Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысы

2021 жылғы 17 наурыз күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатының ұйымдастыруымен Парламент Сенаты жанындағы жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңестің  отырысы бейнеконференция режимі арқылы өтті.

Кеңес отырысына Сенат Төрағасы М.С. Әшімбаев, сондай-ақ барлық деңгейдегі мәслихаттардың хатшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері мен сарапшылар қатысты.

Ал, Түркістан облысынан Түркістан облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, сондай-ақ қалалық, аудандық мәслихат хатшылары қатысты.

Кеңес отырысында өзекті мәселелелер айтылып, жергілікті мемлекеттік басқаруды дамытудың негізгі тәсілдері, мәслихаттар қызметіндегі негізгі ақпараттық-ұйымдастыру мәселелері де кеңінен талқыланды.

Жоғарыда аталған және тағы басқа маңызды мәселелер бойынша бірқатар өңірдің мәслихат хатшылары баяндама жасап, өз ұсыныстарын жеткізді.

Кеңес отырысын Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы М. Әшімбаев қорытындылап, алдағы жоспарларға тоқталды.