Құрметті Түркістан облысының тұрғындары! Қадірменді қонақтар!

Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сонау 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданып, еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі күнге айналғаны анық. Сондықтан, Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы ретінде ұлттық мереке мәртебесін алып, қайта жаңғыруы барлығымыз үшін қуанышты жағдай.

Осынау Ұлы күні баршаңызға Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің еңселі болуы жолындағы қызметтеріңізге сәттілік пен табыс, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға       бақ-береке тілеймін!