Тәжібаева Гүлбахира Қалмұханқызы

(айы,жылы) Қаңтар, 2021 ж. Шілде, 2020 ж.
Бастап (қай шақырылым депутаты және негізгі қызмет орны, лауазымы толық көрсету қажет) Жетінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының депутаты. «Шарбұлақ» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК сенімгерлік басқарушысы
Туған кезі (күні, айы, жылы) 02.07.1972 ж
Туған жері Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы
Ұлты қазақ Білімі Жоғары
Бітірген жылы 1994 ж.   2003 ж. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент қ. Қ.А.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Шымкент қ.
Білімі бойынша мамандығы Бастауыш класс мұғалімі. Мемлекеттік және жергілікті басқару.
Қандай шетел тілдерін немесе ТМД халықтарының тілдерін біледі Орыс тілі Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы жоқ
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары бар ма (қандай, алған жылы) «Халық алғысы» медалі (2020 ж.)
Партияға қатыстылы «Nur Otan» партиясының мүшесі
 
Келген / Кеткен айы және жылы БҰРЫНҒЫ ЖҰМЫСЫ
07.1992 ж 08.1992 ж Орман шаруашылығы кәсіпорнының жұмысшысы
09.1992 ж 12.1992 ж «Лесхоз» мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі
12.1992 ж 03.1997 ж «Сервис Трактор ЛТД» кәсіпорнының бухгалтері
03.1997 ж 04.1998 ж «Банк Туран-Алем» ОҚФ бухгалтері
12.1998 ж 04.2003 ж ОҚО еңбек, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің маманы, жетекші маманы
06.2004 ж 07.2010 ж «Парламент» ШҚ төрағасының орынбасары
01.2011 ж 10.2016 ж «Парламент» ШҚ, бухгалтер
10.2016 ж 07.2018 ж «Сенім Жүрек» мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігі төрайымының орынбасары
07.2018 ж. 07.2020 ж. «Ұмай ана» ЖК басшысы
07.2020 ж. б.к.д. «Шарбұлақ» бөбекжай-балабақшасы» МКҚК сенімгерлік басқарушысы

28.01.2021

Түркістан облыстық мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау өткізді

2021 жылғы 28 қаңтарда «Nur Otan» партиясының Қазығұрт ауданы филиалы ғимаратындағы қоғамдық қабылдау бөліміне, Түркістан облыстық мәслихат депутаты Гульбахира Тажибаева аудан тұрғындарын қабылдады.

Қоғамдық қабылдауға Қазығұрт ауданының тұрғындары әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлік салаларындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы өздерінің өтініш- тілектерін айтып өтті. Келушілердің жағдайымен танысқан Гульбахира Қалмұханқызы, көкейкесті мәселелерді заң аясында шешу үшін әрекет ететіндігін жеткізді.

Қазығұрт ауылының тұрғыны Тағаева Айгерім Дүйсембекқызына көпбалалы аналардың әлеуметтік қорғау бойынша сұрағына. Жуық арада мүгедек балаларды күту 16 жастан 18 жасқа ұлғайту мақсатында заң жобасы қаралып жатқандығын Гульбахира Тажибаева түсіндіріп өтті. Өз кезегінде, Айгерім Дүйсембекқызы осы сала бойынша сұрағының толық қанағаттанғандығын айтты.

Қазығұрт ауылының тұрғыны  Тұрлыбекова Балнұр Алтынбекқызы өзінің келіні Ерменбай Гүлдана Хамрақұлқызының қол өнерімен айналысатындығын және өзінің қолынан жасаған бұйымдарын көрсетті. Жас кәсіпкер өз кәсібін кеңейту үшін не әрекет жасау керектігін сұрады.

Өз кезегінде, Гульбахира Тажибаева бизнесті бастаудағы қажетті мемлекеттік қолдауларды, оның ішінде «Жас кәсіпкер» бағдарламасын, гранттар алу бойынша таныстырып өтті.

Қорыта айтқанда, келген Қазығұрт ауданы тұрғындарының басқа да, ұсыныс-тілектерінің жауапсыз қалмайтындығын, әрдайым бақылауда болатындығын айтып өтті.

