Шойбеков Бекарыс Ақсақалұлы

 (айы, жылы) Қаңтар, 2021 ж. Желтоқсан, 2017 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. Балалар және жасөспірімдер орталығының директоры.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 14.04.1976 ж.
Туған жері ОҚО, Отырар ауданы, Отырар ауылы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 1997 ж. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
Білімі бойынша мамандығы филолог
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі орыс, түрік Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы магистр
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалі (2001 ж.); «ҚР Мәдениет Қайраткері» атағы (2003 ж.); «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының иегері (2008 ж.); «Қазақстанның Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі (2011 ж.); «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі (2012 ж.); «Қазақстан Конституциясына  20 жыл» мерекелік медалі (2015 ж.); «Құрмет» ордені (2017 ж.); «Астана 20 жыл» мерекелік медалі (2018 ж.); «Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.); «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалі (2020 ж.).
Партияға қатыстылы «NurOtan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
10.1997 06.1999 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті магистратураға қабылданды
09.1999 10.2003 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Терминдер сөздіктерін дайындау және аудару орталығы, аудармашы
10.2003 09.2006 Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Халықаралық қатынастар бөлімінің бастығы
09.2006 02.2015 Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Туркология ғылыми-зерттеу институты, ғылыми қызметкер
02.2009 05.2015 «Өнер мектебі» МКҚК басшысы
07.2015 12.2017 Түркістан қаласы Білім бөлімінің басшысы
12.2017 б.к.д. Балалар және жасөспірімдер орталығының  директоры

28.01.2021

«Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық партия филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтардың арыз-өтініштері бойынша Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Б.Шойбеков жеке қабылдау өткізді. Азаматтардың арыз-өтініштерінің негізгі бөлігі әлеуметтік салаға қатысты болды. Оның ішінде: түрлі әлеуметтік көмек тағайындау, тұрғын үй кезегіне тұру, жер алу, жеке басын құжаттандыру сияқты түйінді мәселелер бар. Бірсыпыра әйел азаматтар отбасылық зорлық-зомбылыққа ұшырап отырғандарын да жасырмады. Руханият саласына қатысты сауалдар да түсті. Азаматтарға тиісті түсіндірулер жүргізілді, ал, кейбір нақты мәселелер бойынша жауапты мекемелерге депутаттық сауал жолданып, нәтижесі арыз иелеріне жолданатын болады.

28.02.2021

“Nur Otan” партиясы Түркістан қалалық филиалында облыстық мәслихаттың депутаты Б.Шойбеков азаматтармен кезекті қабылдау өткізді. Депутат қабылдауға келген азаматтардың шағымдарын мұқият тыңдап, тиісті салалық бөлім басшыларына сол жерден тікелей хабарласып, мәселені барынша сапалы, әрі жылдам шешуге ықпал етті. Мысалы, мектеп жасындағы балаларына планшет беру, бұзылған компьютерлерін жөндеу, әлеуметтік тізімге енгізу сияқты бірқатар мәселелер сол жерде-ақ өз шешімін тапты. «Осы арада біздің ұсынысымызды жерде қалдырмай, балаларға да, олардың ата-аналарына да жедел қолұшын созған мектеп басшыларына алғысым шексіз»- деді депутат Б.Шойбеков. Тағы бір азаматтың атаулы әлеуметтік көмекке (АӘК) қатысты мәселесі бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне депутаттың бірге баруына тура келді. Бөлім басшысы мен орынбасары тиісті мамандарды қатыстыра отырып, бұл азаматқа не себепті АӘК тағайындалмағанын егжей-тегжейлі түсіндірді және келесі кварталда қайта құжат тапсыруға болатынын жеткізді. Қалған күрделі мәселелер бойынша да тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолданып, нәтижесі арыз иелеріне жолданатын болады.

25.03.2021 ж.

Қоғамдық қабылдау

2021 жылдың наурыз айының 25 жұлдызында облыстық мәслихат депутаты Б.Шойбеков «Nur Otan» партиясы Түркістан қалалық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтар  өздерін толғандыратын әлеуметтік мәселелерді көтерді. Атап айтқанда, Түркістан қаласының тұрғындары  Т.Нысанбаева және Ф.Әшірбаева өздерінің денсаулықтарының  жоқтығына байланысты жұмыс жасай алмайтындықтарын алға тартып, әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.

Аталған азаматтарға өтініштері бойынша құқықтық және демеушілік көмек көрсетілді.