Қоғамдық кеңес отырысы

2021 жылғы 22 шілде күні Түркістан облыстық қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес отырысына облыс әкімінің орынбасары Арман Сәбитұлы, қоғамдық кеңес мүшелері және салалық басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Олар:

  1. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы ұсынған «Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 сәуірдегі №5/48-VIІ «Азаматтардың жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді және медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы» жобасы;
  2. Облыстық жер қатынастары басқармасы ұсынған «Түркістан облысы Арыс қаласының және Ордабасы ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» жобасы;
  3. Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан келіп түскен «2021 – 2022 оқу жылына техникалық және кәсіптік, орта бөлімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырмасын бекіту туралы» Түркістан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

Аталған мәселелер бойынша салалық басқарма басшылары баяндама жасап, сұрақтарға жауап берді.

Өз кезегінде, қоғамдық кеңес төрағасы Шәріпбек Жамалбек облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысы Рахымбек Жолаевқа жыл соңында  бөлінген гранттар мен олардың орындалуы жөнінде есебін кеңес отырысына ұсынуды міндеттеді.