12.02.2021

«Nur Otan» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің ұйымдастыруымен 2021 жылдың 12 ақпан күні «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бірыңғай тақырыптық қабылдау Республикалық акциясы өтті.

Акцияның мақсаты – Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әлеуметтік жағдайларын жақсарту туралы тапсырмасын жүзеге асыру. Кездесуге 20 жуық аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарының арыз-шағымдарын тыңдап, көкейкесті мәселелерін талқылап, оларды шешу жолдары қарастырылды.

Қабылдауда болған аудан тұрғындарының көтерген мәселелері тұрғын үй мәселесі, оңалту орталығынан ем қабылдау, мүгедіктікке шығу, тегін берілетін дәрі дәрмектің уақытылы берілмеуі т.б. мәселелер.

Алдағы уақытта да аталған акция аясында жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Қабылдауда болған азаматтар аудандық «Nur Otan» партиясына және де мемлекеттік қызметкерлерге алғыстарын жеткізді.

25.02.2021

2021 жылғы 25 ақпан күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Г.Тәжібаева Қазығұрт ауданы тұрғындарымен қоғамдық қабылдау өткізіп, өтініштері мен ұсыныс-тілектерін тыңдады.

Қоғамдық қабылдауда болған азаматтардың көтерген мәселелері:

  1. Сарапхана ауылының тұрғыны, Майлыошақ ауылының имамы Т.Темірбаев 1200-ге жуық халық (144 отбасы) тұратын ауылға 300 балаға арналған Ахмет Байтұрсынов мектебінің құрылысына қаржы бөлуге ықпал етуді сұрады. Бүгінде 10 жылдық тарихы бар мектепте оқушылар екі аусыммен оқиды екен. Ауыл халқының саны күн санап өсіп жатқандығын тілге тиек етті.
  2. Қазығұрт ауылының тұрғыны, жалғыз басты ана Г.Ташенова 2012 жылдан бері үй кезегінде тұрғандығын және кезегі әлі келмегендігін айтып, шағымданды.
  3. Қазығұрт ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Б.Бейсенова атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырғанымен, мүгедектікке алатын жәрдемақысы есебінен табыс көзінің асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек ала алмағандығына шағымданды.
  4. Қазығұрт ауылының тұрғыны Ә.Шәкірова табиғи газға қол жеткізе алмай келе жатқанын айтып, көмек сұрады.
  5. Қарабау ауылының тұрғыны М.Жайынов Құларық елді мекенінде орналасқан өтпелі көпірдің салынғанына 45 жыл болғанын, ескіргенін айтып, жобасы жасалып қойған көпірдің құрылысына қаржы бөлуге ықпал жасауды сұрады.
  6. Қазығұрт ауылының тұрғыны, көпбалалы ана Г.Құрбанова үй кезегіне тұрғызуға, әлеуметтік көмек көрсетілуіне көмек сұрады.

Қоғамдық қабылдау барысында депутат Г.Тәжібаева көтерілген мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізіп, Заң аясында шешілуіне ықпал ететіндігін жеткізді.

Канвассинг-кездесулер

2021 жылы 19-20 наурыз күндері облыстық мәслихат депутаты Г.Тәжібаева Қазығұрт ауданы Сарапхана, Қ.Мәмбетов, Жігерген, Қарабау елді мекенденінің тұрғындарының үйлерін аралап, жергілікті халыққа «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды.

Тұрғындар да алғыстарын білдіріп, өз талап-тілектерін жеткізді. Депутат әрбір тұрғынның ұсынысысы назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.

26.03.2021 ж.

Қоғамдық қабылдау

Түркістан облыстық мәслихатының депутаты  Г.Тәжібаева 2021 жылғы 26 наурыз күні «Nur Otan» партиясы Қазығұрт  аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Кездесуге келген аудан тұрғындары  әлеуметтік мәселелерді көтерді. Келген азаматтарға заң аясында  түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

24.06.2021 ж.

