Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы

 (айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Тамыз, 2019 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Nur Otan» партиясы фракцияның жетекшісі. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
Туған кезі (күні, айы, жылы) 14.01.1982 ж.
Туған жері Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы
Ұлты қазақ Білімі жоғары
Бітірген жылы 2004 ж. 2014 ж. Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық академиясы, Шымкент қ. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Білімі бойынша мамандығы Журналист, Құқықтану бакалавры
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс тілі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) жоқ
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
08.2002 03.2005 «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттерінің журналисі, Шымкент қаласы
03.2005 02.2006 «Шымкент келбеті», «Панорама Шымкента» ЖШС газеттері редакциясының меңгерушісі, Шымкент қаласы
03.2006 02.2007 ҚР «Қазақстан республикалық телерадиокорпорациясы» АҚ Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының редакторы, Шымкент қаласы
07.2007 10.2008 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты баспасөз қызметінің басшысы, Шымкент қаласы
11.2008 08.2012 «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің редакциясы» МКК директоры-бас редакторы, Шымкент қаласы
08.2012 12.2016 «Айқын» газетінің Астана қаласы тілшілер бюросының басшысы, Астана қаласы
06.2013 01.2016 «Елорда «Астана журналы» ЖШС редакциясының бас редакторы, Астана қаласы
11.2016    08.2018 Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының баспасөз қызметінің басшысы-баспасөз хатшысы, Шымкент қаласы
08.2018 08.2019 Түркістан облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы, Түркістан қаласы
08.2019 б.к.д «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Түркістан қаласы

17.02.2021

ТҮРКІСТАН: МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ МЕН ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының «Open Space» үлгісіндегі қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті. «Халыққа көмек» партиялық жобасы аясында Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев тұрғындарды онлайн және жүзбе-жүз қабылдады.

Қабылдау барысында 30-ға жуық тұрғынның сұрақтарына жауап беріліп, өтініштері қаралды. Тұрғындар негізінен әлеуметтік және материалдық көмек қажеттігі жөнінде, тұрғын үй мен жер теліміне мұқтаждық, жол, ауыз су, ағын су, газ, интернет байланысы, денсаулық сақтау және спортты дамыту мәселелері бойынша өтініш білдірді. Сонымен бірге инфрақұрылымды жақсарту, мектеп, емханаларды күрделі жөндеуден өткізу жөнінде де арыз-шағымдар тіркелді.

Тіркелген 18 арыз-өтініштің 5-еуі сол сәтте оңтайлы шешілді. Түркістан қаласының бір тұрғынына азық-түлік себеті ұсынылып, АӘК алуға кеңес берілді. Созақ ауданының тұрғыны С.Абызов және Түркістан қаласының тұрғыны А.Мухаеваға кәсіпкерлігін жандандыру мақсатында несие беруші мекеме басшылары шақырылып, құжаттарын реттеген жағдайда несие алуларына мүмкіндік бар екендігі түсіндірілді. Мақтаарал ауданынан келген О.Назаровқа ауылға қажет мәдениет үйі мен спорт кешенін реттеуге Жол картасы бойынша жұмыс атқарылатыны хабарланды.

Жалпы, қоғамдық қабылдау барысында барлық өтініштерге ҚР заңдарына сәйкес тиісті жауаптар беріліп, мәселелер бақылауға алынды.

Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға «Nur Otan» партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары. Бұл азаматтар мандатқа ие бола сала елмен тығыз жұмысты бастап кетті. Түркістан облысының барлық аудан, қалаларында қоғамдық қабылдаулар өткізіліп жатыр. Мәслихаттардың жаңа құрамы сайланғаннан кейін 2021 жылдың 11 ақпанына дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 131 кездесу өткізіп, 329 тұрғынның өтініштері мен талап-тілектерін қабылдап үлгерді. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгеріп жатыр. Партиялық фракция жұмыс барысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұстанады.

26.02.2021

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫДА ТҰРҒЫНДАРДЫ ТОЛҒАНДЫРҒАН СҰРАҚТАРҒА ЖАУАП БЕРІЛДІ

Ордабасы ауданы, Темірлан ауылында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Мақсат – облыстық басқарма басшыларын, жауапты өкілдерін, аудан әкімдігіндегі бөлім басшыларын тұрғындармен кездестіріп, олардың мұң-мұқтажын тыңдау, нақты көмек беру. Өйткені кей жағдайда тұрғындар басшылардың қабылдауына кіре алмай, арыздары ескерусіз қалып жатады. Көшпелі қоғамдық қабылдау осы кедергіні жоюға бағытталған қадам десек болады.

Онлайн форматында өткен қабылдауға облыстық басқарма басшылары, «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев, Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат  Оралбаев пен бөлім басшылары қатысты.

