Қожабаев Сайдулла Ілиясұлы

Қожабаев Сайдулла Ілиясұлы

Еңбек жолын «Ащысай түсті металл» комбинатында бастады. 1992 жылы Сайдулла Ілиясұлы халық тұтыну тауарларын өндіретін шағын кәсіпорын «Асыл тас» ЖШС ашып, 1997 жылдан бастап «Кентау трансформатор зауытының» бас директоры қызметіне кірісті. Маркетинг қызметін өз қолына алып, Қазақстанның алдыңғы қатардағы «Казтрансойл»,«Казахойл», «Интергаз», «Қазақстан темір жолы» алып компаниялармен бірлесіп жұмыс атқарып, сонымен қатар басқа да ірі ұлттық компаниялардың назарын мекемеге аударып, зауыт өнімін арттыруда қажырлы еңбек етті. Зауыт ұжымын  сұранысқа сай еңбек етуге шақырып, өндірісті тез арада модернизациялауға кіріседі. 2000-2007 ж.ж. Германия, Италия, Қытай, ТМД мемлекеттерінен жаңа қондырғылар сатып әкелінді. Бүгіндері «Кентау трансформатор зауыты» АҚ Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына қомақты үлес қосып отыруы, бірлігі мен ынтымағы жарасқан ұжымның ерен еңбегінің жемісі.