Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кездесуі

2021 жылғы 2 тамыз күні Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Әли Бектаев және Әлімжан Құртаев Түркістан қаласында қоғам өкілдерімен кездесті.

Аталған кездесуге Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қ.Балабиев, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері қатысты.  

Жиын барысында Сенат депутаты Әлімжан Құртаев Қазақстан Республикасы Парламент Сенатында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасап, Сенатта қаралған Заң жобаларына тоқталып өтті.

Өз кезегінде, жиынға қатысушылар көкейтесті мәселелері бойынша сұрақтар қойып, пікірлерін білдірді. Мәселен, Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Тәжібек Қалманұлы қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі жер телімін заңдастыру мәселесі бойынша Сенат депутаты Бектаев Әли Әбдікәрімұлына сұрақ қойып, толыққанды жауап алды.

Жиынды қорытындылаған Бектаев Әли Әбдікәрімұлы Елбасы мен Мемлекет басшысының қолдауымен және облыс әкімі Шөкеев Өмірзақ Естайұлының басшылығымен көне шаһарда  қыруар жұмыстар атқарылғандығын айрықша атап өтіп,  облыстың әлеуетін арттыру жолындағы халық қалаулыларының игілікті істеріне сәттілік тіледі.