы мемлекеттік қызметтер көрсету қызметіне сараптама жүргізілген. 2022 жылдың 8 айы ішінде бөлім тарапынан «elicense.kz» порталы арқылы 53 СЖТ дайындап беру қызметі көрсетілген. Мониторинг қорытындысы бойынша жоғарыда аталған бөлімдер мен ауылдық округінің көрсетілген сипаттағы мемлекеттік қызметтерінде кемшіліктер орын алмағандығы анықталды.

Түлкібас аудандық Қоғамдық кеңес мүшелері  Майлыкент ауылдық округ әкімдігі,  ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімдерінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингтеу бойынша іс-шараларды ұйымдастырды.

        Майлыкент ауылдық округ әкімдігінде  2021 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған түсімдердің 6 түрі бойынша жыл басында 75 миллион  889 мың теңге жоспар бекітіліп, жыл қорытындысымен барлық көрсеткіш 104% орындалды.

2022 жылы жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын іске асыруға бағытталған түсімдердің 6 түрі бойынша жыл басында 95 миллион  671 мың теңге жоспар бекітіліп, 8 айдың қорытындысымен барлық көрсеткіш 104,9% орындалды.

         Түлкібас ауданының жер саласында ауданның барлық жер көлемі – 227 504 гектар;

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 148 391 гектар;

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жер көлемі – 128 270 гектар болып, оның ішінде:

  • Егістік жерлердің көлемі – 64 500 гектар,
  • Оның ішінде суармалы – 13 456 гектар,
  • Көпжылдық екпе ағаштары – 4 091 гектар,
  • Жайылым – 57 948 гектар,
  • Шабындық – 3 211 гектар,
  • Өзге жерлер – 18 641 гектар,

Елді мекендердің жерлері – 23 137 гектар,

Өнеркәсіп, көлік байланыс, қорғаныс және ауыл шаруашылық емес басқа мақсаттарда пайдаланатын жерлер – 5 575 гектар,

Ерекше қорғаудағы табиғи аумақтардың жерлері – 49 958 гектар,

Ауданда барлығы -4234 АШТӨ бар. Оның ішінде:

ШҚ-4045

ӨК-70

ЖШС-119

 Түлкібас ауданы бойынша  2021 жылы ауданның арнайы жер қорына өткен және сотпен қайтарылғын жалпы көлемі 9442 га. жайылымдық жерлер ауылдық округтеріне елді-мекендердің жайылымдығы ретінде табысталды.

2022 жылы жоспар бойынша 10800 гектар жайылым жерге меморандумға түзуге меже қойылған. Қазіргі таңда меморандум 23 733 гектарға орындалып отыр. 2022 жылы жоспар бойынша елді мекеннің ортақ жайылымына 6700 гектар жайылым жер қайтаруға меже қойылды. Қазіргі таңда соның 3520 гектары елді-мекеннің ортақ жайылымына табысталды. Атап айтқанда:

  • Жаскешу ауылдық округінен 1020 га. жайылым жер,
  • Арыс ауылдық округінен 400 гектар жайылым жер,
  • Ақбиік ауылдық округіне 400 гектар жайылым же
  • Балықты ауылдық округінің 400 га. жайылым жерге,
  • Келтемашат ауылдық округінің 100 га. жайылым жерге,
  • Арыс ауылдық округінің 200 гектар жайылым жер табысталды. Қалған алаңы 1000 гектар жайылым жер аудандық жер комиссиясында қаралып, оң қорытынды беріліп, аудан әкімдігінің қаулысы қабылданып, қазіргі таңда құжаттары рәсімделуде.

Түлкібас ауданы бойынша «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаменті» арқылы жалпы алаңы 3538,73 гектар жайылым жерге сотқа талап арыз берілді. Сот процесі аяқталғаннан кейін кент, ауылдық округ елді-мекендеріне табысталатын болады.

Сонымен қатар Түлкібас ауданы бойынша ор қазылған жер учаскелерінің иелеріне хабарлама берілді. Атап айтқанда:

  1. «Береке-017» ЖШС төрағасы Х.Байысбаев кадастр №19-300-008-029
  2. «Мақұлбек» ЖШС төрағасы Е.Сартбаев №19-300-008-369
  3. «Әсел» ШҚ төрайымы Л.Куанышева №19-300-037-3522, №19-300-037-3493
  4. «Санжар» ШҚ төрайымы А.Курмашева кадастр №19-300-066-948
  5. «Нұран Құрылыс» ЖШС төөрағасы И.Иманов кадастр №19-300-066-1002
  6. «Көктал» ШҚ төрағасы Б.Тулешов кадастр №19-300-066-381
  7. «Түлкібас Транс Сервис» ЖШс төрағасы М.Асан кадастр №19-300-058-1091

Сараптама тобы мемлекеттік қызметтер сапасын жақсартудағы орын алған кемшіліктерді жою керектігін, ауыл тұрғындардың мәселесін дер кезінде шешілуін және арыз-шағымдарына уақытысында жауап берулеріне т.б мәселелер бойынша айрықша көңіл бөлу керектігін атап өтті.