Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов

Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов

Қосман Қайыртайұлы Айтмұхаметов 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы, Ерейментау ауданы, Бестөбе ауылында дүниеге келген. Целиноград инженерлік-құрылыс институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітіріп, кейіннен қосымша заңгерлік мамандығын да оқыған.

Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы, Селетин ауданы, «Изобиль» кеңшарындағы №2 бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған. 1983-2014 жылдары Целиноград облысындағы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі автобаза байланысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы қызметтерін атқарған. «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамына қарасты «Астана поштамт» мекемесі Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қалалық «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының өндіріс істері бойынша орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице-министрі, ҚР Ұлттық экономика министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет атқарған.

2014-2019 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары, 2019-2020 жылдары Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары қызметін абыроймен атқарды.

Қоғамға сіңірген еңбегі үшін Қосман Айтмұхаметов бірнеше наградалармен марапатталып, «Құрмет» орденінің иегері атанды.

2020 жылғы 15 шілдеде өмірден озды.