Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы

Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы

 

Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы 1954 жылы 20 қыркүйекте Шымкент облысы Мақтаарал ауданының Сакко-Ванцетти ауылында туған. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының бітірген (1978), ауыл шаруашылығы өндірісінің ұйымдастырушы-экономисі. Ауылшаруашылық ғылымдарының кандидаты (1994). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «ОҚО жағдайында мақтаның орташа талшықты сортарына «Сихат» мақташы дефолянтына дефоляцияның экономикалық тиімділігі». Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1971 жылы Шымкент облысының Киров ауданындағы ӨзКСР 40 жылдығы атындағы кеңшардың механизаторы.

1972 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтының студенті. 1978 жылы Шымкент облысының Киров ауданындағы XX партсъезд атындағы кеңшардың аға бухгалтері.1980 жылы Кеңес Әскерінің қатарында қызметте болған.1982 жылы Шымкент облысының Киров ауданындағы XX партсъезд кеңшарының аудандық комитет құқығындағы комсомол комитетінің хатшысы.1983 жылы Қазақстан Компартиясы Киров аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы.1985 жылы Шымкент облысының Киров ауданындағы Мақталы кеңшарында партия комитетінің хатшысы, 1988 жылы кеңшар директоры.1991 жылы ОҚО Киров аудандық Халық депутаттары кеңесінің атқару комитеті төрағасының орынбасары.1992 жылы ОҚО Мақтаарал ауданының әкімі.1997 жылы ОҚО жаңадан құрылған Мақтаарал ауданы әкімінің бірінші орынбасары.1998 жылы ОҚО Шардара ауданының әкімі. 1999 жылы ОҚО Мақтаарал ауданының әкімі. 2002 жылы ОҚО Экономика департаментінің бастығы. 2003 жылы ОҚО әкімінің орынбасары. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жұмылдыруға дайындық, азаматтық қорғаныс, авариялар мен апаттық жағдайлардың алдын алу мен жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. 2013 жылы «Шымкент аграрлық колледжі» МКҚК-ны директоры. 2017жылы зейнеткерлікке шығып, Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары болған. Қазіргі таңда Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы болып еңбек етуде.

 

«Астана» (1998), «Ерен еңбегі үшін» (1999), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006) медальдарымен марапатталған.

 

Әскери атағы – полковник.

Мақтаарал, Шардара аудандарының Құрметті азаматы.

Түркістан облысының Құрметті азаматы (15.09.2021)

 

Тулебаев Кенжехан Атакулович

 

Тулебаев Кенжехан Атакулович родился 20 сентября 1954 года в селе Сакко-Ванцетти Мактааральского района Чимкентской области. Председатель Шымкентского городского совета ветеранов.

Окончил Казахский государственный сельскохозяйственный институт (1978), экономист-организатор сельскохозяйственного производства. Кандидат сельскохозяйственных наук (1994). Тема кандидатской диссертации: «Экономическая эффективность дефоляции хлопчатника «Сихат» на среднепластиковые сорта хлопка в условиях ЮКО». Владеет казахским и русским языками.

В 1971 году механизатор совхоза имени 40-летия Озсср Кировского района Чимкентской области.

В 1972 году студент Казахского государственного сельскохозяйственного института. В 1978 году старший бухгалтер совхоза имени XX Партсъезда Кировского района Чимкентской области.В 1980 году служил в рядах Советской Армии. В 1982 году секретарь комитета комсомола на правах райкома совхоза XX Партсъезда Кировского района Чимкентской области. В 1983 году инструктор организационного отдела Кировского райкома Компартии Казахстана. В 1985 году секретарь парткома совхоза Махталы Кировского района Чимкентской области, В 1988 году директор совхоза. В 1991 году заместитель председателя исполкома Кировского районного Совета народных депутатов ЮКО. В 1992 году аким Мактааральского района ЮКО.В 1997 году-первый заместитель акима вновь образованного Мактааральского района ЮКО.В 1998 году аким Шардаринского района ЮКО. В 1999 году аким Мактааральского района ЮКО. В 2002 году начальник Департамента экономики ЮКО. В 2003 году заместитель акима ЮКО. В 2006 году начальник Управления мобилизационной подготовки, гражданской обороны, организации предупреждения и ликвидации аварий и аварийных ситуаций Южно-Казахстанской области. В 2013 году директор ГККП «Шымкентский аграрный колледж». В 2017 году вышел на пенсию и стал заместителем председателя Туркестанского областного совета ветеранов. В настоящее время работает председателем Шымкентского городского совета ветеранов.

 

Награжден медалями «Астана» (1998), «За доблестный труд» (1999), «10 лет независимости Республики Казахстан «(2001), «10 лет Конституции Казахстана» (2005), «10 лет Парламенту Казахстана» (2006).

 

Воинское звание-полковник.

Почетный гражданин Мактааральского, Шардаринского районов.

Почетный гражданин Туркестанской области (15.09.2021)