Шаля Анна Федоровна

  • Шаля Анна Федоровна

    Шаля (Лысенко) Анна Федоровна.  1923 жылы 12 маусымда ОҚО Арыс ауданы Вревское ауылында туылған. 1940 жылы Шымкент қаласындағы Ленин атындағы №8 мектебін бітіріп, 1946 жылы — Шымкент педагогика институтын бітірген. Отан соғысының ардагері. Еңбек жолын соғыстан кейін Шымкент қаласында мұғалімдіктен бастаған. Шымкент қалалық партия комитетінің хатшысы,  облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып зейнетке шыққанша қызмет етті.

    ІІ дәрежелі Отан соғысының, «Құрмет белгісі» ордендерімен және 17 медальдармен наградталған. Оның ішінде «Ерең еңбегі» және  «Шапағат» медальдарымен. 1943 жылы сержант Анна Лысенко «Батырлығы үшін», ал 1945 жылы сәуірде — жеке ерлігі үшін Қызыл жұлдыз орденімен наградталған.

    Шымкент қаласының және Түркістан облысының Құрметті азаматы.