Қоғамдық кеңес отырысы

Бүгін Түркістан облыстық әкімдігінде облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Аталған жиында 12 мәселе қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

Жиналысқа облыстық қоғамдық кеңес мүшелері мен аудан, қала қоғамдық кеңес төрағалары, басқарма басшылары қатысты. Облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы алдағы уақытта облыс көлемінде аталып өтілетін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралармен таныстырды.

Қоғамдық кеңес мүшелері аталған мәселе бойынша өз ұсыныс, пікірлерін білдірді.

Өз кезегінде, қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Д.Сариев ұсыныстарды назарға ала отырып, тиісті шешім қабылданатынын жеткізді.