Қабылдауда оффлайн форматта – 13, тікелей эфир арқылы бірнеше тұрғынның арыз-шағым тыңдалды. Тұрғындар газ, ауыз су, сапалы электр қуатымен қамту, инфрақұрылымды жақсарту, жол, мектеп, аурухана салу мәселелерін көтерді.

Қоғамдық қабылдауда Шұбарсу ауылында халыққа қызмет көрсету орталығын ашу мәселесі көтерілді. Аудан әкімінің орынбасары ауылда кәсіпкерлермен келіссөз жүргізіліп жатқанын, жақында ғимарат алынып, халыққа қызмет көрсету орталығының мамандары сол нысанда жұмысқа кірісетінін айтты. Осы арқылы шұбарсулықтар құжаттарын реттеу үшін Темірланға сабылмайтын болды.

Шұбарсулық тағы бір тұрғын Ұ. Баранова немересінің денсаулығын тексерту, мүгедектікке шығару жөнінде шағымын жеткізді. Бұл мәселе де партиялық бақылауға алынды. Аудандағы денсаулық сақтау саласына жауапты басшылар жеткіншекті тексеруден өткізетін болды.

Бөгендік А.Досанов ауылдағы ескі медициналық нысанды кәдеге жарату жөніндегі ұсынысын айтты. Бұл сұраққа Түркістан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Әсия Темірбаева жауап берді. Оның айтуынша, аталған ғимараттан оңалту орталығы ашылып, қыркүйек айына дейін пайдалануға беріледі. Бадам ауылы, «Орда» шағынауданында инфрақұрылымды жақсарту жөніндегі Б.Айдаровтың өтініш де ескерусіз қалмайды. Су, электр мәселелері биыл шешіледі. Сонымен бірге Ұялыжар ауылындағы Ш.Уәлиханов көшесін асфальттеу мәселесі де журыда шешімін таппақ. Жол мәселесін көтерген Ж.Елтаевқа осындай нақты жауап берілді.

Қоғамдық қабылдауда осы және өзге де сұрақтарға тиісті жауаптар берілді. Әрбір өтініш назарға алынып, жұмыс жүргізіледі.

«Қазір елде мәселе көп. Өкінішке қарай, кейбір азаматтардың өтініштеріне жергілікті органдардан дер кезінде жауап берілмейді немесе кей тұрғындар қайда шағымданарын білмейді. Басшылардың қабылдауына кіруге сәті түспей жүрген азаматтар да бар. Бұл ретте біз «Nur Otan» партиясының көшпелі қоғамдық қабылдауларын өткізу арқылы осы олқылықты жоюға үлес қосып келеміз. Яғни, көшпелі қоғамдық арқылы ел басшыларды емес, басшылар елді іздеп, арыз-шағымдарын тыңдайды. Бүгінде Түркістан өңірінде облыстық және аудан, қалалардағы мәслихаттардағы нұротандық 263 депутат кестеге сай үзіліссіз қоғамдық қабылдаулар өткізіп келеді. Өңірдегі өзекті мәселелер, тұрғындардың ұсыныс-тілектері партиялық бақылауға алынады», – дейді партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев.

ТҮРКІСТАНДА 150-ДЕН АСТАМ ОТБАСЫҒА АЗЫҚ-ТҮЛІК СЕБЕТТЕРІ ҮЛЕСТІРІЛДІ

Түркістан қаласында аз қамтылған 150-ден астам отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Қасиетті Рамазан айындағы игі іске «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің ұжымы мен «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы бірлесіп ұйытқы болды.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың айтуынша, жақсылыққа жаны құмар жандардың бұл әрекеті – көпке үлгі. Тағылымы мол іс-шара республикалық «Biz birgemiz» акциясы аясында өз жалғасын табуда.

«Өңірдегі тұрмысы төмен жанұяларға азық-түлік себеттерін табыстауды дәстүрге айналдырдық. Әрине, қайырымдылық шарасын елдің алғысын алу үшін ұйымдастырып отырмыз. Бұдан бөлек, қаладағы саябақтарға көшет отырғызып, облыс орталығын жасыл қалаға айналдыруға атсалысып келеміз. Мақсатымыз – қаланың гүлденуіне үлесімізді қосып, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыруға көмек беру», – «Түркістан облысы бойынша жауынгерлік өнер қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы, қалалық мәслихат депутаты Дәурен Тәңірбергенов.

Тұрмысқа қажетті ас-суды таратуға Жансерік Жұман бастаған «Jas Otan» жастар қанатының белсенді жастары мен еріктілер жәрдем берді. Қайырымдылық іс-шарасының шарапатын көрген жандар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ: САЙРАМДЫҚТАРДЫ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?

Сайрам ауданында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының кезекті көшпелі қоғамдық қабылдауы өтті. Оған «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Аңсар Өсербаев және облыстық басқарма басшылары мен мәслихат депутаттары қатысып, тұрғындардың өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады.

