Қадірлі аналар! Құрметті әпкелер мен қарындастар!

 Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ардақты аналарымыз бен қымбатты апа-қарындастарымыздың осы бір тамаша мейрамы көктемнің келуімен тұстасып жатады. Жылы шуақ ала келген осы бір мерекеде барлықтарыңыздың шаңырақтарыңыз шаттыққа, жүздеріңіз күлкіге толы болсын демекпін!

Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке – бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өміріне және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Осы орайда, өңірімізді дамыту мен оның халқының әл-ауқатын жақсарту жолында еңбек етіп жүрген әйел азаматтарына алғысымды білдіремін.

Барша әйелдер қауымына көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын.

Осынау мерейлі күні әрбіріңіздің отбасыңызға шаттық пен бақыт, аманшылық тілеймін.

Көңілдеріңіз әрқашан көктемдей көрікті болсын!