КӨШПЕЛІ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

 2021 жылғы 24 маусымда Түркістан облысының депутаты Гүлбахира Тәжібаева Қазығұрт ауданына қарасты елді-мекендердің тұрғындарымен көшпелі қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау барысында тұрғындар қысқы мал азығын дайындау, ауыз су, жол, байланыс, электр, газ, мал жайылымы және тағы басқа әлеуметтік мәселелерді көтерді.

Өз кезегінде депутат Гүлбахира Тәжібаева «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 5 жылдық сайлауалды бағдарламасында барлық салалардың қамтылғанын және алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешімін табатындығын түсіндіріп өтті.

13.07.2021 ж.

ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУ

 2021 жылғы 13 шілде күні Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Гүлбахира Тәжібаева Қазығұрт ауданындағы Тұрбат ауыл округіндегі облыстық маңызы бар КХ-43 автомобиль жолының құрылыс жұмыстарымен танысып, Қызылдихан елді мекеніндегі ауыз су және электр жүйелерінің мәселелері бойынша тұрғындармен кездесті.

Депутат Гүлбахира Тәжібаева алдағы уақытта инфрақұрылымға қатысты мәселелердің бақылауға алынып, тиісті басқарма басшыларымен және аудан әкімімен бірлесе отырып, бюджеттен қаржы бөлдіру бойынша тиісті жұмыстар жасалынатынын жеткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаты 29.07.2021 жылы Түркістан облысы, «Nur Otan» партиясының Ордабасы аудандық филиалы мен Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарымен бірге, аудандағы ерекше зәрулігі бар азаматтарға қол жетімді ортаны қалыптастыру мақсатында, аудандағы бірқатар мекемелерді аралады.

Аудандағы іргелі спорт нысандары мен аудандық мәдениет үйі, «Атамекен» кәсіпкерлер орталығы «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалының жаңа ғимаратын және күрделі жөндеу жүргізіліп жатқан аудандық орталық аурухана мекемелеріне барып, қолжетімді ортаны қалыптастырудың негізі – мемлекеттік және жекеменшік қарамағындағы қоғамдық мекемелерге, ерекше зәрулігі бар азаматтардың кіріп- шығуына қолайлы жағдай жасалуы туралы талқылады.

Сонымен бірге, ерекше зәрулігі бар азаматтардың қоғамға араласуы үшін, бүгінгі анықталған кемшіліктерді саралап, аталған кемшіліктерді түзеу жұмыстарын жүргізу туралы, нақты ұсыныстар берілді. Алдағы уақытта аталған ұсыныстардың іске асырылуы, жіті назарда ұсталатын болады. Ерекше азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту – әрбір ел азаматтарының міндетті болуы керек.

Депутат қоғамдық санамызға түбегейлі үлкен өзгеріс керектігін, ерекше зәрулігі бар жандардың өмір сүруіне, қоғамдық орындарда емін-еркін, жүріп- тұруына жағдай жасауымыз керек. Себебі, сол ерекше жандар, біздің бауырымыз, осы қоғамның толық мүшесі, қоғамдағы әрбір азамат осындай ерекше жандарға көмек қолын созуға міндетті. Ерекше жандарда, жақсы өмір сүруге құқылы деп айтып өтті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Г.Тәжібаева Қазығұрт ауданының Тұрбат және Қ.Абдалиев ауыл округтерінің жаңадан сайланған әкімдерімен кездесті

Түркістан облысында 2021 жылы 25 шілдеде 60 ауыл округі бойынша ауылдардың, кенттердің, ауыл округтерінің, оның ішінде Қазығұрт ауданында Тұрбат, Қ.Әбдәлиев, Жігерген, Қарабау, Көкібел ауыл округтерінде ауыл әкімдерінің сайлауы өткен болатын.

Әкім болу – өте абыройлы да жауапты жол. Ең алдымен, өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, проблемалар картасын жасау. Оның ішінде басымдыққа ие жобаларды нақтылап, шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізу қажет. Ең бастысы – әлеуметтік мәселе. Жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға күш салу, жаңа кәсіпорындар ашып, инвестиция тарту керек. Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын арттыру, қоқыс полигондарының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету керектігі жөнінде ауыл әкімдеріне облыс әкім Өмірзақ Шөкеев тапсырма берген болатын.

