Тәшімов Лесбек

Тәшімов Лесбек

1949 жылы 27 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Мәдени ауылында дүниеге келген.1966 жылы Түлкібас ауданында М.Әуезов атындағы орта мектепті бітірген соң, 1967 жылы Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы педагогика институтына түсіп, оны «Математика» мамандығы бойынша 1971 жылы бітіріп шықты.1981-1983 жылдар аралығында  С.Орджоникидзе  атындағы  Москваның авиациялық институтында стажер-зерттеуші бола жүріп, кандидаттық диссертациясын екі жыл ішінде мерзімінен алдын сәтті қорғап шықты.1992 жылы ССРО Жоғары аттестациялық комиссиясының шешімімен профессор атағы беріліп, 1999 жылы тамыз айында «техника ғылымдарының докторы» ғылыми атағы берілді.Л.Ташимов – 100-ден астам ғылыми-методикалық еңбектің, 2 монографияның авторы. Бірнеше мақалалары  шет мемлекеттерде, оның ішінде Чехия, Түркия, Ресей, Англия, Индия, Америка Құрама Штаттарында  басылып шықты. Түлкібас ауданының Құрметті азаматы.