Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы

2021 жылғы 19 наурызда өткен облыстық мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы мәселе қаралды.

Өңірде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің 2017 жылғы 28 ақпандағы №17-388-5 идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи жер-су және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту туралы тапсырмасын орындау мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

  Бұл мәселе «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 11-бабы 4) тармақшасына және «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді мекендердің құрамдас  бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау және өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес, облыстық ономастика комиссиясының 2020 жылғы 30 желтоқсандағы қорытындысы негізінде әзірленді.

Мәслихаттың кезекті үшінші сессиясында «Қазығұрт және Мақтаарал аудандарына қарасты елді мекендерді қайта атау туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі қабылданып,  Түркістан облысының төмендегі жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктері:

Қазығұрт ауданы бойынша:

  • Жаңабазар ауылдық округінің ХХ лет КазССР елді мекені Үшбастау елді мекені болып;

Мақтаарал ауданы бойынша:

  • Жамбыл ауылдық округінің Жалын елді мекені Абай елді мекені болып қайта аталатын болды.

Аталған бірлескен Түркістан облысы әкімдігі қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының шешімі облыстық әділет департаментіне мемлекеттік тіркеу үшін жолданды.