Осыған байланысты, облыстық мәслихаттың депутаты екі ауыл әкімімен кездесіп, проблемалық мәселерді талқылап, өзектілігі бойынша шешу жолдарын қарастырды. Пікір алмасу барысында ауылдарда құрылған қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл билері мен ауыл белсенділерінің қатысуымен бірлесе, ұсыныс пікірлерін ескере отырып “проблемалық картаны” әзірлеу қажет екендігін депутат айтып өтті және проблемалық мәселерді шешуге көмек беретіндігін жеткізді.

Облыстық мәслихаттың депутаты Г.Тәжібаева Қазығұрт ауданы, Қарабау және Жаңабазар ауыл округтерінің әкімдерімен кездесті

«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысын депутат Г.Тәжібаева 18.09.2021 жылы ауыл әкімдерімен талқылады.

Ең алдымен, өзекті мәселелерге талдау жүргізіп, проблемаларды саралау. Оның ішінде басымдыққа ие жобаларды нақтылап, шешу жолдары бойынша ұсыныстар енгізу.

Ең бастысы – әлеуметтік мәселе. Жаңа жұмыс орындарын ашып, тұрғындарды жұмыспен қамтуға күш салу, жаңа кәсіпорындар ашып, инвестиция тарту керек. Тазалық, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын арттыру, қоқыс полигондарының санитарлық жағдайын ретке келтіріп, қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету керектігін айтты.

Ауылдарда құрылған қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл билері мен ауыл белсенділерінің қатысуымен бірлесе, ұсыныс пікірлерін ескере отырып жұмыстарды жандандыру қажеттігін, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру барысы Партияның қадағалауында екендігін жеткізді.

Көшпелі қоғамдық қабылдау

Облыстық мәслихаттың депутаты Г.Тәжібаева 30.09.2021 жылы Қазығұрт ауданы, С.Рахимов ауыл округінде қоғамдық қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға ауыл билері, белсенді азаматтар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының орындалуымен таныстырып, 2025 жылға дейін ауыл округінде атқарылатын жұмыстармен бөлісті. «Nur Otan» партиясының сайлау алды бағдарламасында уәде етілген жұмыстар атқарылып жатқандығына ризашылықтарын білдіріп, алдағы уақытта жайылым жер, су, жарық мәселелері бойынша менің атыма өтініш қалдыратындықтарын жеткізуде қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар. Өз кезегінде депутат көтерілген мәселелер бойынша алдағы уақытта зерделеп, шешу жолдарын қаралатындығын айтып өтті.

Облыстық мәслихаттың депутаты Г.Тәжібаева облыс орталығындағы облыстық Жастар ресурстық орталығына қонақ болып, жастардың басты бағдаршамы болып отырған орталықтың жай-күйімен танысты. Жастар тарапы жаңа ойда жүрген жоспар-жобаларымен, өз ойларымен бөлісіп, жалындап тұрған жастармен еркін сұхбат құрды.

«Қазақстанның болашағы сіздерге – сіздердің білімдеріңізге, күш-жігерлеріңіз бен патриоттық сезімдеріңізге байланысты. Қазір қолға алынған жұмыстардың бәрі сіздердің бақытты өмірлеріңіз, сондай-ақ өз әлеуеттеріңіз бен мүмкіндіктеріңізді толық жүзеге асыра алу үшін атқарылып жатыр», – деген Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың ойы – жастарға үлкен сенім мен жауапкершілік артады.

Еліміздің негізгі партиясы – «Nur Otan» әрдайым жастарға лайықты жағдай жасау мақсатын ұстанады, әрі сол мақсаттарға жетеді.

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБА, КЕН ОРЫНДАРЫНА МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Ағымдағы жылдың 12 қазан күні өткен Түркістан облыстық мәслихатындағы «Nur Otan» партиясы фракциясы жиналысында, облыс аумағындағы пайдалы қазба, кен орындарындағы заң талаптарының сақталуын анықтау үшін, жұмысшы топ құрып, арнайы зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын.

