Төлендиев Бекасыл Расулұлы

Төлендиев Бекасыл Расулұлы

Еңбек жолын  слесарь болып бастап,  жүргізуші, механик, Шымкент қаласының Ішкі істер басқармасында жол полициясының инспекторы қызметін атқарды. 1995 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысты. Көп жылдық еңбегінің арқасында облысымыздың  бюджеттік мекемелері мен кәсіпорындарына қатты отынмен тасымалдаудың 80% құрап, жақсы жетістіктерге жектен. Сонымен қатар «Ірі қара мал етінің экспорттық әлеуетін дамыту» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Жаңабазар ауыл округі, Қарабастау елді мекеніндегі «Береке» шаруа қожалығына Австралия елінен «Ангус» тұқымды 300 бас бұқа әкеліп, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасымен  15 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сарыағаш ауданында жаңа технологиялармен жұмыс істейтін қондырғылармен қамтамасыз етілген өндірістік базасында түрлі ағаш өңделіп, жиһаздар мен терезе, есік қондырғылары істеп шығарылады. Компания туристік кластерді дамытуға да үлкен үлес қосып келеді. Сарыағаш ауданындағы Көктерек санаториіне жаңа қондырғылармен қатар білікті медициналық кадрларды қамтамасыз етіп, халыққа қызмет етуде.  Өңірдегі көптеген әлеуметтік нысандар оның ішінде мектептер, медициналық пункттер, балабақшалар, республикалық, облыстық  маңызы бар жолдар салған. Бекасыл Расулұлының демеушілігімен Қазығұрт ауданының Қарабастау ауылында мешіт салынып, халықтың игілігіне берілді. Өз қаражаты есебінен Жаңабазар ауыл округіндегі ардагерлер үйі мен Шымкент қаласындағы Абай саябағында қойылған «Даңқ» аллеясын салдырды.