Қанаев Жарқынбек Ережепұлы

 (айы,жылы)

14.09.2022 ж.

2021 ж. қыркүйек

Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет)

 

Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты.

 «Халык Макта» ЖШС директорының орынбасары.

Туған кезі (күні, айы, жылы)

30.05.1971 ж.

Туған жері

 

ОҚО Мақтаарал ауданы

Ұлты

қазақ

Білімі

Жоғары

Бітірген жылы

 

1993 ж.

Семей технологиялық институты

Білімі бойынша мамандығы

 

Инженер-технолог

Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі

 

 

Орысша, қазақша

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

 

Жоқ

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма

(қандай, алған жылы)

 

 

жоқ

Партияға қатыстылы

«АMANAT» партиясының мүшесі

 

Келген / Кеткен

айы және жылы

 

 

БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ

 

 

02.1997 ж.

05.2004 ж.

«Кобей Ата» жеке базарының директоры

09.2004 ж.

07.2011 ж.

«Окси» ЖШС директоры

08.2007 ж.

12.2016 ж.

«Окси Сарыагаш» ЖШС директоры

12.2012 ж.

03.2015 ж.

«Нур Су» СТК төраға орынбасары

03.2015 ж.

08.2021 ж.

«Halyk Su» СТК аға гидротехнигі

09.2021 ж.

қазіргі уақытқа дейін

«Халык Макта» ЖШС директорының орынбасары

Түркістан облысында маңызды мәселе талқыланды

Бүгінде «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ «ҮЕҰ-ның, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға сарапшылар қоғамдастығының қатысуын кеңейту» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде іс-шаралар өткізуде.

Осы орайда, ағымдағы жылғы 17 қыркүйек күні онлайн режимде Түркістан облысы және Түркістан қаласының мемлекеттік органдары мен жұртшылығы өкілдерінің қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру тақырыбы аясында дәріс өткізілді.

Іс-шара барысында алғашқы болып сөз алған  «Жаңару» РҚБ төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлы Әбдікәрімов іс-шараға қатысушыларға алғысын білдіре отырып,  азаматтық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қатысуын кеңейту, осы бағытта тиімді жұмыс жасау әдістері туралы талқылап, бірлесе жұмыс жасау туралы ұсынысын жеткізді.

Өз кезегінде, Түркістан облысы әкімінің орынбасары Арман Сәбитов ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында өткізілетін түрлі іс-шаралар туралы баяндай отырып, ұйымдастырушыларға осы бағытта одан әрі ынтымақтаса жұмыс жасауға ниетті екендігін білдірді.

Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ғабит Жүндібаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің басшысы Айбек Шілманов, облыстық мәслихат депутаттары Керімхан Қадырбеков,  Қ.А.Ясауи атындағы Түркістан Халықаралық университетінің ректоры Жанар Темірбекова, «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Гүлзия Қасыбай, «Жігер Ел» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Ақбаян Жақыпова, «Шапағат» мүгедектер қайырымдылық қорының төрағасы Еркінбай Шалтан, Түркістан облысы бойынша «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» филиалының директоры және облыстық мәслихат депутаты Өмірзақ Мелдеханов баяндама жасап, өз ойлары мен пікірлерін білдірді.

Баяндамаларды талқылау барысында халықты құқықтық оқыту, Заңдарды түсіндіру, мемлекеттік қызметшілердің халықпен өзара іс-қимылы, цифрлық форматқа көшу, қоғамда заң бұзушылыққа «нөлдік» төзімділікті қалыптастыру сынды мәселелер қозғалды.

Осы тұста, жиынға қатысушылардың барлығы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін анықтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізілетін жұмыстарға азаматтық қоғамды, жергілікті жұртшылықты, әртүрлі құрылымдар мен қоғамдастықтарды тарту маңыздылығын ерекше атап өтті.