Соған байланысты 18 қазан күні, «Nur Otan» партиясынан облыстық маслихат депутаттары Н.Аширов, Г.Тәжібаева, Қазығұрт ауданынының аға прокуроры Д.Абитов, Қазығұрт АПБ ЖПҚ Табиғатты қорғау тобының инспекторы, полиция капитаны М.Мекенбай, Қазығұрт аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Б.Усербаев, аудандық партия филиалының консультанты А.Момынқұлов аудан аумағындағы жер қойнауын пайдаланушылардың жұмысына мониторинг жұмыстарын жүргізді.

Жұмысшы топ, бірінші болып Қызылқия ауыл округі, Айнатас елді мекені, Келес өзенінің бойында орналасқан құмды-қиыршық тас өндіруші «Шымкентдорстрой» ӨК-нің жұмыстарымен таныстық.

«Шымкентдорстрой ӨК» ЖШС-і 9,6 гектар жерден 22.11.2005ж. №230 келісім-шарт негізінде 50 мың м3 құм-шағал қоспасын өндіріп, жол құрылысы объектілеріне пайдаланады. Келісім шарттың аяқталу мерзімі 21.11.2030 ж.

Мониторинг жұмыстарының соңында, облыстық маслихат депутаттары тарапынан, «Шымкентдорстрой» ӨК-нің өндірген шағал, құм, қиыршық тас сынды құрылысқа қажетті өнімдерінің тек қана 3-4 ауылға емес, аудан тұрғындары мен ауданда жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге қол жетімді болуы қажеттігін, осы бағытта тиісті жұмыстарды атқару керектігі ескертілді.

Мониторинг жұмыстары, Қ.Абдалиев ауыл округі, Амангелді елді мекені маңындағы, Бағаналы шоқтығында орналасқан, гипс және ангидрит шикізаттарын өндіруші «Асыл-Тас-Альянс» ЖШС жұмысымен танысумен жалғасты.

«Асылтас-Альянс» ЖШС-і 23,4 гектар жерден 25.11.2008ж. №449 келісім шарт негізінде жылына 30 мың м3 гипс және ангидрит өндіреді. Өндірілген өнім медицина саласына және құрылысқа пайдаланады. Келісім шарттың аяқталу мерзімі 2033 ж.

Мониторинг жұмыстарының нәтижесінде, «Асыл-Тас-Альянс» ЖШС басшылығына, Бағаналы шоқтығы маңындағы, бұрынырақта қазылған қазба орындарын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу (рекультивация) қажеттігі ескертілді.

Ал арнайы кестеге енгізілген, үшінші нысан, Шанақ ауыл округі, Ақжар елді мекенінде орналасқан, күйдірілген қыш дайындауға арналған балшық өндіруші «Батсу- Су-жүйесі» ЖШС болатын.

«Батсу Су-жүйесі» ЖШС-і 50 гектар жерден 23.11.2020ж. №27 лицензия рұқсатымен топырақ алу жұмыстарын бастап, лицензия мерзіміне сәйкес 2030 жылға дейін жұмыс жасау керек болатын. Алайда, Түркістан облысының инвестиция және экспорт басқармасы тарапынан жер қойнауын пайдаланушы тарапынан келісімшарттың аумағын мемлекетке қайтару және жер қойнауын пайдалану операцияларының әсерін жою міндеттемелерін орындау үшін «Батсу-Су-жүйесі» ЖШС-не берілген лицензияның қолданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы» 22.06.2021ж. №33 н/қ бұйрығына сәйкес қызметін тоқтатқан.

Айта кетерлігі, Қазығұрттың жерінен алынып жатқан пайдалы қазбалар, бірінші кезекте жергілікті тұрғындардың сұранысын қамтуы тиіс. Және ең бастысы, қоршаған ортаны сақтау, табиғатты аялау жұмыстарын бірлесе отырып ұйымдастыру керек.

Бұл бағытта облыстық маслихат депутаттары мен жергілікті құзырлы органдар, жергілікті белсенділермен бірлесіп алдағы уақытта да тиісті партиялық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.