 Қабылдауға келген Ф.Файзуллаев Сайрам ауданы, Манкент елді мекенінде орналасқан мектеп-интернаттың жаңа ғимаратының құрылысына қатысты сметалық құжаттамасын қайта есептеу және құрылыс жұмыстарына қаржы қарастыру мәселесін көтерді. Түркістан облысы Адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Садықова аталған нысан құрылыс басқармасына өткенін, облыстық мәслихтқа ұсынылатынын жеткізді. Фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев әріптестері бекасыл Төлендиев пен Динара Егамбердиевамен бірге бұл мәселені бақылауда ұстайтындарын айтты.

Жергілікті тұрғын Сихымбай Сағындықов аудан аумағында елді мекендерді 100% табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында сараптама қорытындылары алынған 3 табиғи газ желісінің құрылысына қажетті қаржы қарастыру мәселесін көтерді. Тиісті басқарма басшысы бұл мәселе 1-2 ай көлемінде шешілетіндігін, 3,2 млрд. теңге республикалық бюджеттен бөлінгенін айтты.

Ақсукенттік Ахмет Усманов Семей ядролық полигонының ардагерлеріне арнап салынған арнайы бөлмені талапқа сай етіп жөндеу және жабдықтану жөнінде өтініш айтты. Облыстық мәслихат депутаты Б.Төлендиев өз тарапынан кеңсе заттарын алып беруге және ғимаратты күрделі жөндеуден өткізіп беретінін айтты. Мәселе шешімін тапты. Ал Нина Массольд пайдаланып отырған газға төлемақысын уақтылы төлей алмағандықтан өсімпұл қосылған. Тұрғын өсімпұлмен бірге төлей алмайтынын айтып шағымданды. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Әбілхан Абдикаримов өтініш иесінің мәселесін назарға алып, төлеу уақытын арнайы кесте бойынша 6 айға бөліп төлеуге ықпал етті.

Қоғамдық қабылдауда өзге де азаматтардың өтініштері қаралды. Тұрғындар инфрақұрылым, білім, медицина нысандарын салу және жөндеу бойынша мәселе көтерді. «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев аталған мәселелер партия бақылауында болатынын жеткізді. Тұрғындардың өтініштерін жіті бақылауға алып, жанашырлық танытқан басқарма басшылары мен мәслихат депутаттарына және Сайрам ауданы әкімдігіне ризашылығын білдіріп, бірлескен жұмыс жалғасатынына сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

ТҮРКІСТАН: ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ХАТШЫСЫ МЕН ФРАКЦИЯ ЖЕТЕКШІСІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

 

Бүгін «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде кезекті қабылдау өтті. Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев пен «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев онлайн режимде тұрғындардың өтініштерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауда партия филиалының фейсбук және инстаграмм әлеуметтік желілеріне түрлі сұрақтар мен өтініштер түсті. Олардың басым бөлігі жақында өтетін әкімдер сайлауына, әлеуметтік жағдай, қоршаған ортаны қорғау, арнаулы оқу орындарына грант бөлу, және тағы басқа мәселелерге қатысты болды.

Облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев Түркістан облысы құрылғалы өңірде ауқымды жұмыстар атқарылғанын тілге тиек етті.

«Бұрын қоғамдық қабылдауларда инфрақұрылым, су, газ, жол мәселелері өте жиі көтерілетін. Қазіргі таңда бұл бағыттар бойынша өтініштер мен сұрақтар азайды. Осы арқылы өңірде, Түркістан қаласында нақты жұмыстар атқарылып жатқанын білуге болады», – деді мәслихат хатшысы.

Ал «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Бейсен Тәжібаев тікелей эфир барысында түскен әрбір өтініш пен сұрақ хаттамаға енгізіліп, тиісті жауаптар берілетінін айтты. Сонымен бірге алдағы саяси бетбұрыс – әкімдер сайлауы туралы сұрақтарға жауап берді.

«Биыл елімізде бірінші рет ауылдарда әкім сайлауы өткізілмек. Ол сайлауға ешқандай партияда тіркелмеген үміткерлер де қатыса алады. Дегенмен олардың қоғамдық жұмыста, мемлекеттік қызметте, жалпы басшылық пен үйлестіруде тәжірибелері болулары тиіс. Ел алдындағы жауапкершілікті көтеру оңай іс емес», – деді ол.

«Nur Otan» партиясының Түркістан облысындағы филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 2021 жылдың қаңтар-маусым айларында 1380 қабылдау жүргізіліп, 3666 тұрғынның мәселелері қаралды. Оның ішінде: барлық деңгейдегі мәслихаттағы партия фракциясы депутаттары 792 жеке қабылдау жүргізіп, 2168 азаматтың өтініштері назарға алынған.